6001-23-00-3г/5404
ҚАУЛЫ
2023 жылғы 4 желтоқсан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің (бұдан әрі - Департамент) жауапкерлер А[...], Е[...] ауылдық округі әкімдігіне, Түркістан қаласы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» ММ-не, «Сауран ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-не Е[...] ауылдық әкімінің шешімін, жер учаскесін жалға беру туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Түркістан калалық сотының 2023 жылғы 12 шілдедегі шешімін және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 тамыздағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы А[...] өкілі С[...] өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Департамент сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгінген. Түркістан калалық сотының 2023 жылғы 12 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Е[...] ауылдық округ әкімінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №13 шешімі және 2022 жылғы 18 наурыздағы №580 «Сауран ауданы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-сі мен А[...] арасында жасалған жер учаскесін жалға беру туралы шарты жарамсыз деп танылған. А[...] мемлекеттің пайдасына 3 450 теңге мемлекеттік баж өндірілген.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 тамыздағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Арызданушы өтінішхатында істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттар тарапынан мұндай заң бұзушылықтарға жол берілгені туралы өтінішхат иесінің уәждері кассациялық сатының сот отырысында зерттеліп қаралуға жатады.
АПК-нің 449-бабының 2-бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы сот заңдылық мүддесiнде өтiнiшхаттың шегiнен шығуға және шағым жасалған сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы.
Іс құжаттарынан анықталғандай, Сауран аудындық жер комиссиясының 2022 жылғы 11 наурыздағы шешімі негізінде Түркістан облысы, [...] әкімдігінің Е[...] ауылдық округ әкімінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 13 шешімімен М.А[...] [...] жылғы 25 маусымдағы №176 шешімімен Е[...] ауылы, Шолпан көшесі, №7А мекенжайда орналасқан «Көгалдандыру үшін» жалпы ауданы 0,33 га жер учаскесінің пайдалану құқығы 20 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен ұзартып табысталған.
Кадастрлық №[...] жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы мемлекеттік тіркеуге алынған.
2022 жылғы 18 наурызда «Сауран ауданы әкімдігінің Ауыл шаруашылығының және жер қатынастары бөлімі» ММ-сі мен А[...] арасында аталған жер учаскесіне қатысты №580 жер учаскесін жалға беру туралы шарт рәсімделген.
Арыз беруші жергілікті соттар заңды әрі негізді шешім қабылдамағанын, өйткені А[...] ұсынған дәлелдемелеріне нақты баға берілмей, тек Департаменттің талабында көрсетілген мән-жайларды басшылыққа алып, біржақты шешім қабылдағанына назар аударған.
Арызданушының өтінішхатта келтірген уәждеріне сәйкес Түркістан қаласының Ескі Иқан [...] жылғы 25 маусымдағы №176 шешімі Жер кодексінің талаптарына сәйкес қабылданған, өйткені берілген жер учаскесін А[...] рәсімдеп, жеміс ағаштарын отырғызып, баптап, осы жерді көгалдандырып, бауға айналдырып, тиісті салықтарын төлеп, жиырма жылдан астам уақыттан бері пайдаланып келеді.
АПК-нің 76-бабының 2-бөлігінде соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен немесе қаулысымен анықталған мән-жайлар сот үшін міндеттілігі көзделген.
Заңды күшіне енген Түркістан қалалық сотының 2016 жылғы 23 ақпандағы шешімімен талап қоюшы «Е[...] ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ-нің жауапкерлер А[...], З[...], Түркістан қалалық жер кадастр бөлімшесіне және тағы басқаларға Е[...] [...] жылғы 25 маусымдағы № 176 шешімін, сатып алу-сату шарттарды, жер учаскесі құқығының тіркелуін бұзып, олардың күшін жою туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Өтінішхат иесінің пікірінше соттар дау болып жатқан сол бір жер учаскесі екенін ескермеген.
Іс құжаттарын алдын ала зерделеу, арызданушының өтінішхатта келтірген уәждері және жоғарыда көрсетілген түйіндер дау айтылған сот актілерін қайта қарау үшін кассациялық сатының сот мәжілісінде қарауға жататын негіздер бар екенін көрсетеді.
АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан калалық сотының 2023 жылғы 12 шілдедегі шешімін және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 тамыздағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.
Судья Ш.Иманиязова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.