№ 6001-21-00-3г/7176
Қ А У Л Ы
2022 жылғы 17 қаңтар Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы А.Ә. Сапарова талап қоюшы А[...] мен И[...] жеке сот орындаушысы Б[...]
қаулыларды заңсыз деп танып, күшін жою туралы шағымымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысын қайта қарау туралы И[...] өкілі Н[...] келтірген өтінішхатын азаматтық істі алдырту арқылы алдын ала қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қалалық сотының 2021 жылғы 9 шілдедегі шешімімен шағым ішінара қанағаттандырылған.
Маңғыстау облыстық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жеке сот орындаушысы Б[...] 2019 жылғы 6 тамыздағы № 402/19-47-148 санды және № 403/19-47-148 санды атқарушылық ісін жүргізу құжаттары бойынша И[...] пен А[...] ортақ түрде 751 794 теңге төлеу сомасын бекіту туралы 28 мамыр 2021 жылғы қаулылары заңсыз деп танылып, күші жойылған.
А[...] мен И[...] жеке сот орындаушысы Б[...] 2021 жылғы 1 маусымдағы атқарушылық ісін тоқтату туралы қаулысының күшін жою туралы талабы қанағаттандырудан бас тартылған.
Маңғыстау облыстық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жеке сот орындаушысы Б[...] мемлекет пайдасына 1 458 теңге 50 тиын баж өндірілген.
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертілген, арыздың қанағаттандырылған бөлігінің күші жойылған, бұл бөлігінде арыз қанағаттандырусыз, шешімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Ө[...].И[...] өкілі Н[...] апелляциялық сатыдағы сот актісін заңсыз және негізсіз қабылданғандықтан, оның күшін жоюды сұраған.
Несие бойынша қарыздың төленбей қалуына И[...] сырқаттанып, жұмысынан және табысынан айрылуы себеп болған. МСЭК қорытындысымен ол 2-топтағы мүгедек болып танылған. Қарыз төлеу мүмкіншілігі болмағандықтан, шағым иелері банкке және Маңғыстау облыстық қаржы басқармасына ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруды жүргізу туралы және банк саласында үкімет тарапынан жасалып жатырған жеңілдіктерді пайдалану туралы өтініш жолдаған. Нәтижесінде 2018 жылғы 20 шілдедегі Облыстық қаржы басқармасы жанында құрылған несие алушылар өтініштерін қарау Комиссиясы «A[...]» АҚ-на шағым иелерін ипотекалық несиені қайта қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қосуды шешкен. 2021 жылғы 4 наурыздағы банктің уәкілетті органы ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру туралы шешім қабылдаған, яғни банктік несие көрсету шарттары қайта қаралды, соның ішінде - негізгі қарыз 50 пайызға 3 647 375 теңгеге дейін азайтылған және қарыз бойынша пайыздық мөлшемелер, сыйақы, қарызды қайтару мерзімдері өзгертілген.
Осылайша, банк пен шағым берушілер арасында ипотекалық қарызды қайта құрылымдау жүргізілген, бұл туралы тараптар арасында жасақталған татуласу келісіміне қол жеткізілді және 2021 жылғы 18 сәуірде Ақтау қаласының № 2 сотының ұйғарымымен бекітілген.
Сонымен, сот шешімімен өндіруге жататын сома толығымен мемлекеттік бағдарлама негізінде қайта рәсімделген, бұған сот орындаушысының ешқандай қатысы болмаған, атқарушылық ісі бойынша ешқандай сома өндірілмеген.
Бірінші сатыдағы сот мәжілісінде және апелляциялық сатыда жеке сот орындаушысы Б[...] пен оның өкілі атқарушылық істің жүргізілуі барысында қарызды өндірілмегенін көрсеткен. Сот шешімі бойынша И[...] пен А[...] ортақ түрде 751 794 теңге төлеу сомасын бекіту туралы 2021 жылғы 28 мамырдағы қаулысы заңсыз деп танылып, оның күші жойылған. Ал апелляциялық сатыдағы сот негізсіз қаулы шығарған. Сонымен бірге, жеке сот орындаушысы істерді тоқтатқан кезде берешекті қайта қаржыландыру туралы келісімді негізге алған.
Алайда ол келісімде берешек сомасы 3 647 375 теңге екенін назардан тыс қалдырған және орындаушылық қызметін белгілеген кезде бұрынғы сома 7 298 980 теңге көлемінен есептелген және шағымданушылардан ортақ түрде өндірілуі тиіс деп шешкен.
Осыған орай, талап қоюшының жоғарыда көрсеткен уәждері кассациялық сот отырысында тексерілуге жатады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысына И[...] өкілі Н[...] келтірген өтінішхатын іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.
Судья А.Сапарова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.