КСАД РК - Постановление от 24.09.2025 по делу 7199-23-00-4к/1755 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 24 қыркүйек №7199-23-00-4к/1755 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотты құрамында:

төрағалық етуші - судья М. Манабаева,

судьялар Л.Қаирбаева, Н.Нуралыева болып,

талап қоюшы Сабит Сайлауович Алиаскаровтың (бүдан әрі - С.Алиаскаров, талап қоюшы) қатысуымен ашық сот отырысында

талап қоюшы С.Алиаскаровтың жауапкер «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - коммуналдық мемлекеттік мекеме, жауапкер) конкурстық комиссияның 2023 жылғы 17 сәуірдегі қорытынды хаттамалық шешімінің күшін жою туралы талабы бойынша қабылданған

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (бұдан әрі -МАӘС) 2024 жылғы 9 қазандағы шешімі мен 2024 жылғы 11 қарашадағы ұйғарымына, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы ұйғарымы мен 2025 жылғы 22 мамырдағы қаулысына талап қоюшы С.Алиаскаровтың кассациялық шағымдарыментүскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

2024 жылғы 9 қазандағы МАӘС-тіңшешімімен талап қоюшының талабын қанағаттандырудан бас тартылған.

Осы күнгі сот ұйғарымымен талап қоюшының «Қазақстан Республикасы мемлекетік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 11 мамырдағы тексеру нәтижесінің күшін жою туралы талап қоюының бөлігі қайтарылған.

Талап қоюшының сот ұйғарымына берген жеке шағымы МАӘС-тің 2024 жылғы 11 қарашадағы ұйғарымымен қайтарылған.

2024 жылғы 19 желтоқсандағы Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының ұйғарымымен МАӘС-тің 2024 жылғы 11 қарашадағы ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

2025 жылғы 22 мамырдағы Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі күшінде қалдырылған. Кассациялық шағымдарда талап қоюшы төменгі саты соттарының сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Шағым уәждерін толық қолдаған талап қоюшының түсінігін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, шағымдардың дәлелдерін талқылай отырып, кассациялық сот мынадай тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің - (бұдан әрі АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Осы іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Шағымды қанағаттандырудан бас тарта отырып, бірінші сатыдағы сот және онымен апелляциялық алқа негізді түрде келісіп, мемлекеттік қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың әкімшілік рәсімі жауапкер тарапынан толығымен сақталғанын атап өткен. Конкурсты өткізу барысында қолданыстағы заңнама талаптары толық сақталған, бұзушылық орын алмаған. Іс материалдары бойынша конкурс қорытындыларының күшін жою үшін негіздер анықталмаған. Істің егжей-тегжейлі мән-жайлары, соттардың негіздемелері сот актілерінде толық көрсетілген.Соттардың қорытындылары іс бойынша анықталған нақты мән-жайларға және материалдық кұқық нормаларына негізделген.

Сондай-ақ, талап қоюшының сот ұйғарымына берілген жеке шағымын қайтару туралы сот қорытындылары да процестік құқық нормаларына негізделіп, заңды қабылданған.

АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымдарда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.

Баяндалғанның негізінде және ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 9 қазандағы шешімі мен 2024 жылғы 11 қарашадағы ұйғарымы, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы ұйғарымы мен 2025 жылғы 22 мамырдағы қаулысы күшінде қалдырылсың.

Талап қоюшы С.Алиаскаровтың кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

М.Манабаева

Л.Қаирбаева

Судьялар

Н.Нуралыева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.