Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 28.05.2026 по делу 6003-26-00-2к/701(2) (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 28 мамыр №6003-26-00-2к/701(2) Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Даненова, судьялар М.Ибрагимова, А.Токсанбаев,

аудармашы Т[...], талап қоюшы С[...], оның өкілдері К[...], Б[...], И[...], С[...], жауапкер С[...], оның өкілдері А[...], К[...], үшінші тұлға А[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы С[...] жауапкер С[...] сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қабылданған Түркістан облыстық сотының азаматтық icтep жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 28 қаңтардағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

С[...] жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгініп, жауапкер тарапында даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар С[...], жеке нотариус А[...] қатыстырылған.

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық сотының 2025 жылғы 28 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылып, тараптардың арасында жасалған 2018 жылғы 16 қарашадағы Түркістан облысы, [...] кварталы мекенжайында орналасқан кадастрлық №[...], ауданы 500,0 га жер телімін сыйға тарту шарты жарамсыз деп танылған. Сот шығындары туралы мәселе шешілген.

Түркістан облыстық сотының азаматтық icтep жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 28 қаңтардағы қаулысымен Түркістан облысы Бәйдібек аудандық сотының 2025 жылғы 28 қарашадағы шешімінің күші жойылып, талап қоюшы С[...] жауапкер С[...] сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған.

Талап қоюшы С[...] жауапкер С[...] пайдасына 1 000 000 теңге өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша сот шығындары өндірілген.

С[...] кассациялық шағымында апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың қорытындыларын толығымен теріске шығармағанын, жер телімде орналасқан тиісті түрде құқықтары тіркелген құрылыстар бар

екенін, олар дауланбағанын, құрылыс өзіне, оның астындағы жер жауапкерге тиесілі болуы заңсыз екенін көрсетіп, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 160-бабы 1-тармағына сәйкес оған тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп таниды.

АК-нің 177-бабы 1-тармағында талаптың ескiруi - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденiң бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкiн болатын уақыт кезеңi болып табылады деп көрсетілген.

АК-нің 178-бабы 1-бөлігінде, 179-бабында көзделгендей, талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi. Талап мерзiмiн сот шешiм шығарғанға дейiн дауда тарап жасаған мәлiмдеме бойынша ғана сот қолданады. Талап қойғанға дейiн талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз болады.

АК-нің 506-бабы 1-тармағына сай сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты не өзіне немесе үшінші тұлғаға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді не оны үшінші тұлғаның алдындағы мүлікті міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.

Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы міндеттеме болған кезде сыйға тарту шарты маңызсыз болып саналады. Мұндай шартқа осы Кодекстің 160-бабының 2-тармағында көзделген қағидалар қолданылады.

Осы баптың 3-тармағы бойынша сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейін сый алушыға беруді көздейтін шарт маңызсыз болып табылады.

2018 жылғы 16 қарашада талап қоюшы С[...] пен жауапкер С[...] арасындағы Түркістан облысы, [...], есептік квартал 020 мекенжайында орналасқан, кадастрлық №[...], алаңы 500,0 га жер телімі (бұдан әрі - даулы телім) сыйға тарту шартымен (бұдан әрі - шарт) жауапкерге сыйға берген. Ш[...] Қазақстан облысы нотариалдық округінің нотариусы А[...] куәлендіріліп, тіркеуші органда 2018 жылғы 20 қарашада тіркелген.

Талап қоюшы шартты жарамсыз деп тану туралы талабын мәміленің елеулі жаңылыстыру мен алдаудың ықпалымен жасалғанымен, соңғы жылдары жауапкердің өзін қорқытып, күш қолданғанымен негіздеген.

Осыдан кейін талап қоюшы талап қоюдың негізін бірнеше рет ұлғайтып, 160, 506-баптарымен негіздеп, даулы жерге осы уақытқа дейін иелік етіп, шығындарын көтеріп келе жатқанын, табысын жауапкерге беретін болып,

есесіне жауапкер ол қайтыс болғаннан кейін бұрынғы некеден туған мүгедек баласына қамқор болуды міндетіне алғанын, осыған байланысты мәміленің маңызсыз, жалған немесе қулықпен жасалған болып табылатынын көрсеткен.

Бірінші сатыдағы сот АК-нің 160-бабы 1-тармағын, 506-бабы 3-тармағын қолданып, түйіндерін талап қоюшының іс жүзінде даулы жер телімін пайдаланып келгенімен, жауапкердің жер телімін талап қоюшы қайтыс болғаннан кейін иелік етпек болғанымен негіздеп талап қоюды қанағаттандырған.

Жауапкердің талап мерзімін қолдану туралы өтінішхатын тараптардың арасындағы даудың 2025 жылдың шілдесінде туындағанын негізге алып, қанағаттандырусыз қалдырылған.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сотпен іс бойынша маңызы бар мән-жайларға дұрыс баға берілмеген, материалдық заң нормалары дұрыс қолданылмаған, бұл соттың қате тұжырым жасауына алып келген деп санап, шешімнің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тату туралы жаңа шешім шығарған.

Сот алқасымен келесі тұжырымдар жасалған. Атап айтқанда, талап қоюшымен шарттың алдаудың, елеулі жаңылысудың ықпалымен не болмаса көз алдау үшін жасалғанын растайтын дәлелдемелер сотқа ұсынылмаған, талап қоюшының даулы жерді шарт жасалғаннан кейін де пайдаланып келуі шарттың жалғандығын білдірмейді. Талап қоюшы жауапкердің анасы С[...] 1985 жылдан бастап ерлі-зайыптылық қатынаста болып, 1987 жылғы 3 шілдеде жауапкер туған. Талап қоюшы жауапкердің өзінің биологиялық баласы екенін теріске шығармаған. 1998 жылдан бастап осы уақытқа дейін талап қоюшы С[...] және жауапкермен отбасы ретінде бір мекенжайда тұрып келген. Даулы жерді талап қоюшы мен жауапкер бірлесіп пайдаланған, жер салығы жауапкермен төленген. Ш[...] мазмұнынан талап қоюшымен даулы жер телімін жауапкерге өтеусіз сыйға берген, шартта қандай да бір қарсы міндеттемелер көрсетілмеген. Талап қоюшы сотқа ұсынған, жауапкердің ол қайтыс болған соң бірінші некеден туған мүгедек баласына қамқоршы болуға міндеттенетіні туралы қолхатты алқа дәлелдеме ретінде қабылдануға жатпайды деп есептейді. Себебі, аталған қолхат шарт жасалып жатқан кезде нотариусқа ұсынылмаған, біржақты, тек талап қоюшымен жазылып, қолы қойылған, қолхатта жауапкердің қолтаңбасы жоқ және оның іс жүзінде қашан жазылғаны белгісіз. Ш[...] даулы жердің сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейін сый алушыға берілетіні көзделмеген. Талап қоюшы шарт жасалғаннан кейін 7 жыл өткен соң даулағаны, яғни талап мерзімін өткізіп алғаны, талап қою мерзімін өткізіп алуының дәлелді себептерін ұсынбағаны, жауапкердің мәлімдемесі негізге алып, АК-нің 179-бабы 3-тармағына сай талап қою мерзімін қолданған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы,

заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Апелляциялық сатыдағы сот заң бұзушылыққа жол берген.

АПК-нің 413-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот істi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемде тексередi.

Апелляциялық сатыдағы сот талап қоюшымен 2018 жылы сыйға берілген жер телімі іс жүзінде жауапкерге берілмегені, ол жер телімін талап қоюшының өзі пайдаланғаны мәміленің құқықтық салдар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалғанының бекітетін дәлелдеме бола алмайтыны туралы түйінін негізсіз деп санайды, себебі талап қоюшының осы іс-әрекеттері іс жүзінде сыйға тарту шартын жасау ниеті болмағанын көрсетеді.

Бірінші сатыдағы сотта сұралған куәлер К[...], А[...], А[...], А[...], А[...], С[...] және Р[...] даулы жер телімінде мал қора мен шипалы су бойынша емделу орны бар екені, ол жерде басшылықты және еңбек ақыны талап қоюшы төлегенін, талап қоюшының ұлы сол жерге келіп талап қоюшыға көмектескенін көрсеткен.

Одан бөлек, жауапкер бірінші сатыдағы сотта, даулы жер телімін талап қоюшы қайтыс болғаннан кейін иелік етпек болғанын, дау 2025 жылғы шілдеде талап қоюшыдан даулы жер теліміндегі үлесінің 30 пайыз үлесін талап еткен уақытта, олардың арасында келіспеушілік туындағанын көрсеткен.

Іс жүзінде талап қоюшы жер телімін жауапкерге бермегеніне, өз кезегінде жауапкер ол жер телімін қабылдап алмағанына дұрыс құқықтық баға бермеген. Бұл жағдайда тараптардың арасында бір мәмілені басқа мәмілемен бүркемелеу мақсаты болмаған.

Ал, даулы жер теліміндегі соғылған құрылыстарға қатысты құқықтар бойынша даулы шартпен қамтылмағанына апелляциялық сатыдағы сот мүлдем құқықтық баға берілмеген.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 52-бабының 1-тармағына сәйкес осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, үйге (құрылысқа, ғимаратқа) меншік құқығы көрсетілген үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесiне заңнамада белгiленген тәртiппен меншiк құқығын бiлдiредi. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк заңды тұлғалардың үйге (құрылысқа, ғимаратқа) шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы көрсетілген объектілер орналасқан жер учаскесiне белгіленген тәртіппен тұрақты жер пайдалану құқығын бiлдiредi. Көрсетілген құқықтар бiр-бiрiнен ажыратылмайды.

Даулы мәмілемен жер телімі ғана сыйға тартылған. Ал, оның үстінде орналасқан құрылыстарға қатысты құқықтары туралы шешілмеген. Мұндай жағдайда даулы мәмілені заңды деп бағалауға жатпайды, себебі жоғарыда аталған материалдық құқық нормасының талаптарына сәйкес жер мен оның үстіндегі құрылыстар бір-бірінен ажыратылмайды.

Сондай-ақ, апелляциялық сатыдағы соттың даулы мәміле жасалғаннан бері жеті жыл өтіп кеткеніне байланысты талап қоюдың ескіру мерзімін қолдану туралы тұжырымы да негізсіз, себебі даулы жер телімі және онда орналасқан құрылыстар талап қоюшының иелігінен шықпаған. Мұндай жағдайда, АК-нің 187-бабы 4) тармақшасына сәйкес талап қою мерзімі қолданылмайды. Осы тұрғыда бірінші сатыдағы соттың талап қою мерзімін қолданылмағаны дұрыс, алайда негіздемесі жоғарыда көрсетілген мәнжайлармен ауыстырылуға жатады.

Апелляциялық сатыдағы сотпен істің мән-жайы толық және дұрыс анықталған, алайда материалдық құқық нормаларын қолдануда қателік жіберген, нәтижесінде дау дұрыс шешімін таппаған. Осы мән-жайларды ескеріп, сот істі жаңадан қарауға жібермей, апеллляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруға, кассациялық шағым қанағаттандыруға жатады деп табады. Себебі, бірінші сатыдағы сотпен іс үшін маңызы бар мән-жайлар дұрыс анықталып, мәні бойынша дұрыс шешім шығарылған.

Сәйкесінше, АПК-нің 117-бабы 1-тармағына сәйкес талап қоюшы мемлекеттік баж төлеуден босатылғанына байланысты жауапкерден мемлекет пайдасына 983 теңге мемлекеттік баж өндіріледі.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 8)-тармағын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Түркістан облыстық сотының азаматтық icтep жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 28 қаңтардағы қаулысының күші жойылсын.

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық сотының 2025 жылғы 28 қарашадағы шешімі күшінде қалдырылсын.

Жауапкер С[...] мемлекет пайдасына 983 (тоғыз жүз сексен үш) теңге мемлекеттік баж өндірілсін.

Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші судья А.Даненова

М.Ибрагимова

Судьялар

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.