ВС РК - Постановление от 17.02.2020 по делу 6001-19-00-3Г/8701 (Гражданское)

6001-19-00-3г/8701

Қ А У Л Ы

2020 жылғы 17 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы И[...],

арыз беруші М[...] «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) келтірген есептен шығару туралы бұйрығын және тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімін заңсыз деп тану, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге міндеттеу туралы арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының 2019 жылғы 26 сәуірдегі шешімін және Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысын қайта қарау туралы Басқарманың келтірген өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

Арыз беруші М[...] сотқа жоғарыда көрсетілген арызбен жүгінген.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының 2019 жылғы 26 сәуірдегі шешімін және Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі шешімімен арыз берушінің арызы қанағаттандырылған.

Басқарманың 29 желтоқсан 2018 жылғы №02-41/291 бұйрығының, НұрСұлтан қаласы әкімдігінің 19 нөмірлі 21 желтоқсан 2018 жылғы хаттамалық шешімінің коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж жандар есебінен М[...] шығару туралы бөлігі заңсыз деп танылған.

Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігі Басқармаға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж жандар есебіне қайта тұрғызып, құқық бұзуға дейінгі жағдайды қалпына келтіру міндеттелген.

Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта Басқарма соттар істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзғанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, арызын толық көлемде қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Іспен анықталғандай, М[...] 2010 жылғы 8 сәуірінен бастап «оралман» категориясы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж жандар есебіне кезекке тұрған.

Сонымен бірге, арызға М[...] 29 қаңтар 2010 жылы Қазақстан Республикасының азаматы ретінде берілген жеке куәлігінің көшірмесін тіркеген.

Кейіннен, 2018 жылғы 29 желтоқсандағы Басқарманың бұйрығына және Астана қаласының Әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы хаттамалық шешіміне сәйкес арызданушы М[...] коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын «оралман» санаты бойынша кезектен шығарылған.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 73-бабының 1-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес азаматтарды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж жандар есебінен алып тастау тек қана мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру негіздері жойылған жағдайда ғана мүмкін.

Іс құжаттарынан арызданушы М[...] жұбайымен ажырасып екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырғаны, «толық емес отбасы» екені көрінеді.

Алайда уәкілетті органға отбасы құрамының өзгергендігі туралы қандай да болмасын өтінішпен жүгінбеген.

Өтінішхатта «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес оралман мәртебесі Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылатындығы көрсетілген.

Сол сияқты өтінішхатта М[...] Қазақстан Республикасының азаматтығын алғандығын ескере отырып, Астана қаласының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы өз алдына қолданыстағы заң нормаларында көзделмеген іс-әрекеттерге баруына, яғни қандай да болмасын мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға артықшылық көрсетуге құқығы жоқ екендігі айтылған. Жергілікті соттармен жоғарыда айтылған мән-жайлар, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың талаптары ескерілмеген. Өтінішхат иесінің осы азаматтық дауды реттейтін материалдық және процестік заңнамаларды сот дұрыс қолданбады деген уәждері ескерілуге және тексерілуге жатады.

Судья өтінішхат берушінің көрсетілген уәждері сот актісін қайта қарауға негіз болатынын басшылыққа алып, азаматтық істі алқа отырысында қарау үшін беру қажет деп санайды.

АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып,

судья

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

«Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының 2019 жылғы 26 сәуірдегі шешімін және Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.

Судья

И[...]

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.