6003-25-00-3к/142
2025 жылғы 21 тамыз Астана
қаласы
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші- сот төрағасы А.М.Жұмағұлов , судьялар Қ.А .Мусетов, Г.Б.Даулетова, Қазақстан Республикасының Бас прокур орының аға көмекшісі А.Төремұратұлының,
өзіне қатысты əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргіз іліп жатқан тұлға Б.Е. Мұқанн ың , оның қорғаушысы- адвокат Е.Ж.Шымыркуловтың қатысуларымен,
кассациялық тəртіппен ашық сот отырысында Жамбыл облысы Шу аудандық сотының 2024 жылғы 12 тамыздағы, Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі жəне 26 қарашадағы қаулыларына Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығымен келіп түскен
Батыр Ержанұлы Мұқанға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан əрі - ӘҚБтК) 608- бабының 6 -бөлігі бойынша əкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, А Н Ы Қ Т А Д Ы:
Жамбыл облысы Шу аудандық сотының 2024 жылғы 12 тамыздағы қаулысымен Батыр Ержанұлы Мұқанның əрекеті ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігінен, осы баптың 8-бөлігіне қайта сараланып, оған 738 400 теңге айыппұл салынған.
Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз, Б.Мұқан мен оның қорғаушысы Е.Шымыркуловтың апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.
Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2024 жылғы 26 қарашадағы қаулысымен іс бойынша қабылданған қаулыларды жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша қайта қараудан бас тартылып, Б.Мұқанның шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде жəне қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тəртіппен іс бойынша шығарылған сот актілерін қайта қарауды ұсынады.
Кассациялық наразылық дəлелдерін қолдаған прокурор А. Төремұратұлының, Б.Е. Мұқан мен оның қорғаушысы Е.Шымыркуловтың түсініктемелерін тындап, іс материалдарын зерделеп, сот алқасы келесі тұжырымға келді. ӘҚБтК-нің 851-бабы 5-бөлігіне сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тəртіппен қайта қарауға: қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын; қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын; қабылданған қаулы соттардың, уəкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.
Іс құжаттарына сəйкес Батыр Ержанұлы Мұқан (Шу станциясы Желілік полиция бөлімінің жедел уəкілі) көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, 2024 жылғы 28 шілдеде сағат 01:20 шамасында алкогольдік масаң күйде Жамбыл облысы, Шу қаласы, Сейфуллин көшесінде «LADA-21214» маркалы, мемлекеттік белгісі 806/08 автокөлігін басқарғаны анықталған. Осыған орай полициямен Б.Мұқанның əрекеті ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен сараланып, іс материалдары сотқа жіберілген.
Соттар Б.Мұқанның əрекеті ӘҚБтК-нің 608-бабының 6- бөлігімен саралауға жатпайтынын, бұл норманың санкциясында тек 20 тəулікке қамаққа алу жазасы көрсетілгенімен негіздеп, оның əрекетін осы баптың 8-бөлігімен саралаған. Жергілікті соттардың бұл тұжырымдары iстiң нақты мəнжайлары туралы дəлелдемелеріне сəйкес келмеуіне жəне əкімшілік жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданбауына байланысты келесі негіздермен өзгертілуге жатады. ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігі бойынша жауаптылық ӘҚБтК-нің 50- бабының 2-бөлігіне сəйкес қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған əрекеттер үшін туындайды.
Бұл адамдардың шектеулі тізбесі ӘҚБтК-нің 50-бабының 2- бөлігінде нақты белгіленген, оларға: жүктi əйелдер жəне он төрт жасқа дейiнгi балалары бар əйелдер, он сегiз жасқа толмаған адамдар, бірінші жəне екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан əйелдер, алпыс үш жастан асқан еркектер жəне он төрт жасқа толмаған балаларын жалғыз өзі тəрбиелеп отырған еркектер жатады. Алайда, құқық бұзушы Б.Мұқан бұл адамдардың санатына жатпайды.
Б.Мұқан істі сотта қарау кезінде полиция қызметкері болған (Шу станциясы Желілік полиция бөлімінің, Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уəкілі), сəйкесінше ӘҚБтК-нің 32-бабының 2-бөлігіне сəйкес оған қамаққа алу түріндегі жазаны қолдануға болмайды.
«Соттардың ӘҚБтК-нің Жалпы бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мəселелері туралы» Жоғарғы Соттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №12 Нормативтік қаулысының (бұдан əрі – Нормативтік қаулы) 12-тармағында жасағаны үшін əкімшілік қамаққа алу түрінде жаза көзделетін əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде судьялардың əкімшілік қамаққа алуды қолдануды болдырмайтын ӘҚБтК-нің 32 жəне 50-баптарының 2-бөліктерінде көзделген мəнжайлардың болғанын немесе болмағанын мұқият анықтағаны жөн делінген.
Сондай-ақ істі қарау кезінде, егер ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігі бабының санкциясымен əкімшілік қамаққа алу түріндегі баламасыз жазаны ғана қолдану көзделсе, соттың ӘҚБтК-нің 32бабының 1-бөлігінде аталған адамға қатысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтататынын ескергені жөн. Осы адамға қатысты құқық бұзушылық туралы материалдар оны тəртіптік жауаптылыққа тарту туралы мəселені шешу үшін тиісті органдарға жолданады, бұл туралы сот қаулысының қарар бөлігінде көрсетіледі (Нормативтік қаулының 12-1-тармағының 4 жəне 5-абзацтары). Бұл нормалар жергілікті соттардың назарынан тыс қалған жəне əкімшілік жауаптылық туралы заңы дұрыс қолданылмаған. ӘҚБтК-нің 840-бабының 1) жəне 2) тармақшаларына сəйкес судьяның қаулысында жазылған iстiң нақты мəн-жайлары зерттелген дəлелдемелерге сəйкес келмеуi жəне əкімшілік жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы іс бойынша қабылданған қаулыны өзгертуге негіз болып табылады.
ӘҚБтҚ-нің 822-бабының 2-бөлігіне сəйкес əкімшілік іс бойынша қаулы заңды жəне негізделген болуы тиіс. Қабылданған соттың актілері осындай санаттағы істер бойынша қабылданған қаулыларға қайшы келеді жəне құқық нормаларын қолданудағы бірізділікті бұзатын жағдайға жатады, сəйкесінше ӘҚБтК-нің 851-бабының 5- бөлігіне сəйкес кассациялық тəртіппен өзгертуге негіз болып табылады. Осыған байланысты жергілікті соттардың Б.Е.Мұқанға қатысты сот қаулылары өзгертіліп, оның əрекеті ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігінен, осы баптың 6-бөлігіне қайта сараланып, ӘҚБтК-нің 32-бабының талаптарына сəйкес Б.Е.Мұқанға қатысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтатып, құқық бұзушылық туралы материалдар оны тəртіптік жауаптылыққа тарту туралы мəселені шешу үшін жұмыс орны бойынша Жамбыл облысының көліктегі полиция департаментіне жолдануға жатады.
Адвокат Е.Ж.Шымыркуловтың Б.Е.Мұқанға қатысты берілген медициналық куəландыру қорытындысы өрескел бұзушылықпен рəсімделгендіктен істі тоқтату туралы уəждері негізсіз, себебі кассациялық сатыдағы сотта жаңа дәлелдемелер зерделенуге жатпайды. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасарының кассациялық наразылығы ішінара қанағаттандыруға жатады. ӘҚБтК-нің 851-бабын басшылыққа ала отырып, қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Жамбыл облысы Шу аудандық сотының 2024 жылғы 12 тамыздағы, Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі жəне 26 қарашадағы Батыр Ержанұлы Мұқанға қатысты əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылары өзгертілсін. Батыр Ержанұлы Мұқанның əрекеті ӘҚБтК-нің 608бабының 8-бөлігінен ӘҚБтК-нің 608- баптың 6-бөлігіне қайта саралансын.
ӘҚБтК-нің 32-бабының талаптарына сəйкес Батыр Ержанұлы Мұқанға қатысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылсын, құқық бұзушылық туралы материалдар оны тəртіптік жауаптылыққа тарту туралы мəселені шешу үшін Жамбыл облысының көліктегі полиция департаментіне жолдансын.
Қаулылардың қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығы ішінара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
А.М.Жұмағұлов
Қ.А .Мусетов
Г.Б.Даулетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.