ВС РК - Постановление от 13.06.2024 по делу 6001-23-00-6ап/3317 (Административное)

6001-23-00-6ап/3317

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 13 маусым Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья Г.Б. Дуйсенбаев, судьялар – Ғ.Ө. Әлжанов, Г.К. Нұрбаев болып,

талап қоюшы Ш[...].,

жауапкер өкілі Ә[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Ш[...] жауапкерлер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Атырау облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесіне Е[...] кенті, [...] үй, [...] пәтердегі мекен-жайға есепке тіркеуді қалпына келтіруді міндеттеу, мемлекеттік жер актісін рәсімдеуді міндеттеу туралы талап қою арызы бойынша қабылданған,

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 22 маусымдағы шешіміне және Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 10 қазандағы қаулысына талап қоюшының Ш[...] кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы Ш[...] жоғарыда аталған талап арызбен сотқа жүгінген.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі шешімімен талап арыз қанағаттандырудан бас тартылған. Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 19 қазандағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Талапкер Ш[...] кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсете отырып, сот актілерінің күшін жоюды және талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Талапкер Ш[...] кассациялық шағымды қолдаған пікірін, жауапкер өкілі Ә[...] шағым уәждерімен келіспей, сот актілерін өзгеріссіз қалдыруды сұраған пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, 2005 жылғы 23 ақпанда Атырау облысы, [...] әкімінің №95 қаулысымен талап қоюшы Ш[...] үй құрылысын салу үшін жалпы көлемі 0,2 га жер телімін иелену құқығын берілген.

2005 жылғы 4 мамырда №134 әкім қаулысымен жоғарыда аталған қаулының 3-тармағына өзгеріс енгізіліп, жер учаскесін тегін беру мөлшерінен артық 0,1 га жер көлімін сатып алу бағасын 12 300 теңге мөлшерінде деп белгіленген.

2007 жылғы 12 ақпанда Жылыой аудандық әкімінің №65 қаулысымен аудандық әкімияттың 2005 жылғы 24 наурыздағы №95 және 2005 жылғы 4 мамырдағы №134 Ш[...] жер телімін иелену құқын беру туралы қаулыларының күші жойылған.

2023 жылғы 12 сәуірде талап қоюшы Ш[...] Мемлекеттік корпорацияға арызданып, Жылыой ауданы, Е[...] [...] салу үшін мемлекеттік акт жасақтауды сұраған.

2023 жылғы 19 сәуірде Мемлекеттік корпорациясының жауабына сәйкес Қаратон елді мекені таратылуына байланысты, талап қоюшының өтініші орындаусыз кері қайтарған.

Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдағанда 2007 жылғы 12 ақпанда Жылыой аудандық әкімінің №65 қаулысымен, аудан әкімінің 2005 жылғы 24 наурыздағы №95 және 2005 жылғы 4 мамырдағы №134 Ш[...] жер телімін иелену құқын беру туралы қаулыларының күші жойылғанына және Жылыой ауданындағы Қаратон елді мекенінің таратылғанын ескере отырып, Мемлекеттік корпорациясының талап қоюшының өтінішін орындаусыз кері қайтарғаны заң талапарына сай қабылданған деп тұжырымдаған.

Сот алқасы жергілікті соттардың бұл тұжырымдарын заңды әрі негізді қабылданған деп табады.

Қазақстан Республикасы «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 9-бабының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №267 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» және «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 2-тарауының 3-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларының 10, 11тармақтарына сәйкес, аумақтық полиция органдары қызмет беруші болып табылады, ал Мемлекеттік корпорацияның құзыретіне тұрғылықты жері бойынша тіркеу, тіркеуден шығару, тіркеуді қалпына келтіру кірмейді. Жылыой ауданы Е[...] кенті, [...] үй мекен-жай бойынша елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы, жылжымайтын мүлік объектісінің нөмері және мекенжайдың тіркеу коды болмауына және аталған елді мекеннің таратылуына байланысты талап қоюшының обьектісі мекенжай деп танылмайды.

Сондықтан, жергілікті соттар талап қоюшының жер учаскенің мекенжайы бойынша тіркеуді қалпына келтіруді міндеттеу туралы талабы қанағаттандырылуға жатпайды деген негізді тұжырымға келген.

Төменгі сатыдағы соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымы дұрыс айқындалған, материалдық заң нормалары дұрыс қолданылған, процестік құқық нормалары бұзылмаған.

Талап қоюшының кассациялық шағымында көрсетілген уәждері төменгі саты соттарымен жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, ал тараптардың сот тұжырымдамасымен келіспеуі, сот актілерін өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды.

Сондықтан талап қоюшы Ш[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 22 маусымдағы шешімі, Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 10 қазандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы Ш[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар

Көшірмесі дұрыс.

Г.Б. Дуйсенбаев Ғ.Ө. Әлжанов Г.К. Нұрбаев Г.Б. Дуйсенбаев

Судья

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.