ВС РК - Постановление от 28.06.2024 по делу 6001-23-00-6ап/2801 (Административное)

№6001-23-00-6ап/2801

ҚАУЛЫ

2024 жылы 30 сәуір Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - судья Ғ.Ө.Әлжанов, судьялар - Б.Т.Нажмиденов пен Ж.Б.Ермағамбетова болып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының прокуроры М[...], талап қоюшы «GG[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі А[...] қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшы «GG[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Сайрам ауданы МКБ), «Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Еңбекші ауданы МКБ) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы 28 маусым 2022 жылғы №5811QR300002 санды хабарламасын заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап қою бойынша қабылданған,

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 23 сәуірдегі шешіміне, Шымкент қалалық сотының 2023 жылғы 16 тамыздағы қаулысына талап қоюшы «GG[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің келтірген қассациялық шағымын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы «GG[...]» ЖШС-і сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюмен жүгініп, оны Сайрам ауданы МКБ камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы 2022 жылғы 28 маусымдағы №5811QR300002 санды хабарламасы (бұдан әрі - хабарлама) заңсыз шығарылғанымен негіздеген.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.

Шымкент қалалық сотының 2023 жылғы 16 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында жергілікті соттардың іс бойынша қабылдаған сот актілерін заңсыз деп танып күшін жоюды, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұрайды.

Әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда ӘРПК-нің 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымды қолдаған түсініктерін, прокурордың қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.

Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің (бұдан әрі - ӘРПК) 169бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік істер бойынша кассациялық шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК - нің 438 - бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі бұзушылықтар сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады.

Жергілікті соттармен бұл іс бойынша мұндай бұзушылықтарға жол берілген.

Іс материалдарына сәйкес, «UL[...]» ЖШС-мен «GG[...]» (бұрынғы атауы «Жигита») ЖШС-і арасында 2020 жылдың IІІ тоқсанында 134 616 281 теңгеге өзара есеп айырысу болған.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі шемімімен (бұдан әрі - сот шешімі) «UL[...]» ЖШС-нің 2020 жылғы 24 ақпандағы №65 санды бұйрығы негізінде мемлекеттік қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған. Осы сот шемімінің негізінде Сайрам ауданы МКБ-мен 2022 жылғы 28 2022 жылғы 28 жылғы 28 28 маусымда талап коюшыға №5811QR300002 хабарлама жолданған. Хабарламада салық орган талап қоюшы 2020 жылдың IІІ - тоқсанында «UL[...]» ЖШС-мен өзара есеп айырысуы бойынша 14 423 173 теңге қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) негізсіз есепке жатқызғаны көрсетілген.

Осы сот шемімінің негізінде Сайрам ауданы МКБ-мен 2022 жылғы 28 2022 жылғы 28 жылғы 28 28 маусымда талап коюшыға №5811QR300002 хабарлама жолданған.

Жергілікті соттар салық органның Салық кодексінің 96-бабымен көзделген жағдайда хабарлама түзуге толық құқықтық негізі болғанына, талап қоюшымен Салық кодексінің 96-бабының 5-тармағына сай «UL[...]» ЖШС-нен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде алғанын дәлелденбегеніне, хабарламаға Сайрам ауданы МКБ-ң басшысымен қол қойылғанына баға бере отырып талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуға жатады деген тұжырымға келген.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап арыздың уәждеріне заңды бағалаларын бермеген.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 115-бабының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары электронды түрде ұсынылуы мүмкін.

Даулы хабарлама салық төлеушіге электронды түрде жіберілгені анықталды.

ӘРПК-нің 80-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында белгіленген жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда қабылданған әкімшілік актінің мазмұнында лауазымды адамның қолы көрсетіледі. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабымен осы Заңның талаптарына сәйкес келетін қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы (бұдан әрі -ЭСҚ) куәландырылған электрондық құжат эквивалентқағазда қол қойылған құжатпен тең деп белгіленген.

Бұл ретте хабарламада оның деректемелерінде көрсетілген қол қоюшының орнына: Басқарма басшысы А[...] орнына басқа тұлғаның, атап айтқанда, Департамент қызметкері болып табылмайтын Т[...] ЭЦҚ қойылған.

Жоғарыда айтылғандардан хабарламада:

  1. оның деректемелерінде көрсетілген лауазымды тұлғаның ЭЦҚ болмаған;

  2. қол қойған адамның ЭЦҚ-сыз оны электронды түрде қалыптастыру мүмкін емес.

Бұл электрондық құжатқа қойылатын заң талаптарының, оның мәліметтерінде көрсетілген тиісті лауазымды тұлғаның қолымен сәйкестігін тексеру заңдылығын жоққа шығарады дегенді білдіреді. Демек, даулы әкімшілік акт заңсыз болып табылады және күші жойылуға жатады.

Бұл ретте алқа назарын процестік негіздер бойынша хабарламаның күшін жою жауапкерді нысаны бойынша заң талаптарына сәйкес келетін хабарламаны беру құқығынан айырмайтынына аударады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, жергілікті соттардың сот актілері талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарумен жойылуға жатады.

ӘРПК - нің 169 - бабының бірінші бөлігін, АПК - нің 451 - бабының екінші бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 23 сәуірдегі шешімінің, Шымкент қалалық сотының 2023 жылғы 16 тамыздағы қаулысының күші жойылсын, талап арыз қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдансын.

28 маусым 2022 жылғы №5811QR300002 санды хабарлама заңсыз деп танылып, күші жойылсын. Талап қоюшы «GG[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар

Ғ. Әлжанов Б. Нажмиденов

Ж. Ермагамбетова

Көшірмесі дұрыс Судья

Ж. Ермағамбетова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.