6001-22-00-6ап/2654
Ұ Й Ғ А Р Ы М
2024 жылғы 9 шілде Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья Г.Б.Дуйсенбаев,
судьялар Б.Т.Нажмиденов, Г.К.Нұрбаев болып,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында талап қоюшы К[...] жауапкер жеке сот орындаушы К[...] атқарушылық өндірісін қозғау туралы қаулыны заңсыз деп тану, атқару парағын кері қайтаруды міндеттеу туралы әкімшілік ісі бойынша
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 9 тамыздағы қаулыдағы қатені түзету туралы сұрақты сот отырысында қарап,
2023 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасында жауапкердің Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 3 қарашадағы қаулысына кассациялық шағымы бойынша жоғарыда аталған әкімшілік істі қарады.
Кассациялық сатыда апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз, жауапкердің келтірген кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Алайда, қаулының резолютивтік бөлігінде «Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 3 қарашадағы қаулысы өзгеріссіз, жауапкер К[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын» орнына «Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 14 сәуірдегі шешімі және Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 26 шілдедегі қаулысы өзгеріссіз, жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын» деп қате көрсетілген.
Айтылғандардың негізінде, сот алқасының бастамасы бойынша қатені түзету туралы мәселені шешу қажет.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 1 - бабы 3-бөлігі екінші абзацының ережелеріне сәйкес, егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) ережелері қолданылады.
АПК-нің 235-бабында шешімдегі қате жазулар мен анық арифметикалық қателердi түзету қарастырылған.
АПК-нің 426-бабының 3-бөлігіне сәйкес осы Кодекстің 235-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы сот қаулысында жіберілген тізімдемелер мен айқын арифметикалық қателерді түзету туралы мәселені қарауға құқылы.
АПК-нің 235-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот шешімдегі қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету туралы арызды өз қалауы бойынша, іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға құқылы. Іс материалдарын зерделеп, сот алқасы қате түзетілуге жатады деп санайды.
АПК-нің 426-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, судья
Осы іс бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 9 тамызда шығарылған қаулыдағы қате түзетілсін.
Қаулыдағы «Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 14 сәуірдегі шешімі және Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 26 шілдедегі қаулысы өзгеріссіз, жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын» деген қате жазу «Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 3 қарашадағы қаулысы өзгеріссіз, жауапкер К[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын» деген жазуға өзгертілсін.
Төрағалық етуші Дуйсенбаев Г.Б. Судьялар Нажмиденов Б.Т. Нұрбаев Г.К.
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.