ВС РК - Постановление от 01.11.2023 по делу 6001-23-00-6ап/741 (Административное)

ҚАУЛЫ

2023 жылғы 1 қараша 6001-23-00-6ап/741 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү. Баймаханов, судьялар – Ж.Б.Ермагамбетова, Е.Д.Өміралиев болып,

жауапкер «Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі Ж[...] қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшылар «А[...]» шаруа қожалығының төрайымы «А[...]» Нурбетованың, осы қожалықтың мүшесі Ж[...], «Қ[...]» шаруа қожалығының төрағасы Д[...] жауапкерлер «Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округінің әкіміне іс-әрекеттерін заңсыз деп танып, материалдық шығынды өндіру туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 5 қаңтардағы ұйғарымына, Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 ақпандағы ұйғарымына талап қоюшы «А[...]» шаруа қожалығының мүшесі Ж[...] және оның өкілі С[...] келтірген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 5 қаңтардағы ұйғарымымен талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылып, талап қоюы қайтарылған.

Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 ақпандағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы күшінде қалдырылған.

Талап қоюшылар кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, бірінші сатылы сотқа жаңадан қарауға жолдауды сұраған.

Талап қоюшылар сотқа келген жоқ, ал олардың өкілі істі мобильді бейнеконференцбайланыс арқылы қарауды сұраған.

Сот алқасының отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында қарауға тағайындалған болатын. Талап қоюшы өкілінің сотқа келмеуі туралы уәжін сот дәлелді деп санамайды.

Жауапкер Жамбыл облысы, [...] әкімінің өкілі тиісті тұрде хабарланған болатын, алайда сотқа келген жоқ, себептерін хабарламады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Жауапкер өкілінің шағыммен келіспеген пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-ның 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-ның 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Істің мән-жайларына қарағанда талап қоюшылар жауапкердің 2022 жылғы 12 мамырдағы әрекеттерін заңсыз деп есептеп және келтірілген шығынды өндіруді сұрап 2022 жылдың 23 қарашасында сотқа жүгінген.

ӘРПК-ның 136-бабының екінші бөлігіне сай әрекет жасау туралы талап қою адамға әрекеттің жасалғаны туралы мәлім болған, сондай-ақ әрекет жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткен күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.

Талап қоюшы бұл мерзімді дәлелді себептерсіз өткізіп алғаны сотта анықталған.

ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес, сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартса, сот талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады. Сондықтан соттардың талап қою арызын қайтаруы негізді болып табылады.

АПК-ның 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды. ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 5 қаңтардағы ұйғарымы, Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 ақпандағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы «А[...]» шаруа қожалығының мүшесі Ж[...] және оның өкілі С[...] келтірген кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

С. Баймаханов

Судьялар Ж. Ермагамбетова

Е. Өміралиев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.