ВС РК - Постановление от 19.01.2023 по делу 6001-22-00-6ап/1907 (Административное)

ҚАУЛЫ

2023 жылғы 19 қаңтар 6001-22-00-6ап/1907 (2) Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү. Баймаханов, судьялар – Ш.Т. Даниярова, Е.Ж. Өміралиев болып,

талап қоюшылар Д[...], Б[...] және олардың өкілі –

Е[...],

жауапкерлер Ақсу ауданының әкімінің өкілі – О[...],

Қ[...], Қ[...],

мүдделі тұлғалар Ж[...] мен Қ[...]

А.С. Омаровтың,

«Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММнің өкілі – М[...] қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында мобильді бейне-конференцбайланыс құрылғысы арқылы ашық сот отырысында талап қоюшылар Д[...] және Б[...] жауапкерлер Ақсу ауданының әкіміне, Ақсу ауданының жер конкурстық комиссиясының мүшелеріне жер комиссиясының хаттамалық шешімінің бөлігінің күшін жою туралы туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 25 наурыздағы шешіміне, Алматы облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 4 шілдедегі қаулысына мүдделі тұлғалар Ж[...] және Қ[...] келтірген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшылар жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 25 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Ақсу ауданының жер комиссиясының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №№ 13, 15 лоттар бөлігіндегі хаттамалық шешімінің күші жойылған.

Ақсу ауданының әкіміне Қ[...] №13 лот бойынша алаңы 278,0 га учаскесіне 5 жыл мерзімге жер пайдалану құқығын беру туралы 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №651 қаулының және Ж[...] №15 лот бойынша алаңы 150,0 га учаскесіне 5 жыл мерзімге жер пайдалану құқығын беру туралы 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №649 қаулыларның күшін жою міндеттелген.

Алматы облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 4 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.

Мүдделі тұлғалар кассациялық шағымдарында іс бойынша шығарылған сот актілерімен келіспейтіндерін көрсетіп, олардың күшін жойып, жаңа шешім шығаруды сұраған.

Талап қоюшы Д[...] өзінің қарсы пікірінде кассациялық шағымды қанағаттандырусыз және сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған.

Мүдделі тұлағалардың және олардың өкілінің кассациялық шағымды қолдаған, талап қоюшылар мен олардың өкілінің шағыммен келіспеген пікірлерін, жауапкерлер мен мүдделі тұлғалар өкілдерінің түсінідірмелерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасы (бұдан әрі – сот алқасы) төмендегідей тұжырымға келеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша апелляциялық саты соты тарапынан мұндай кемшіліктерге жол берілмеген.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда Ақсу ауданы әкімінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 536 қаулысымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізілген.

2021 жылғы 29 қазандағы конкурс қорытындысы негізінде № 13 лот бойынша Қ[...], № 15 лот бойынша Ж[...] танылған. Осыған сәйкес әкімнің қаулысымен жеңімпаздарға жер учаскелері табысталған.

Жергілікті соттардың талап қою арызын қанағаттандыруы негізді болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабының екінші тармағына сәйкес жер комиссиясының отырысы, егер оған комиссия құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқыққа сыйымды деп есептеледі.

Сотта зерттелген дәлелдемелермен комиссия отырысына оның жалпы санының құқыққа сиымды құрамы болмағандығы анықталған.

АПК-ның 452 бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Осы Кодекстің 426 бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағым иелерінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актісін қайта қарауға негіз бола алмайды. ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 25 наурыздағы шешімі, Алматы облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 4 шілдедегі қаулысы күшінде қалдырылсын.

Мүдделі тұлғалар Ж[...] және Қ[...] кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші С. Баймаханов Судьялар Ш. Даниярова Е. Өміралиев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.