ВС РК - Постановление от 12.02.2024 по делу 6001-24-00-3Г/563 (Гражданское)

6001-24-00-3Г/563

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 12 ақпан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ғ.Ж.Мырзаке,

талап қоюшы «Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) жауапкер жеке кәсіпкері Ш[...] (бұдан әрі - Жеке кәсіпкер):

-Қызылорда облысы, [...] нөмірсіз мекенжайындағы кадастрлық нөмірі [...] жер учаскесіндегі құрылысын (бұдан әрі - Қ[...]) өз есебінен бұзу міндеттеу туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 24 қазандағы қаулысына Басқарманың келтірген өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Басқарма жоғарыда көрсеткен талап қоюмен сотқа жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 2 тамыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Жауапкерге Қ[...] өз есебінен бұзуды міндеттелген. Сот шығыстары өндірілген.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 24 қазандағы қаулысымен сот шешімнің күші жойылып, іс бойынша талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған.

Басқарма өтінішхатта істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты апелляциялық қаулының күшін жойып, сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Іс материалдары мен өтінішхатта көрсетілген уәждерді зерделеп, судья төмендегі негіздерге байланысты кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін өтінішхатты беруді керек деген тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Алайда, мұндай заң бұзушылықтарға арызданушының пікірінше іс бойынша жол берілген.

Іс материалдарына қарағанда, Жеке кәсіпкер 2005 жылғы 4 тамызда Қызылорда облысы, [...] нөмірсіз мекенжайында орналасқан көлемі 0,15 га кадастрлық нөмірі 10-154-

005-576 жер учаскесін сатып алып, Шиелі [...] жылғы 11 шілдедегі №107 шешімімен осы жер учаскесіне сауда қатары, автокөлік жуу ғимараттарын (бұдан әрі – Даулы ғимарат) салуға рұқсат алған.

«Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Бөлім) 2016 жылғы 19 шілдеде Жеке кәсіпкерге жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілген. 2018 жылғы 5 тамызда талап қоюшымен құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама қабылданып, №KZ90REA00104009 талоны берілген.

2021 жылғы 14 желтоқсанда даулы ғимарат құрылысына «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қ[...] және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Комитет) тексеру жұмыстары жүргізіліп, даулы ғимарат құрылысының «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің (бұдан әрі – Техникалық регламент) талаптары сақталмай салынғаны анықталған.

Техникалық регламенттің 9-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрғын, қоғамдық және қосалқы ғимараттары арасындағы өртке қарсы қашықтық отқа төзімділік дәрежесіне қарай ең аз қашықтық, ғимараттардың, құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі кезінде 6 метр болуы тиіс, ал 12-қосымшасына сәйкес көлік құралдарын сақтау және қызмет көрсету орындарынан өртке қарсы қашықтық гараждар мен ашық тұрақтардан көрші ғимараттарға дейінгі арақашықтық 10 жеңіл автокөлікке дейін қоғамдық ғимаратқа дейінгі арақашықтық 10 метрді құрайды.

Осы көрсетілген талаптардың сақталмауына байланысты Комитет Бөлімге бұзушылықты жою туралы 2021 жылғы 14 желтоқсанда №126 нұсқаулық берген.

Бөлім 2022 жылғы 10 қаңтардағы №905 бұйрығымен 2016 жылы келісілген Жеке кәсіпкердің даулы ғимараттың нобайлық жобасына берілген келісімнің күші жойылған.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитетінің қызметкерлері маман ретінде берген қорытындыларына сәйкес Даулы ғимарат пен «Береке» сауда үйі ғимаратының ең жақын ара қашықтығы 1,96 метр, ал қашық орналасқан арақашықтығы 3,10 метр құрайды.

Талап қоюшы аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, даулы ғимараттың рұқсаттары жоқ екендігін, жартылай салынған құрылыстың бір бөлігін тиісті рұқсатсыз бұзу жүргізілуі заңсыз екендігін көрсетіп, Қ[...] жауапкердің өз есебінен мәжбүрлеп бұзуды міндеттеуді сұраған.

Бірінші сатыдағы сот, талап қоюды қанағаттандыруын әлеуметтік маңызды сауда ғимаратына өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмай жақын салынған даулы Қ[...] адамдарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндігімен негіздеген.

Апелляциялық сот алқасы, сот шешімнің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуын жауапкер даулы ғимаратты құзыретті

мемлекеттік мекемелердің рұқсатымен, заңды түрде салғанымен, оның өз жер учаскесінде орналасқанымен тұжырымдаған.

Алайда апелляцилялық сатыдағы соттың бұл тұжырымдары, арызданушының пікірінше, заңсыз болып табылады.

Атап айтқанда, даулы ғимарат қауіпсіздік талаптары сақталмағаны жөнінде баяндалған деректер апелляциялық сот алқасының назарынан тыс қалған. Сот қаулысында жауапкерге жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен берілгені және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасы Басқармамен қабылданғаны көрсетілген. Алайда, Басқарма құрылысқа рұқсат беру жұмыстарын жүргізбейтіндігі жөнінде сот отырысында баяндалған.

Қ[...] салуға ниет білдірген тапсырыс берушілер құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес әзірленген құжаттары негізінде арнайы нысанды толтыру арқылы Басқармаға тек алынған рұқсаттардың негізінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының бастайтындығы туралы хабарлама жібереді. Бұл хабарламада тапсырыс беруші тарапынан салынуы белгіленген ғимаратқа қатысты алынған сараптаманың оң қорытындысы және жерге тиісті құқық беретін актісі ұсынылады.

Басқарма ұсынылған құжаттарға сәйкес оның растығын зерделеп яғни, сараптамаға оң қорытындысының және жерге тиісті құқық беретін актісінің бар немесе жоқ екендігін қарайды.

Аталған құжаттар толық болған жағдайда хабарлама жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күн үшін автоматты түрде есепке қойылатындығы жөнінде өкілдің осы мәселе бойынша баяндаған пікірі мүлдем ескерілмей алқаның назарынан тыс қалған.

Сондай-ақ, даулы ғимарат құзыретті мемлекеттік мекемелердің рұқсатымен заңды түрде салған және ғимарат өз жер учаскесінде орналасқан деп сот алқасы қате тұжырымға келген. Себебі, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес меншiк иелерiнің не жер пайдаланушылардың құрылыс салу үшiн (коммуникациялар тартуды, аумақты инженерлiк дайындауды, абаттандыруды, көгалдандыруды және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) жер учаскелерiн пайдалануы тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсат немесе сервитут, аумақты аймақтарға бөлу, қызыл сызықтар және құрылыс салуды реттеу сызықтары, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және пайдалану қағидалары сақтала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қ[...], басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумағында белгіленген тыйым салулар сақтала отырып

жүзеге асырылуы мүмкін.

Сонымен бірге, апелляциялық сот алқасымен 2016 жылы келісілген ғимараттың нобайлық жобасына және осы нобайлық жобаға сәйкес әзірленген жобалау құжаттамасының негізінде «ФК[...]» ЖШС жүргізілген сараптамасының оң қорытындысына назар аударылмаған.

Келісілген нобайлық жобасында жалпы жер учаскесінің көлемі 1500 шаршы метрді құраса, оның құрылыс аумағы 671 шаршы метрді немесе 44,73% құрайтындығы және өз жер учаскесінің аумағынан қоқыс жинақтауға арналған жәшік, кәріз суларын қабылдайтын шұңқыр қарастырылғаны көрсетілген.

Яғни, 2016 жылы әзірленген нобайлық жобада өз жер учаскесінің шекарасынан 1,8 метрге шегіндіріп ғимарат құрылысын орналастырып, құрылысқа қойылатын талаптарға сәйкестендіруге барынша тырысқанымен «Қызылорда облысы, [...] н/з сауда қатары, дәмхана және көлік жуу құрылысы» нысанына қатысты К[...] арызы негізінде Комитетпен жүргізілген тексеру нәтижесінде «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптары өрескел бұзылып, салынып жатқан құрылыспен іргелес орналасқан «Береке» сауда үйінің ара қашықтығы 6 метр ара қашықтықтың сақталмағандығы анықталып, нысанға қатысты берілген эскиздік жобаның күшін жою туралы нұсқама рәсімделіп, бүгінгі таңда нобайлық жобаның күші жойылған. Бұл жөнінде бірінші сатыдағы сот отырыстарына қатысқан үшінші тұлға «МШ[...]» ЖШС өкілі Ә[...] даулы ғимараттың нобайлық жобасын әзірлеген уақытта «Береке» сауда үйі ғимаратымен ара қашықтығын қандай есеппен есептегендігін түсіндіре алмады.

Сот алқасы даулы ғимаратқа көршілес «Береке» сауда үйінің өз жер учаскесінің шекарасынан арақашықтығы да анықталмаған, ғимараттар арасындағы 6 метр арақашықтықты сақтау талабы тек жауапкерге ғана міндетті емес деп заң талаптарына қайшы ұстаным білдірген. Заңның 27-2 бабында ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптары көрсетілген.

Осы баптың 4-тармағына және 10-тармағына сәйкес, салынып жатқан ғимараттар өзге объектілерден белгіленген нормаларға сәйкес қажетті арақашықтықта аулақ орналастыруылға және жарылыс салдарынан жарақаттану сияқты жазатайым оқиғалардың жол беруге болмайтын тәуекелін тудырмайтын болып жобалануға және салынуға тиіс. Меншік иесі тарапынан ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптары сақталмай Заңның 27-2 бабының талабын бұзып, құрылыс жұмыстары жүргізген.

Сот алқасы бірінші сатыдағы сот шешімінің уәждеу бөлігінде көрсетілген мән-жайларға яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188бабының 4-бөлігіне сәйкес, меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың

денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті екендігін назарынан тыс қалдырып, істің нақты мән-жайы бұрмаланған.

Сонымен бірге, Жеке кәсіпкер жергілікті атқарушы органдармен келісілген нобайлық жобадан ауытқыған және тиісті рұқсатсыз өзгерістер енгізген.

Әлеуметтік маңызды Сауда ғимаратына өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмай жақын салынған даулы Қ[...] еліміздің адамдарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндігін бірінші сатыдағы соттың назарға алғанына сот алқасы мән бермеген.

Сот алқасы 6 метр болуы тиіс талабын жауапкер орындамаған деп бірінші саты сотының оның құрылысын бұзуды міндеттеуі біржақты қабылданған шешім болып саналады деп жасаған тұжырымы да қолданыстағы заңнама талаптарына және істің нақты мән-жайларына қайшы келетін заңсыз қаулы қабылдаған.

Арыз берушінің жоғарыда аталған және өтінішхатта көрсеткен басқа уәждері сот отырысында тексерілуге жатады.

АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 24 қазандағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жолдансын.

Судья Ғ.Ж.Мырзаке

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.