6001-24-00-3г/5768 6001-24-00-3г/5768(3)
ҰЙҒАРЫМ
2024 жылғы 11 қараша Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова
талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер рестурстарын басқару комитеті Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі -Департамент) жауапкерлер «Корно-1» өндірістік кооперативіне (бұдан әрі - Кооператив), Саид Рашидович Нуриевке, жеке нотариус Бауыржан Алтынбаевич Пернебаевқа, Шымкент қаласының әкімдігіне, «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) жер учаскесін жалға беру туралы үлгілік шарттарын, әкімдік қаулыларын, сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 25 сәуірдегі шешімін, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысын, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 маусымдағы қосымша қаулысын қайта қарау туралы жауапкерлер С.Р.Нуриевтің, Кооперативтің келтірген өтінішхаттарын алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Департамент сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюмен жүгінген.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 25 сәуірдегі шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
Басқарманың 2013 жылғы 4 ақпандағы № 001/016 санды жер учаскесін жалға беру туралы үлгілік шарты жарамсыз деп танылған.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 357 санды қаулысының 33 тармағы жарамсыз деп танылған.
Басқарманың 2023 жылғы 21 ақпандағы № 001/374 санды үлгілік шарты жарамсыз деп танылған.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 357 қаулысының 32 тармағы жарамсыз деп танылған.
Басқарманың 2023 жылғы 21 ақпандағы № 001/375 санды үлгілік шарты жарамсыз деп танылған.
Талап қоюдың қалған бөліктері қанағаттандырудан бас тартылған.
Кооперативтен мемлекеттің пайдасына 9 230 теңге мемлекеттік баж өндірілген.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту бөлігінің күші жойылып, бұл бөлігінде қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылған.
2022 жылғы 14 қазандағы Кооператив және С.Р.Нуриевтің арасында жасалған, нотариус Б.А.Пернебаев тізілімде № 2417 санымен куәландырылған жер учаскесінің уақытша ақылы жер пайдалану (жалға алу) құқығын сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылған. Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 2453 қаулысының Шымкент қаласы, Ынтымақ шағынауданы, № 20/6 мекенжайындағы, кадастрлық нөмірі 22-327-019-008 жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы 69-тармағы жарамсыз деп танылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.
Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкер С.Р.Нуриев өтінішхатында қабылданған апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен және қосымша қаулысымен келіспей, сот істі қарау барысында материалдық құқық нормаларын бұзғанын, іс бойынша мән-жайларды дұрыс анықтамағанын көрсетіп, қабылданған сот актілерінің күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұрайды.
Жауапкер Кооперативтің өкілі Ж.С.Башанов өтінішхатында қабылданған сот актілерімен келіспей, жергілікті соттар істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларын бұзғанын, іс бойынша мән-жайларды дұрыс анықтамағанын көрсетіп, қабылданған сот актілерінің күшін жойып, талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды сұрайды. Өтінішхаттардың уәждерін зерделеп, судья арызданушылардың уәждерін іс материалдарын зерттеу арқылы қосымша тексеру үшін, істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын іс түскенге дейін кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198, 268, 438, 443-баптарын басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынан талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер рестурстарын басқару комитеті Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер «Корно-1» өндірістік кооперативіне, Саид Рашидович Нуриевке, жеке нотариус Бауыржан Алтынбаевич Пернебаевқа, Шымкент қаласының әкімдігіне, «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесін жалға беру туралы үлгілік шарттарын, әкімдік қаулыларын, сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс сұратып алынсын.
Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья
Ш. Иманиязова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.