КСАД РК - Постановление от 22.10.2025 по делу 6003-25-00-4к/2248 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 22 қазан № 6003-25-00-4к/2248 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші - судья М.А.Туғанбаев,

судьялар - Л.Е.Каирбаева, М.А.Манабаева,

прокурор Б.И.Саттыбаев, жауапкердің өкілі А.К.Кеңестің қатысуымен,

ашық сот отырысында «Өмір жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап қоюы бойынша қабылданған

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 24 ақпандағы, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 12 маусымдағы ұйғарымдарына талап қоюшының кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Серіктестік жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 24 ақпандағы ұйғарымымен талап қоюшының талап қоюы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 138-бабы екінші-бөлігінің 15)-тармақшасына сәйкес қайтарылған.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 12 маусымдағы ұйғарыммен сот ұйғарымы күшінде қалдырылған.

Сот актілерімен келіспей, олардың күшін жоюды сұрап, талап қоюшы кассациялық шағым берген.

Кассациялық сот талап қоюшының кассациялық шағымындағы дәлелдерін талқылап, жауапкер өкілінің сот актілерінің өзгеріссіз қалдыруға жатады деген пікірін, прокурордың қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі–АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінің 136-бабының бірінші бөлігінде дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі. Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі.

Іс құжаттарынан анықталғандай, хабарламалар талап қоюшыға 2024 жылы 11 қарашада жеткізілген, №5820VW500001 санды хабарламаны Серіктестік 13 қараша 2024 жылы оқып танысқан, №5820VW600006 санды хабарламаны Серіктестік 12 қараша 2024 жылы оқып танысқан.

Талап қоюшы хабарламаларды даулау мерзімін өткізіп, 2024 жылғы 23 желтоқсанда сотқа аталған талап қоюмен жүгінген.

ӘРПК-тің 136-бабының 7-бөлігіне сәйкес, дәлелді себептермен талап қоюды берудің өткізіп алған мерзімін сот АПК нормаларына сәйкес қалпына келтіруі мүмкін.

АПК-нің 126-бабының екінші-бөлігіне сәйкес өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру критерийі оны өткізіп алу себептерінің негізділігі болып табылады.

Белгіленген мерзімнің дәлелді себептермен өткізілгенін дәлелдеу міндеті өтініш берушіге жүктеледі.

Бұл ретте кассациялық саты соттың хабарламаларды даулау мерзімін қалпына келтіруге негіз жоқ екендігі туралы тұжырымдарымен келіседі.

Осылайша, кассациялық сатыдағы сот талап қоюшының ӘРПК-тің 138-бабы 2-бөлігінің 15) тармақшасында көзделген негіздер бойынша хабарламаны сотқа даулау туралы талап арызды беру және салық берешегі туралы хабарламаны даулау туралы талапты қайтару мерзімін сақтамағаны туралы төменгі сатыдағы соттардың қорытындыларымен келіседі.

Шағымдағы өзге де уәждер төменгі сатыдағы соттарда қаралып, істің мән-жайы дұрыс анықталғандықтан, материалдық және іс жүргізу құқығының нормалары дұрыс қолданылғандықтан, кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің күшін жоюға негіз жоқ деп табады.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ: Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 24 ақпандағы ұйғарымы, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 маусымдағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы «Өмір жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші М.Туғанбаев Судьялар Л. Каирбаева

М. Манабаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.