КСАД РК - Определение от 13.04.2026 по делу 6003-26-00-4к/13 (Административное)

ҰЙҒАРЫМ

2026 жылғы 13 сәуір № 6003-26-00-4к/13 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы М.А. Қасымов

Астана қалалық соты төрағасының «Жалғызтөбемұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - ЖШС) жауапкер «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - РММ) тексеру актісіне және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға дау айту туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істің соттылығын айқындау туралы ұсынысын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС-нің жауапкер «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» РММ-нің тексеру актісіне және бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы заңсыз деп танып күшін жоюды сұраған. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2026 жылғы 5 ақпандағы ұйғарымымен әкімшілік іс соттылығы бойынша қарау үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген.

Сот істі соттылығы бойынша жіберген кезде талап қоюшының инвестор екендігімен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 102бабының үшінші бөлігі негізінде, Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының соттылығына жататынын атап көрсеткен.

Өз ұсынысында Астана қалалық сотының төрағасы осы әкімшілік істің соттылығын айқындауды сұрайды.

Ұсынысты қарап, іс құжаттарды зерттеп, судья төмендегідей тұжырымға келді.

ӘРПК-нің 109-бабының бірінші бөлігіне сәйкес соттар арасындағы соттылық туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. ӘРПК-нің 106-бабының үшінші бөлігінде электрондық құжат нысанында шығарылған әкімшілік акт талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша қаралатыны көзделген.

ӘРПК-нің 108-бабы екінші бөлігінің 1) тармағының талаптарына сай, егер әкімшілік істі осы сотта қарау кезінде оның іс жүргізуге соттылық қағидалары бұзыла отырып қабылданғаны анықталса, сот әкімшілік істі басқа соттың қарауына беруі тиіс.

Іс материалдарында анықталғандай, талап қоюдың тақырыбы тексеру актісіне және жоспардан тыс тексеру жүргізу нәтижелері бойынша Департамент шығарған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға дау айту.

Дауланып отырған нұсқама мемлекеттік органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде қабылданған әкімшілік актісі болып табылады және талап қоюшыға еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарды жою бойынша міндеттерді жүктеуге бағытталған.

Талап қою талаптарының мазмұнынан көрініп тұрғандай, дау инвестициялық келісімшартты орындаумен байланысты емес, инвестициялық қызметтен туындамайды және инвестордың инвестициялық қатынастар субъектісі ретіндегі құқықтарын қорғауға бағытталмаған.

Талап қоюшының инвестор ретіндегі мәртебесінің өзі ғана дауды инвестициялық санатқа жатқызуға болмайды.

ӘРПК-нің 106-бабының талаптарына сай, әкімшілік істер әкімшілік актінің шығарылған орны бойынша немесе жауапкердің орналасқан жері бойынша қаралуға жатады.

Демек, іс бойынша жауапкер Маңғыстау облысының аумағанда орналасқан, даулы әкімшілік актіні аталған орган қабылдаған, сол себепті бұл іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының соттылығына жатпайды.

Осыған байланысты Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты осы әкімшілік істі соттылық қағидаларын сақтай отырып қабылдаған, істі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберуге негіз жоқ.

Соттар арасында туындаған істің соттылығы туралы дауды қараған кезде жоғары тұрған сот осы істің соттылығы мәселесіне қатысты шығарылған сот актілерінің күшін жоймайды, тек істің нақты бір соттың соттылығына жататынын айқындайды.

ӘРПК-нің 109-бабының бірінші бөлігін басшылыққа алып, судья

ҰЙҒАРДЫ:

«Жалғызтөбемұнай» ЖШС-нің жауапкер «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» РММ тексеру актісіне және бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы заңсыз деп танып күшін жою туралы талап қоюы бойынша әкімшілік іс Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілсін.

Астана қалалық сотының төрағасының ұсынысы қанағаттандырылсын.

Ұйғарым түпкілікті, шағым берілуге және наразылық келтіруге жатпайды.

Судья

М. Қасымов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.