№ 6001-20-00-3г/5056(2)
Қ А У Л Ы
2020 жылғы 2 қараша Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы А.Ә. Сапарова талап қоюшы «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» ММ-нің жауапкерлер «Ордабасы ауданы әкімдігі» ММ-не, «Ордабасы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-не, Я[...], Х[...], Ж[...], мүдделі тұлға «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Түркістан облысы бойынша филиалының Ордабасы аудандық тіркеу және жер кадастры бөліміне
Ордабасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 522, № 524, № 525 қаулылары мен 2018 жылғы 22 қазандағы № 747, № 748, № 749 жер телімін жалға беру туралы типтік шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының 2020 жылғы 11 мамырдағы шешімін, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі қаулысын қайта қарау туралы «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» ММ-нің келтірген өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының 2020 жылғы 11 мамырдағы шешімімен талап қоюшының талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхатта «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» ММ-сі (бұдан әрі – Басқарма) жергілікті соттардың сот актілері заңсыз және негізсіз қабылданғандықтан, олардың күшін жойып, талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс материалдардан анықталғандай, 2018 жылдың 29 тамызындағы № 452 қаулысымен Ордабасы ауданы әкімдігінің жер учаскелерін жалға беру жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды) ұйымдастыру және өткізу
мақсатында конкурстық комиссия (ары қарай – конкурстық комиссия) қайта құрылған.
2018 жылдың 27 қыркүйегінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жалға беру жөніндегі конкурстың № 1 қорытынды хаттамасы (бұдан әрі - хаттама) бойынша:
лот № 31 Төрткөл аумағынан 4,0 га суармалы жерге Х[...];
лот № 33 Төрткөл аумағынан 6,5 га суармалы жерге Я[...];
лот № 34 Төрткөл аумағынан 13,0 га суармалы жерге Ж[...]
жеңімпаз болып танылған.
Басқарма Ордабасы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс тәртібімен беру рәсімі бұзылғандығын көрсетіп, сотқа жүгінген.
Аталған рәсім Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 48-бабымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 290 бұйрығымен реттеледі (бұдан әрі – бұйрық).
Бұйрықтың 39-тармағына сай сатушы (жергілікті атқарушы орган) конкурсты дайындау және өткізу үшін конкурстық комиссия құрады. А[...] сот шешіміндегі басшылыққа алған Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағындағы құрылатын комиссия конкурсқа қатысы жоқ. Демек, сот шешімі Жер кодексінің 43-бабымен құрылған комиссияға сілтеме жасап, шешім қабылдауы Жер кодексінің талаптарын бұрмалау болып табылады. Сонымен қатар, Я[...] «Е[...]» шаруа қожалығының, Х[...] «А[...]» шаруа қожалығының басшысы болып табылады. Оларға және Ж[...] жер учаскелері ауыл шаруашылығын жүргізу үшін берілген.
Сондықтан, азаматтық іс Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралу қажет еді.
А[...] соттылығы бұзылып, іс бірінші сатыдағы Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотымен қаралған.
Конкурсқа қатысқан Х[...] ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен айналысатындығын, бір адамды жұмысқа тартып, 165 000 теңге инвестиция тартқанын және 1 дана ауыл шаруашылығы техникасы бар екендігін көрсетіп, 5 баллға ие болған.
Осы лотқа қатысқан Ж[...] ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатыны және 1 дана техниканы жалға алғаны туралы шартқа тараптардың қолдары қойылмағаны анықталған. Дауысқа салу нәтижесінде комиссия бизнес жоспары нақты әрі тиімді деп есептеп бір ауыздан Х[...] жеңімпаз деп таныған.
А[...] Х[...] тек конкурсқа қатысу үшін берген өтінішіне ғана қолын қойған. Басқа ешқандай құжаттарына (бизнес жоспар, өмірбаян,
т.б.) қол қойылмаған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық техникасы өзінің атына тіркелмеген және техниканы жалға алғаны туралы шарты жоқ. Сонымен бірге, Төрткөл аумағынан 6,5 гектар жерге № 33 лот бойынша да бұзушылықтар орын алған.
Я[...] ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен айналысатындығын, бір адамды жұмысқа тартып, өз қаржысынан 200 000 теңге инвестиция салатындығын, 1 адамға жұмыс орнын ашатындығын және 1 дана ауыл шаруашылығы техникасын жалға алатындығын көрсетіп, 5 баллға ие болған.
Х[...] нақты бизнес жоспары және жалға алу шартында тараптардың қолдары болмағандықтан, комиссия бір ауыздан Я[...] жеңімпаз деп таныған.
А[...] Я[...] тек конкурсқа қатысу үшін берген өтінішіне ғана қолын қойған. Басқа ешқандай құжаттарына (бизнес жоспар, өмірбаян, т.б қолын қоймаған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық техникасы өзінің атына тіркелмеген және техниканы жалға алғаны туралы шарты жоқ.
Төрткөл аумағынан 13,0 гектар жерге № 34 лот бойынша да бұзушылықтар орын алған. О[...] Ж[...] пен Ж[...] қатысқан. Ж[...] ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен айналысатындығын, бір адамды жұмысқа тартып, өз қаржысынан 400 000 теңге инвестиция салатындығын, 1 адамға жұмыс орнын ашатындығын және 1 дана ауыл шаруашылығы техникасын жалға алатындығын көрсетіп 5 баллға ие болған.
А[...] Ж[...] нақты бизнес жоспары және жалға алу шартында тараптардың қолдары болмағандықтан комиссия бір ауыздан Ж[...] жеңімпаз деп таныған. А[...] Ж[...] тек конкурсқа қатысу үшін берген өтінішіне ғана қолын қойған. Басқа ешқандай құжаттарына (бизнес жоспар, өмірбаян т.б.) қол қойылмаған.
Жоғарыда аталған жеңімпаз тұлғалар конкурсқа бір техниканы (МТЗ80ха) өз лоттарына тіркеген. Яғни өтінішхат беруші бұл конкурстың формалды түрде өткізілгендігін көрсетеді деп есептейді. Өтінішхат берушінің азаматтық даудың мән-жайлары толық, жанжақты зерделенбей, осы дауды реттейтін материалдық заңнама сотпен дұрыс қолданылмағандықтан, процестік заң талаптары сақталмады деген уәждері сот отырысында тексерілуге жатады.
АПК-тің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының 2020 жылғы
11 мамырдағы шешіміне, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі қаулысына «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» ММ-нің келтірген өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін. Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.
Судья А.Сапарова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.