Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 21.01.2026 по делу 6003-00-25-2к/4649 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 21 қаңтар №6003-00-25-2к/4649 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында: төрағалық етуші Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,

талап қоюшы А.Рахимов пен үшінші тұлға «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының өкілі Р.Габдуллинаның қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Абай Фазылулы Рахимовтың жауапкерлер Оксана Бауыржановна Жумалиеваға, Асхат Бержанович Жумановқа тұрғын үйді сатып алу-сату келісім шартын жарамсыз деп тану және осы шарт жасалғанға дейін жылжымайтын мүлікті бастапқы жағдайға келтіру туралы талап қоюымен қабылданған Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық сотының 2025 жылғы 5 мамырдағы шешіміне және Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 шілдедегі қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

А.Рахимов жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 шілдедегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық сотының 2025 жылғы 5 мамырдағы шешімімен талап қоюы қанағаттандандырусыз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында, соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар дұрыс айқындамағанын және анықтамағанын, материалдық және процестік құқық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыруды сұраған.

Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттар іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 8-тармағына сәйкес (әрі қарай-АК) елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан

жасалған мәмiленi сот жаңылысу әсерiмен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Мәмiленiң табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкiндiгiн айтарлықтай төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi жаңылысу кейiнге қалдыру немесе күшiн жою шарты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына осындай дәлелдi енгiзген кезде ғана мәмiле жарамсыздығының негiзi бола алады (осы Кодекстiң 150-бабы).

АК-нің 159-бабы 9-тармағына сәйкес алдау ықпалымен жасалған мәмiленi, сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

2017 жылғы 15 наурызда А.Рахимов атынан сенімхат негізінде А.Амиргалиев пен О.Жумалиеваның арасында Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы, Масалиев көшесі, №11 үй, №1 пәтер мекен-жайында орналасқан, жер учаскесімен бірге тұрғын үйді 3 403 500 теңгеге сатып алу-сату келісім шарты жасалған.

Талап қоюшы сотқа берген талабын, мәміле бойынша құнын төленбегеніне байланысты жауапкер өзін жаңылыстырды және алдады деп негіздеген. АПК-нің 72-бабына сәйкес әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс.

Талап қоюшы жауапкер өзін алдағанын бекітетін заңды күшіне енген қылмыстық қудалау органының қаулысын немесе сот актісін ұсынбаған. Бұл мән-жай басқа тәсілмен дәледенбейді.

Сондай-ақ, талап қоюшының мәміленің табиғаты бойынша жаңылыстырғаны туралы уәждері де негізсіз, себебі талап қоюдың мазмұнына қарағанда, талап қоюшының жылжымайтын мүлікті сатуға ниеті болған, ол үшін А.Амиргалиевке сенімхат берген, дау тек мәміле бойынша құны төленбегенінен туындаған.

Іс бірінші сатыдағы сотта қаралу барысында 2025 жылғы 22 сәуірде жауапкер О.Жумалиева талап қою мерзімін қолдануды сұраған.

Даулы шарт 2017 жылғы 15 наурызда жасалған болса, оны жарамсыз деп тану туралы талап қою сотқа 2025 жылғы 6 наурызда берілген.

Өз кезегінде, талап қоюшы А.Рахимов сотқа талап қою мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат бермеген. Талап қою мерзімін дәлелді себептерге байланысты өткізіп алғанын бекітетін дәледемелер ұсынбаған.

Талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот шешімі АК-нің 178-бабы 1-тармағына, 179-бабы 2, 3-тармақтарына және АПК-нің 172-бабы 6- бөлігіне сай талап қоюмен сотқа жүгіну мерзімі дәлелді себептерсіз өткізіп алғанымен негізделген.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот шешімімен келіскен.

Талап қоюшының даулы мәміле жөнінде тек 2024 жылы белгілі болғаны туралы уәжін сот дұрыс негізсіз деп бағалаған, себебі даулы мәмілеге сенімхат

бойынша өкілі қатысқандықтан, талап қоюшы даулы мәміле жөнінде жасалған кезден бастап білген болып саналады.

Жергілікті соттардың тұжырымдары заңды және негізді, себебі іс үшін соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар дұрыс айқындалған және анықталған, қорытындылары істің мән-жайларына және заң талаптарына сәйкес келеді.

Шағым иесімен сот алқасының материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, жергілікті соттардың сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

5 мамырдағы шешімі және Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 шілдедегі қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Г.Бастаубаев

Төрағалық етуші судья

Судьялар

А.Даненова

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.