6001-21-00-3г/1486
ҚАУЛЫ
2021 жылғы 26 сәуір Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы С.Ж.Абдолла,
талап қоюшы А[...] жауапкер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Мекеме) жұмыстан босату туралы 2020 жылғы 30 шілдедегі №62 бұйрықты заңсыз деп тану, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген күндеріне жалақы өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Қызылорда облысы Қызылорда қалалық сотының 2020 жылғы 4 қарашадағы шешімін, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 28 қаңтардағы қаулысын қайта қарау туралы жауапкердің келтірген өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
А[...] сотқа жоғарыдағы көрсетілген талап қою арызымен жүгінген.
Қызылорда облысы Қызылорда қалалық сотының 2020 жылғы 4 қарашадағы шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылған.
Мекеменің 2020 жылғы 30 шілдедегі №62 ж/қ бұйрығы заңсыз деп танылып, күші жойылған.
Талап қоюшы Мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы лауазымына қайта орналастырылған.
Мекемеден талап қоюшының пайдасына амалсыз бос жүрген уақытына орташа жалақысы 704 161 теңге өндірілген.
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 28 қаңтардағықаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертілген.
Шешімнің Мекеменің 2020 жылғы 30 шілдедегі №62 бұйрығын заңсыз деп тану туралы бөлігі өзгертіліп, бұйрықтың тек А[...] қатысты бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылған.
Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс бойынша анықталғандай, А[...] Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/1 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инпекторы қызметінатқарған.
2020 жылғы 30 маусымдағы сотқа дейінгі тергеп тексеруді тоқтату туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қаулысымен қылмыстық іс бойынша ЗК169/1 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инпекторы А[...] пен осы мекеменің басқа да жауапты тұлғаларының әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабында қаралған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылып, Мекеменің өзіндік қауіпсіздік басқармасына А[...] қызметтік мәселесін қарап, шешу ұсынылған.
2020 жылғы 29 шілдедегі қызметтік тергеу қорытындысымен жүргізілген тексеру қорытындысын Мекеменің тәртіптік комиссиясында қарап, талқылау ұсынылған.
Мекеменің 2020 жылғы 30 шілдедегі №145 тәртіптік комиссия шешімімен А[...] ішкі істер органдарынан теріс қылықтармен жұмыстан шығаруға шешім етілген.
Мекеменің 2020 жылғы 30 шілдедегі №62 ж/қ бұйрығымен «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-бөлігін, 17-бабы 8-тармағын, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 49-бабы 1-бөлігінің 1, 3 және 7 тармақшаларын және 52 бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 1-бөлігінің 1-тармағы, 2-бөлігінің 13тармағының талабын бұзғаны үшін, А[...] Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 80-бабы 1- тармағы 13) тармақшасымен ішкі істер органдарынан теріс қылықтармен жұмыстан шығарылған. Төменгі сатыдағы соттар, талап арызды қанағаттандыра отырып, Мекеме жұмыстан босату туралы бұйрық шығару күні А[...] жұмыста болу-болмауын тексермей, оның еңбекке жарамсыз парағында болуына қарамастан, заң талаптарына назар аудармағанын көрсеткен.
Өтінішхатта талап қоюшы іс бойынша қабылданған апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен келіспей, соттың тұжырымдары істің мәнжайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, материалдық құқық нормаларының бұзылғанына сілтеме жасап, қаулының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Өтінішхат иесі, соттардың тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан астам уақыт өтті жазалауға жатпайды деп тұжырым жасауы қате деп есептейтінін, себебі А[...] тарапынан жасалған тәртіптік теріс қылықтың аяқталған уақытына соттармен құқықтық баға берілмегенін көрсеткен.
Сонымен қатар, А[...] тәртіптік комиссия отырысына қатысып, өзінің ауырып тұрғандығы жөнінде мәлімдеме жасамай, 30 шілде, 4 тамыз, 10 тамыз күндері қылмыстық-атқару жүйесінде бола тұра басшылыққа, кадр қызметіне уақытша еңбекке жарамсыздық парағын аштырғандығын не себепті хабарламағандығы, куә Ж[...] 30 шілде күні А[...] ЗК-169/1 мекемесінде болды, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы айтқан жоқ деген уәждері сотпен негізге алынбағанын көрсетеді. А[...] уақытша еңбекке жарамсыз екендігі жөніндегі мәлімет жұмыс берушіге оны жұмыстан босату туралы бұйрық қабылданғаннан кейін, сотқа талап арыз берілгеннен кейін белгілі болғанын көрсеткен.
Судья өтінішхатта көрсетілген уәждердің іс үшін маңызы бар екендігін және даулы сот актісін қайта қарауға негіз болатынын ескере отырып, оны іспен бірге алқа отырысында қарауға жолдау қажет деп санайды.
АПК-тің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қызылорда облысы Қызылорда қалалық сотының 2020 жылғы 4 қарашадағы шешімін, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 28 қаңтардағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы жауапкердің өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасына сот отырысында қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі өтінішхат берген тұлғаға жолдансын.
Судья С. Абдолла Көшірмесі дұрыс.
Судья С. Абдолла
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.