Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 10.12.2025 по делу 6003-25-00-2к/2970 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 10 желтоқсан №6003-25-00-2к/2970 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,

талап қоюшының өкілі Б.Орынбаев, жауапкер мен үшінші тұлғалардың өкілі А.Жумажанова, жауапкердің өкілі Р.Дюсенбаев, үшінші тұлғалар М.Тасов, К.Акжигитовтің қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Ардак Мейрхановна Амированың жауапкер Руза Кадыровна Пакқа, Наталья Андреевна Кимге талап ету құқығын беру шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қабылданған Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 9 қаңтардағы шешіміне және Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 наурыздағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

А.Амирова сотқа берген талап қоюын даулы шарттар кепілге салу шарттарын бүркемелегенімен негіздеген.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 9 қаңтардағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.

Талап қоюшыдан жауапкерлердің әрқайсысының пайдасына өкіл көмегіне жұмсалған 500 000 теңге сот шығыны өндірілген.

Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 наурыздағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшыдан жауапкерлердің әрқайсысының пайдасына өкіл көмегіне жұмсалған 300 000 теңге сот шығыны өндірілген.

Талап қоюшы кассациялық шағымында, жергілікті соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Іс құжаттарына сәйкес, 2024 жылғы 9 қаңтардағы қолхат бойынша Мұрат Баймұрзаевич Тасов Дәулет Құлжанұлы Мырзабайдан бір айға 10 000 000 теңге алып, 2024 жылдың 9 ақпанында қайтаруға міндеттенген.

2024 жылғы 18 қаңтардағы қолхат бойынша Мұрат Баймұрзаевич Тасов Қайрат Құлжанұлы Ақжигитовтан бір айға 32 000 000 теңге алып, бір айдан кейін толық қайтаруға міндеттенген.

Нотариус С.А. Алексеева тізілімде №1077 куәландырған 2024 жылғы 12 сәуірдегі талап ету құқығын басқаға беру (цессия) шартына сәйкес, Астана қаласы, Алматы ауданы, Ж.Нәжмиденов көшесі мен А85, А86 жолдарының қиылысы (жобалық атауы) мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 1,1846 (га) құрылыс алаңында кадастрлық № 21:318:128:1379 санды, салынып жатқан «SANSY» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінде кіріктірілген үй-жайлары және паркинг орнымен А блогы, 1-кіреберіс, 1-дәлізден 6-қабаттағы алдын ала (шартты түрде) №3 пәтер, жалпы ауданы 68,96 ш.м. үш бөлмелі пәтерді тіркеу құқығымен талап ету құқықтары мен міндеттері А.М. Амировадан Р.К.Пакқа берілген.

Көрсетілген талап ету құқығын беруді тараптар шартқа қол қойғанға дейін 20 688 000 теңге көлемінде бағаланған.

Ары қарай, нотариус Г.Т. Керимбергенова куәландырған 2024 жылғы 5 қарашадағы жоғарыда көрсетілген пәтерді талап ету құқығын беру шарты бойынша Р.К.Пак Н.А.Кимге 18 700 000 теңгеге бағаланған.

Нотариус С.А. Алексеева тізілімде № 1076 куәландырған 2024 жылғы 12 сәуірдегі талап ету құқығын басқаға беру (цессия) шартына сәйкес Астана қаласы, Алматы ауданы, Ж.Нәжмиденов көшесі мен А85, А86 жолдарының қиылысы (жобалық атауы) мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 1,1846 (га), құрылыс алаңында кадастрлық №21:318:128:1379 санды, салынып жатқан «SANSY» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінде кіргізілген үй-жайлары және паркинг орнымен Б блогы, 1-кіреберіс, 1-дәлізден 9-қабаттағы алдын ала (шартты түрде) №4 пәтер, жалпы ауданы 67,17 ш.м. екі бөлмелі пәтерді тіркеу құқығымен талап ету құқықтары мен міндеттері А.М. Амировадан Р.К.Пакқа берілген.

Көрсетілген талап ету құқығын беруді тараптар шартқа қол қойғанға дейін 20 151 000 теңге көлемінде бағаланған.

Е.Қ. Әлібектің «ForteBank» АҚ есеп шотындағы үзіндіге сәйкес, К.К. Ақжигитовтың шотына 11 120 502 теңгені, атап айтқанда 2024 жылғы 15 наурызда екі рет 3 500 000 теңгені және 2 000 000 теңгені, 2024 жылғы 18 наурызда 2 120 502 теңгені (басқа өтеусіз аударымдар) аударған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі–АК) 147-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары

мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.

АК-нің 158-бабы 1-тармағына сәйкес мазмұны заңнамалық талаптарға сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы басқа да заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін. АК-нің 160-бабы 2-тармағына сәйкес егер мәміле екінші бір мәмелені бүркемелеу (қулықпен) мақсатымен жасалса, тараптар шын мәнінде ойлаған мәмілеге қатысты ережелер қолданылады.

«Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі №6 нормативтік қаулысының 21-тармағында көрсетілгендей, бүркемеленген мәміле бойынша істерді қарау кезінде соттар АК-нің 160-бабының 2-тармағының мағынасын негізге алуы қажет. Заңның аталған нормаларының ережелері бойынша мәмілелердің қаралып отырған санаты екі түрден: бүркемелейтін (қулықпен жасалған) және бүркемеленген мәміледен тұрады (мысалы, сатып алу және сату шарты сенімхатпен, қарыз және одан кейінгі кепілдік шарты сыйға тарту, сату және сатып алу шарттарын ресімдеумен, өсиет шарты сыйға тарту шартымен бүркемеленеді және сол сияқты).

Қулықпен жасалған мәмілелер – мәміле қатысушыларының ниеттері туралы жалған түсініктері қалыптастырумен белгілі бір тұлғаларды, мәмілеге қатыспайтындарды алдау мақсатында жасалған әрекеттер болып табылады. Қулықпен жасалған мәміленің белгісі – тараптардың іс жүзінде емес, заңды түрде рәсімделмеген (бүркемеленген) басқа мәмілені орындауы.

М.Б.Тасовтың К.К.Акжигитовтен екі қолхат бойынша 42 000 000 теңге сома ақша алғаны, оның ішінде 10 000 000 теңгені соңғының бауыры Д.К.Мырзабай бергенін тараптар дауламайды.

АК-нің 392-бабы 1-тармағы 1-3 тармақтарына сәйкес сотпен шарт ережелерiн түсiндiрген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердiң сөзбе-сөз мәнi ескерiледi. Шарт ережесiнiң сөзбе-сөз мәнi түсiнiксiз болған ретте ол бүкiл шарттың басқа ережелерiмен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.

АК-нің 382-бабы 1-тармағы 1-тармақына сәйкес, шарттың шарттары мазмұны тараптардың өз қалауы бойынша анықталады. Сот мәміле тараптарының мәміле шарттарын, оның ішінде мәміле нысаны мен төлемі бойынша шарттарды алдын-ала ескертіп келіскен деп санайды. АПК-нің 72-бабының ережелеріне сәйкес, әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс.

Талап қоюшы даулы мәмілелер екінші бір мәмелені бүркемелеу мақсатымен жасалғанын жол берілетін және қатысты дәлелдемелерді ұсынбаған.

Аталған шарттарды тараптар ескертпелерсіз жасаған, мәмілелердің шарттарымен келіскен. Талап қоюшы А.М. Амироваға пәтерлерге құқықты иеліктен шығаруға ері М.Б. Тасов келісімін берген. Бұл жағдайда талап қоюшы оның нағыз еркі мен қалауын білдіру арасындағы сәйкессіздік болу дәлелдерін ұсынбаған. Тараптардың келісімі бойынша М.Б.Тасовтың 42 000 000 теңге қарызы пәтердің құнына жатқылып есептелген.

Істі материалына сәйкес қарыздың жартысын қайтару расталмаған. М.Б. Тасовтың бауыры К.К. Акжигитовтың шотына жасалған аударымдары М.Б. Тасовтың берешегін өтеу есебінен жасалғанын дәлелденбеген.

Сондай-ақ, жергілікті соттармен куә Е.Қ.Әлібектің берген түсіндірулерін мен жасалған аударымдарын, бұл куә М.Б.Тасовтың туысы болуына байланысты даудың талап қоюшының пайдасына шешілуіне мүдделі екенін, аударым жасалғанда негіздемесі көрсетілмеген және бір түбіртекте қайтарымсыз аударым деп көрсетілгенін ескеріп, бұл уәжге сын баға бергені дұрыс. Сонымен қатар, М.Б. Тасов куәнің аударған ақшалары оның ақшасы болған деп мәлімдесе, куә ақшаны өзінің ақшалай қаражатынан аударғанын түсіндірген.

Өз кезегінде, К.К. Акжигитов қолма-қол 10 000 000 теңгені алмағанын көрсеткен.

2024 жылғы шілде, тамыз айларында М.Б. Тасовта берешекті қайтару үшін 20 000 000 теңгеден астам ақша қаражаты болғаны ешқандай дәлелдермен расталмаған.

Қарыз алушыда қолхаттардың түпнұсқаларының болуы сот тарапынан пәтерлердің қарыз есебінен бергеннің дәлелі ретінде қарастырылатыны даусыз. Осыған орай, қулықпен жасалған мәміле деген талап қоюы дәлелденбеген.

Талап қоюшы мүдделі тұлға яғни ақшаны қарызға алған адам болмауына байланысты мәмілелерді қулықпен жасалды деген негізбен даулай алмайтыны туралы тұжырым жасаған.

Апелляциялық сатыдағы сот шешіммен келіскен.

Жергілікті соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталып, олардға тиісті құқықты баға берген, қорытындылар істің мән-жайларына сәйкес келеді, соттармен процестік және материалдық құқық нормалары бұзылмаған.

Талап қоюшымен кассациялық шағымда сілтеме жасалған М.Б.Тасов пен К.К.Акжигитовтің арасындағы 2024 жылғы 13 тамыздағы аудиожазбасында М.Б.Тасов К.К.Акжигитовтен қарызы туралы қолхаттарды пәтерлерді бергендіктен қайтаруын сұраған. Сотта бұл қолхаттар М.Б.Тасовқа

қайтарылғанын тараптар жоққа шығармады. Бұл мән-жай даулы пәтерлер қарыз есебіне берілгенін бекітеді. Мұндай жағдайда талап қоюшының мәмілелер басқа шартты бүркемелеу мақсатында жасалғаны туралы уәжі негізсіз болып табылады.

Жауапкерлер пәтерлерге қатысты құқықтарды адал алушы болып саналмайтыны туралы шағым уәжі де негізсіз, себебі даулы мәмілелер талап қоюшы А.М.Амирова мен Р.К.Пактың арасында үшінші тұлға М.Б.Тасовтың К.К.Акжигитовтің алдындағы қарызын қайтару мақсатында жасалған, кейінірек, №3 пәтерге қатысты талап ету құқығын Н.А.Ким сатып алған, оның пәтерді сатып алуға қаражаты болғаны іске тіркелген банктен ақша алу туралы құжатымен расталады.

Кассациялық шағымдағы уəждер жергілікті соттардың қорытындыларын теріске шығармайды, тек дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағым иесімен сот алқасының материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 113-бабы 1-бөлігінің ережелеріне сәйкес, сот пайдасына шешім шығарылған тараптың өтінішхаты бойынша процеске қатысқан және осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмаған өкілдің (бірнеше өкілдің) көмегіне ақы төлеу бойынша шығындарын тараптың іс жүзінде жұмсаған шығындары мөлшерінде басқа тараптан алып береді. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығындар сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріліп алынады, бірақ ол үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

Жауапкерлер Р.К.Пак кассациялық сатыдағы сотта қатысуы үшін өкілдің көмегіне 400 000 теңге, Н.А.Ким 300 000 теңге, үшінші тұлғалар К.К.Акжигитов 300 000 теңге, Д.К.Мырзабай 300 000 теңге төленген шығындары келісім, түбіртектер, сенімхаттармен расталған. Талап қоюшы А.М.Амированың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылғандықтан бұл сомалар талап қоюшыдан жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың әрқайсысына кассациялық сатыдағы сотқа қатысқаны үшін өндірілуге тиіс.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 9 қаңтардағы шешімі және Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 наурыздағы қаулысы өзгеріссіз, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Талап қоюшы Ардак Мейрхановна Амировадан жауапкерлер: Руза Кадыровна Пактың пайдасына 400 000 (төрт жүз мың) теңге, Наталья

Андреевна Кимнің пайдасына 300 000 (үш жүз мың) теңге, Кайрат Күлжанұлы Акжигитовтың пайдасына 300 000 (үш жүз мың) теңге, Даулет Құлжанұлы Мырзабайдың пайдасына 300 000 (үш жүз мың) теңге өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығындары өндірілсін.

Г.Бастаубаев

Төрағалық етуші судья

Судьялар

А.Даненова А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.