6001-16-00-6АП/81
Қ А У Л Ы
2016 жылғы 22 қыркүйек Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья Т.Қ. Баратбеков,
судьялар М.Т. Балкен, Н.Ө. Жолдасбеков,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Департаментінің аға прокуроры Ч[...] қатысуымен,
кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылғы 3 ақпандағы қаулысына келтірген наразылықпен түскен
С[...] қатысты 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық – бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі ӘҚБтК) 355-бабының 2-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы :
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылғы 3 ақпандағы қаулысымен С[...] ӘҚБтК-нің 355-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылған.
Бас Прокурордың орынбасары наразылығында іс бойынша қабылданған соттың қаулысымен келіспей, оның күшін жойып, әкімшілік істі әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты қысқартуды сұраған. Наразылықты қолдаған прокурорды тыңдап, іс материалдарын зерделеп, мамандандырылған сот алқасы прокурордың наразылығы төмендегі негіздермен ішінара қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келді.
Бірінші сатыдағы сот С[...] әрекетінде ӘҚБтК-нің 355бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың құрамы бар деген тұжырымды, оған қатысты толтырылған хаттамаға, полиция қызметкері У[...] дайындаған С[...] түсініктеме жазудан және хаттамаға қол қоюдан бас тартуына байланысты жасаған актімен және азаматтар Н[...], К[...], [...] жазбаша түсініктемелерімен негіздеген.
Алайда, соттың бұл тұжырымы заң талаптарына сәйкес келмейтініне байланысты негізсіз.
Іс бойынша белгілі болғандай, «Алматы-Дөнер» кафесінің жұмысшыларын негізсіз Атырау қаласының Ішкі істер басқармасына (бұдан әрі - ІІБ) жеткізіп, оларға заңсыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру фактілері бойынша Атырау қаласының ІІБ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 2-бөлігімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ведомствоаралық тергеу-жедел тобымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Осы қылмыстық іс бойынша өз жауабында полиция қызметкері У[...] басшыларының заңсыз бұйрықтарын орындап, С[...] ешқандай қарсылық көрсетпесе де, жұмыс орнынан қолын қайырып ІІБ-не алып кеткенін, 2014 жылғы 20 қаңтардағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы заңсыз толтырғанын, шын мәнінде С[...] тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтың орын алмағанын көрсеткен. Іске тіркелген хаттамаларға сәйкес куәлар Н[...], К[...] полиция қызметкері У[...] таныстары болғаны, оларды ІІБ-не полиция қызметкері алдап шақырғаны, сонымен бірге [...] қорқытып қуә болдық деген жалған түсініктемелерді жаздырғаны анықталған.
Аталған мән-жайлар іске тіркелген процессуалдық актілерден анық көрінеді.
Іске сот қарауы кезінде тіркелген 2014 жылғы 20 қаңтардағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қойған куәлар Б[...] және Ж[...] жазбаша түсініктемелерінен, хаттамада көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық орын алған «Алматы-Дөнер» кафесінде болмағандары және сол жерде С[...] айып тағылған құқық бұзушылықтың жасалғаны дәлелденбегені анықталады.
Мұндай жағдайда, С[...] ӘҚБтК-нің 355-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тарту жөніндегі Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылғы 3 ақпандағы қаулысы мерзімінен бұрын қабылданған болып табылады. Осыған байланысты, қаулының күші жойылуға және іс бойынша іс жүргізу өндірісі қайта қалпына келтіріліп, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына өзге құрамында қайта қарауға, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығы ішінара қанағаттандыруға жатады.
Әкімшілік істі қайта қарау барысында бірінші сатыдағы сот жоғарыда аталған барлық мән-жайларға тиісті құқықтық баға бере отырып, заңды шешім қабылдауы қажет.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 672, 674, 676-баптарын басшылыққа ала отырып, мамандандырылған сот алқасы,
С[...] қатысты Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылғы 3 ақпандағы қаулысының күші жойылып, іс бойынша іс жүргізу өндірісі қайта қалпына келтіріліп, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына өзге құрамында қайта қарау үшін жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығы ішінара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші
Т. Баратбеков М. Балкен Н. Жолдасбеков
Судьялар
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.