Қ А У Л Ы
2025 жылғы 7 қазан № 6003-25-00-4к/620 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші судья М.А. Туганбаев, судьялар Н.Е.Нуралыева, Л.Е.Қайырбаева,
талап қоюшы А.Айдосқызының, талап қоюшының өкілі Т.Мырзамбетовтің, мүдделі тұлғалардың өкілдері Ш.Темірханның, А.Маликованың, А.Х.Бралинованың қатысуымен
ашық сот отырысында талап қоюшы Асель Айдосқызының жауапкер «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2023 жылғы 5 қазандағы еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісіне дау айту туралы талап қоюы бойынша Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 10 қазандағы шешіміне, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 наурыздағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 10 қазандағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған. Талап қоюшы кассациялық шағымында жергілікті соттардың тұжырымдары заңсыз және негізсіз екенін көрсетіп, қабылданған сот актілерінің күшін жоюды сұрайды. Кассациялық сот шағымның уәждерін қолдаған талап қоюшы мен оның өкілінің түсінігін, мүдделі тұлғалар өкілдерінің қарсылығын тыңдап, әкімшілік іс материалдарын зерделеп, келесі қорытындыға келеді. ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қағидаларында айқындалады. АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы
Талап қоюшы кассациялық шағымында жергілікті соттардың тұжырымдары заңсыз және негізсіз екенін көрсетіп, қабылданған сот актілерінің күшін жоюды сұрайды. осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттар осы іс бойынша мұндай бұзушылықтарға жол бермеген.
Қазақстан Республикасы Конституциясында көзделгендей Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Еңбек кодексінің 190-бабына сәйкес ауыр зардаптарға әкеп соққан, адам өлімімен аяқталған және еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғалар арнайы тергеп-тексерілуге жатады. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес және комиссия мүшелері көпшілігінің пікірлері ескеріле отырып ресімделуге тиіс. Егер еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия өрескел абайсыздық зиянның туындауына немесе оның ұлғаюына себеп болғандығын анықтаса, онда комиссия тараптардың сабақтас жауаптылығын қолданады және жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен айқындайды.
Еңбек кодексінің 23-бабының 2-тармағының 1), 10), 25) тармақшаларына сәйкес жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға; жұмыскерлерді жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті болып табылады. ӘРПК-нің 155-бабының төртінші бөлігіне сәйкес сот, егер талап қоюды қарау кезінде даулы әрекет (әрекетсіздік) жасалғанын, шешім құзыретіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданғанын анықтаса, оны қанағаттандырудан бас тартады. Жергілікті соттар жоғарыда аталған нормаларды басшылыққа ала отырып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқаны негізді.
Іс материалдарынан анықталғандай, 2023 жылғы 19 тамызда түнгі сағат 02.00-шамасында Қызылорда облысы Сырдария ауданы «Казгермұнай» БК» ЖШС-ға қарасты «Ақшабұлақ» кен орнында №74 ұңғыманы тұншықтыру жұмыстарын жүргізу кезінде жазатайым оқиға орын алып, «МК Incorporation» ЖШС-ның жұмысшылары Ғ.Жетыскенов, Б.Сәрсенов, Е.Калдыбеков, А.Тайлаков, Н.Исабеков зардап шеккен. Оның – біреуі (Ғ.Жетыскенов бұрғылау көмекшісі) оқиға орнында, екі жұмысшы – (Б.Сәрсенов шебер, Е.Калдыбеков-бұрғылау көмекшісі) облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған.
Еңбек қызметімен байланысты топтық жазатайым оқиғаны тергептексеру үшін құрылған арнайы тергеп-тексеру комиссиясының 2023 жылғы 5 қазандағы актісіне сәйкес зардап шегуші жұмысшылар мен жұмыс берушінің кінәлілік дәрежесі төмендегіше белгіленген: 1) Ғ.Жетыскенов - 0%, жұмыс беруші -100%; 2) Б.Сәрсенов- 40%, жұмыс беруші - 60%; 3) Е.Калдыбеков - 0%, жұмыс беруші - 100%;, 4) А.Тайлаков - 0%, жұмыс беруші - 100%; 5) Н.Исабеков - 0%, жұмыс беруші - 100%.
Талап қоюшы осы актіні даулап отыр, оның пікірінше, қайтыс болған Б.Сәрсеновтің ауаны газталдағыш құралмен өлшемегені дәлелденбеген, нұсқаулықта ұңғыманы тұншықтыру кезінде шебер ауадағы газдың пайыздық мөлшерін өлшеу құралымен уақытылы тексеруге тиістігі көрсетілгенімен, уақыт аралығы белгіленбеген, аталған құралды шеберге табыстаған журнал жоқ. Маманның қорытындысы бойынша «ЦА-320» агрегатының пайдалану мерзімінің өтіп кетуі өрт шығуына себеп болған. оқиғаның алдын алу мақсатында қозғалтқышты өшіру үшін агрегаттың апатты клапаны болмаған; жұмысшылардың үстінде өрттен қорғайтын киімдері, өрт сөндіретін құрылғы, дабылдары болмаған және жұмыс берушінің кінәсі 100% деп есептейді.
Кассациялық сот талап қоюшының пікірімен келіспейді, өйткені, жергілікті соттар анықтағандай, «МК Incorporation» ЖШС бойынша 2021 жылғы 1 ақпанда бекітілген жер асты ұңғымаларын күрделі жөндеу шеберінің (бұдан әрі- ЖАҰК шебері) лауазымдық нұсқаулығына сәйкес ЖАҰК шебері басшылық санатына жатады.
Нұсқаулықтың 3.1.-тармағына сәйкес оның міндеті мұнай және газ ұңғымаларын жөндеу жұмыстарының технологиялық іс-шараларға қатаң сәйкестікте жүргізілуіне және ұңғыманы жөндеуге байланысты жоспарлы тапсырмалардың техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтала отырып орындалуын қамтамасыз етуге басшылық жасау болып табылады.
Ұңғыманы тұншықтыру кезіндегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі №43 нұсқаулықтың 3.2, 3.3.-тармақтарына сәйкес ұңғыманы тұншықтыруға қатысты жұмыстар ЖАҰК шеберінің тапсырмасымен жүргізіледі. Шебер ауаны газ өлшегіш құралмен уақытылы тексеріп отыруы және қауіпті жұмыстарды орындағанда қажеттілігіне қарай рұқсаттама-жіктелім рәсімдеуі қажет. ЖАҰК шебері ұңғыманы тұншықтыру процесі кезінде манометрлердің көрсеткіштерін, бекіту желісін және жұмысшылардың орналасу орнын бақылауда ұстауы тиіс.
Іс материалдарынан көрінгендей, Б.Сәрсенов МК Incorporation» ЖШС-да түнгі ауысымдағы шебер болып жұмыс істеген. Ол ұңғыманы тұншықтыру жұмыстарын жүргізу кезінде арнайы құрылғы - газ анализаторымен ауа ортасына газдың бөлінуіне қажетті деңгейде бақылау жасамаған, яғни «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту» туралы бұйрықтың 200-тармағының және Ұңғыманы тұншықтыру кезіндегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі №43 нұсқаулықтың 3.3-тармағының талаптарын бұзған. Бұл жағдай орын алған жазатайым оқиғаның себептерінің бірі болып табылады.
Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, зардап шегуші Б.Сәрсенов өз қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамауы, нұсқаулықтардың талаптарын сақтамауы салдарынан жазатайым оқиға орын алғаны, жұмыскердің және жүмыс берушінің кінәсінің дәрежесі дұрыс анықталғаны туралы тұжырым жасаған.
Іс материалдарында Б.Сәрсеновтің кінәсі жоқ екенін растайтын дәлелдемелер жоқ. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінде атап көрсетілген ақаулы машиналарды, механизмдерді және жабдықтарды пайдалану, машиналардың, механизмдер мен жабдықтардың құрылысындағы кемшіліктер, жұмыс аймағындағы ауаның шамадан тыс тозаңдануы мен газдануы, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, технологиялық процестердің бұзылуы жұмыс берушінің кінәсін растайды. Бұл мән-жайлар дауланып отырған актіде дұрыс көрсетілген.
Осылайша, дауланып отырған актіде талап қоюшы А.Айдосқызының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Азаматтың шарттық мiндеттемелердi, еңбек (қызмет) мiндеттерiн, әскери қызмет мiндеттерiн орындауы кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян, егер заң актiлерiнде немесе шартта көтерiңкi жауаптылық көзделмесе, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 47-тарауының ережелерi бойынша өтеледi.
Осы тараудың 935-бабының 4-тармағында көрсетілгендей, азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды ( осы Кодекстің 940-бабы ) өтеу кезінде жәбірленушінің кінәсі ескерілмейді, яғни зиянды өтеу көлеміне қайтыс болған азаматтың кінәлілік деңгейі әсер етпейді. Осыған байланысты кассациялық сот жергілікті соттардың дауланып отырған акті ӘРПК-нің 8-бабының екінші бөлігінде көрсетілген әділдік пен ақылға қонымдылық өлшемдеріне сәйкес келетіні туралы тұжырымдарымен келіседі. АПК-нің 426-бабының екінші бөлігінде жаңа дәлелдердің болмауына байланысты қаулының уәждеу бөлігінде сот актілеріне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағым авторының уәждері өзінің мазмұны, мәні мен мақсаты бойынша бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда келтірілген уәждермен бірдей. Бұл уәждер апелляциялық сатыдағы сотта қаралып, оларға тиісті құқықтық баға берілген. Кассациялық шағымда жаңа уәждер келтірілмеген.
Жергілікті соттар іс бойынша мән-жайларды дұрыс анықтаған, материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданған, сол себепті кассациялық сот дауланып отырған сот актілерінің күшін жоюға негіз жоқ деп есептейді.
Мұндай жағдайларда талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады. ӘРПК-нің бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Осы іс бойынша Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 10 қазандағы шешімі, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 наурыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
М. Туганбаев
Судьялар
Н. Нуралыева
Л.Қайырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.