ВС РК - Постановление от 26.10.2023 по делу 6001-23-00-6ап/333 (Административное)

ҚАУЛЫ

2023 жылы 26 қыркуйек 6001-23-00-6ап/333 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (сот алқасы) құрамында:

төрағалық етуші – судья Ш.Т.Даниярова, судьялар – Е.Ж.Өміралиев, Ғ.Ө. Әлжанов болып,

талап қоюшы Ә[...], талап қоюшының өкілі Т[...], жауапкердің өкілі Б[...], мүдделі тұлғаның өкілі Б[...] қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Әсем-Наз» өндірістік кооперативінің Әйтеке би ауданының әкімшілігіне жылжымайтын мүлікті жария ету комиссиясының 2007 жылғы 14 мамырдағы шешімін даулау туралы талап қою бойынша әкімшілік ісін

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 27 қазандағы ұйғарымына және Ақтөбе облысының әкімшілік істер жөніндегі сот алқысының 2022 жылғы 20 желтоқсаныңдағы ұйғарымына талап қоюшы «Әсем-Наз» өндірістік кооперативінің кассациялық шағымың қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

«Әсем-Наз» өндірістік кооперативі сотқа Әйтеке би ауданының әкімшілігіне жылжымайтын мүлікті жария ету комиссиясының 2007 жылғы 14 мамырдағы шешімін заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінді.

Талап қоюшы сотқа жүгіну мерзімін қалпына келтіру туралы арызымен шағымданды. Дауланып отырған шешім туралы 2022 жылғы сәуір айында білгенін, бірден прокуратура органдары мен жер қатынастары бөліміне арызданғанын, олардан 2022 жылғы мамырда жауап алып, дауды өзара шешу мақсатында К[...] пен С.А. Соткаровтың атына хат жазғанын, жауап болмаған соң, амалсыз маусым айында аудандық сотқа жүгінуге мәжбүр болғанын көрсеткен. 2022 жылғы қыркүйек айында іс аудандық соттың қарауына жатпауына орай қайтарылған. Сол себептерден сотқа уақытында шағымданбағаның көрсетті.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 27 қазандағы ұйғарымымен талап қоюшы «Әсем-Наз» өндірістік кооперативінің Әйтеке би ауданының әкімшілігіне жылжымайтын мүлікті жария ету комиссиясының 2007 жылғы 14 мамырдағы шешіміне дау айту туралы талапты берудің процессуалдық мерзімін қалпына келтіру туралы арызын қанағаттандырудан бас тартылды, талап қоюы барлық тіркелген құжаттарымен бірге қайтарылды. Ақтөбе облысының әкімшілік істер жөніндегі сот алқысының 2022 жылдағы 20 желтоқсаныңдағы ұйғарымымен талап қоюшы «Әсем-Наз» өндірістік кооперативінің жеке шағымы қанағаттандырусыз, сот ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылды.

Кассациялық шағымында талап қоюшы жергілікті соттардың ұйғарымдарымен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып әкімшілік істі аудандық сотқа мәні бойынша қарауына жолдауды сұрады.

Тараптардың түсініктемелерін тыңдап, іс құжаттарын және кассациялық шағымында көрсетілген уәждері зерттеп, алқа келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша осындай заң бұзышылықтар орын алмаған.

ӘРПК-нің 136- бабының 5-бөлігіне сәйкес құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы.

Аталған мерзім тыйым салу мерзімі болып табылады және қалпына келтіруге жатпайды.

Осыған байланысты, сот алқасы жергілікті соттардың ұйғарымдарымен толық келіседі. АПК-тің 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармақшасына сайкес кассациялық сатыдағы сот бөтен адамдардың болуын және кеңес құпиясының жария етілуін болғызбайтын жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымын, қаулысын – күшінде, ал өтiнiшхатты немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады.

ӘРПК-тің 169-бабыны және АПК-тің 451-бабы 2-бөлігінің 1- тармақшасына сәйкес, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 27 қазандағы ұйғарымы және Ақтөбе облысының әкімшілік істер жөніндегі сот алқысының 2022 жылғы 20 желтоқсаныңдағы ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылсын.

Талап қоюшы «Әсем-Наз» өндірістік кооперативінің кассациялық шағымың қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Ш.Даниярова Е.Өміралиев Ғ. Әлжанов

Судьялар:

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.