Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 21.04.2026 по делу 6003-25-00-2к/4706(2) (Гражданское)

6003-25-00-2к/4706(2)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 21 сәуір

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева, прокурор К[...],

талап қоюшының өкілі А[...], жауапкер дара кәсіпкер К[...] және оның өкілі К[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер дара кәсіпкер К[...], «Кентау қаласы әкімдігінің «Хантағы ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, «Кентау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Кентау қалалық бөлімшесіне әкімнің шешімін, жер учаскесін жалға беру шарттарын және сәйкестендіру актісін жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі бойынша дара кәсіпкер К[...] апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 18 тамыздағы ұйғарымына және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы ұйғарымына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ :

Дара кәсіпкер К[...] сот шешіміне апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы арызбен сотқа жүгінген.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы ұйғарымымен өзгеріссіз қалдырылған Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 18 тамыздағы ұйғарымымен жауапкердің сот шешіміне апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы арызы қанағаттандырудан бас тартылған.

Кассациялық шағымында жауапкер заң талаптарын білмегенін, жылжымайтын мүліктерді адал сатып алып, бүгінгі күнге дейін оның астындағы жерді заңдастыра алмай жүргенін, құжаттарды дұрыс зерделемеуінің салдарынан сот шешіміне шағым беру мерзімін өтіп кеткенін көрсетіп, сот ұйғарымдарының күшін жоюды, апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіруді сұраған.

Кассациялық шағымды қолдаған жауапкер дара кәсіпкер К[...] және оның өкілі К[...], шағымға қарсылық білдірген талап қоюшының өкілі А[...], шешімді күшінде қалдыруды сұраған прокурор К[...] қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын, шағымның уәждерін зерделеп, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2019 жылғы 29 қазандағы шешімімен талап қоюшы «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» (қазіргі таңда «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті») мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Департамент) талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, Хантағы [...] жылғы 23 тамыздағы №14 шешімінің негізінде 2016 жылғы 18 қазандағы №338 Кентау қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы Б[...] пен К[...] арасындағы келісім шарты жарамсыз деп танылған. Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.

Іс құжаттарына қарағанда, дара кәсіпкер К[...] 2019 жылғы 29 қазанда өткен сот отырысына қатысып, соттың шешімі туралы хабардар болған және оған соттың шешімі тиісінше жолданған.

Одан басқа, дара кәсіпкер К[...] өкілі К[...] 2025 жылғы 1 шілдедегі өтінішхатына сәйкес, істің құжаттарымен танысып, сот шешімі мен іске тіркелген құжаттарының көшірмелерін 2025 жылғы 4 шілдеде алған.

АПК-нің 126-бабының 4-бөлігіне сай, өткізіп алынған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арыз өзінің құқықтарының немесе заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы арыз иесіне белгілі болған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей, процестік әрекеттер жасалуға тиіс сотқа беріледі.

Демек, дара кәсіпкердің құқықтарының немесе заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы 2019 жылғы 29 қазанда және 2025 жылғы 4 шілдеде қайталап белгілі болған және осы күндерден бастап бір айдан кешіктірілмейтін уақытта апелляциялық шағым беруге мүмкіндігі болған.

Дара кәсіпкер К[...] тарапынан аталған заңмен белгіленген мерзімдерді өткізіп алудың дәлелді себептерін анықтайтын дәлелдемелер келтірілмеген.

Бірінші сатыдағы сот жауапкердің өткізіп алған процестік мерзімін қалпына келтіру уәжі негізсіз деген тұжырымға келген.

Апелляциялық сот алқасы соттың бұл тұжырымымен келіскен.

Істің мұндай тұрғысында, бірінші сатыдағы соттың жауапкердің шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы тұжырымы заңды.

Өйткені дара кәсіпкер К[...] мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігін растайтын құжат сотқа ұсынбаған.

Кассациялық шағымдағы уәждер апелляциялық сатыдағы сотта келтірген уәждерге ұқсас және оларға тиісті құқықтық баға берілген.

Сондықтан кассациялық сот дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп есептейді. АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 18 тамыздағы ұйғарымы және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.

К[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков

А.О.Тогумбетова

Судьялар:

Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.