ҚАУЛЫ
2025 жылғы 6 қараша 6003-25-00-4к/954 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші судья Е.М.Нұралиев
судьялар Л.Е.Кудекова, Ш.С.Манжуева болып,
талап қоюшының өкілі Б.Ә.Кәденнің, жауапкер Р.М.Турушевтің, жауапкердің өкілі Кужамкуловтың С.Т., мүдделі тұлғаның өкілі А.Б. Жангулованың қатысуларымен,
талап қоюшы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – кәсіпорын, өндіріп алушы), жауапкерлер жеке сот орындаушы (бұдан әрі – ЖСО) Нурлыбай Базарбаевич Ахметовке, жеке сот орындаушы Ринат Мухаметкаирович Турушевке атқарушылық құжатты түпнұсқасын тиісінше қайтармау және шығарылған қаулы туралы хабарламау бөлігінде әрекетсіздікті заңсыз деп тану туралы, 2025 жылғы 8 қаңтардағы №283/22-71-22 атқарушылық іс жүргізу бойынша жеке сот орындаушы қаулысының күшін жою туралы қаулыны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы, 2025 жылғы 20 қаңтардағы №284/22-71-22 атқарушылық іс жүргізу бойынша жеке сот орындаушы қаулысының күшін жою туралы қаулыны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы, 2025 жылғы 20 қаңтардағы №285/22-71-22 атқарушылық іс жүргізу бойынша жеке сот орындаушысы қаулысының күшін жою туралы қаулыны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талабымен қозғалған әкімшілік ісімен,
Астана қаласы ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 1 сәуірдегі шешіміне, жеке ұйғарымына, Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 6 мамырдағы қаулысына, ұйғарымына жауапкер, жеке сот орындаушы Ринат Мухаметкаирович Турушевтің берген кассациялық шағымдарын қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыдағы аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
Мүдделі тұлғалар ретінде іске Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы, «Trading Taem» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – борышкер) тартылған.
Астана қаласының ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 1 сәуірдегі шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылған.
Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 6 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Сонымен қатар, Астана қаласы ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 1 сәуірдегі жеке ұйғарымымен жол берілген заң бұзушылықтар туралы Астана қаласы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының назарына жеткізілген. Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 6 мамырдағы ұйғарыммен бірінші сатыдағы соттың бұл жеке ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкер, ЖСО Р.М.Турушев өзінің кассациялық шағымында, іс бойынша қабылданған жоғарыдағы сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды және талап арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Кассациялық сот, тараптардың пікірін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын жан-жақты зерттеп, төмендегідей тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігі бойынша, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес, атқарушылық құжаттар мәжбүрлеп орындауға мынадай мерзімдерде ұсынылуы мүмкін: сот актілері негізінде берілетін сот бұйрықтары мен атқару парақтары - үш жыл ішінде.
Заңның 12 - бабының 1, 3-тармақтарына сәйкес, атқарушылық құжатты орындауға ұсыну мерзімі: 1) атқарушылық құжатты орындауға ұсыну арқылы үзіледі.
Үзілістен кейінгі жаңа мерзім өндіріп алу толық немесе ішінара жүргізілмеген атқару құжаты өндіріп алушыға қайтарылған күннен бастап есептеледі.
Іс құжаттарынан белгілі болғандай, ЖСО Н.Б.Ахметовтің іс жүргізу өндірісі Кәсіпорынның (өндіріп алушы) пайдасына «Trading Taem» ЖШС-дан (борышкер) берешекті өндіріп алу туралы үш атқару парағының негізінде қозғалған:
243 547 теңге (№7119-18-00-2/18342-1),
813 432 теңге (№7119-18-00-2/18452-1) ,
1 203 теңге (№7119-18-00-2/9957-1).
2019 жылғы 14 және 17 маусымда ЖСО Н.Б.Ахметов борышкердің өндіріп алуға болатын мүлкі мен ақшалай қаражатының болмауына байланысты көрсетілген атқарушылық құжаттарды қайтару туралы 3 (үш) қаулы шығарған.
Іс құжаттарынан белгілі болғандай, осы үш атқарушылық құжатты ЖСО Н.Б.Ахметов Кәсіпорынға 2022 жылғы 12 қазанда ғана қайтарған.
2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың қазанына дейін, яғни екі жыл төрт ай ішінде бұл атқару парақтары ЖСО Н.Б.Ахметовтың өндірісінде болған, соңғысы оларды өндіріп алушыға қайтару жөнінде тиісті шаралар қабылдамаған.
2022 жылы атқарушылық құжаттар қайтарылғаннан кейін ЖСО Р.М.Турушев оларды қабылдаған, және 2022 жылғы 27 қазандағы қаулыларымен олар бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғаған. 2025 жылғы 8, 20 қаңтардағы даулы қаулылар шығара отырып, сот орындаушысы Р.М.Турушев атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы бұрын шығарылған қаулылардың күшін жойып, ӘРПК-нің 13-бабының ережелерінде көзделген сенім құқықтарын қорғау қағидатын бұзған. Сонымен қатар, Кәсіпорын тарапынан заңсыз әрекеттер жасалмаған, «кемшіліктер» де болмаған.
Бұл жағдайда, атқарушылық құжаттар өндіріп алушыға тек 2022 жылдың қазан айында қайтарылғанына байланысты, бұл ЖСО Н.Б.Ахметовтың заңсыз әрекетсіздігіне болғандықтан, ол өндіріп алушыны қайтару туралы шығарылған қаулылар туралы хабардар етпегеніне орай және атқарушылық құжаттардың түпнұсқаларын уақтылы қайтармағанына сәйкес, кәсіпорынның ешқандай кінәсі жоқ екенін ескеріп, кассациялық сот, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың тұжырымдарымен келіседі, себебі жаңа мерзім 2019 жылғы маусымнан емес, 2022 жылғы қазаннан, өндіріп алушыға нақты қайтарылған күннен бастап есептеледі.
Сондықтан, атқарушылық құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталмағандықтан, ЖСО Р.М.Турушевтың 2022 жылы атқарушылық іс қозғалу туралы қаулылардың күшін жоюға құқығы болмаған. АПК-нің 270-бабының 1-бөлігіне сәйкес, заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде, сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы, ал егер бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым шығарады және оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.
ЖСО Р.М.Турушев тарапынан жіберілген заң бұзушылықтар сот отырысында өзінің объективті растауын тапты.
Мундай заң бұзушылықтардың жиынтығы сотқа жеке ұйғарым шығаруға жеткілікті негіз болды. Кассациялық сот, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың шешімдерін заңды және негізді деп санайды, өйткені олар сотта анықталған нақты мән-жайлар мен заңдылық, әділеттілік принциптері ескеріле отырып қабылданған.
Жауапкердің кассациялық шағымында көрсеткен уәждері кезінде төменгі саты соттарымен жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген.
Сондықтан, іс бойынша қабылданған бірінші сатыдағы сот шешімінің және апелляциялық сот қаулысының күшін жоюға, сөйтіп, кассациялық шағымды қанағаттандыруға еш негіз жоқ.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Астана қаласы ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 1 сәуірдегі шешімі, жеке ұйғарымы, Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 6 мамырдағы қаулысы, ұйғарымы күшінде қалдырылсын.
Жауапкер жеке сот орындаушы Ринат Мухаметкаирович Турушевтың кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Е. Нұралиев Л. Кудекова
Судьялар
Ш.Манжуева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.