6кп-74- Қ А У Л Ы
2019 жылғы 10 қантар
Астана
қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында: төрағалық етуші судья А. Қыдырбаева, судьялар Н.Жолдасбеков, Б.Шермұхаметов,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Департамент бөлімінің прокуроры Т[...],
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) өкілі К[...],
кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы
18 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылған Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2018 жылғы 11 мамырдағы қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мамандандырылған сот алқасының төрағасының ұсынуымен келіп түскен
М[...] қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 163-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2018 жылғы 11 мамырдағы қаулысымен М[...] ӘҚБтК-нің 163-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық
құрамының болмауына байланысты жауаптылықтан босатылған және іс жүргізу тоқтатылған.
Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылған. Жамбыл облысы прокурорының апелляциялық өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасының ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актісін қайта қарауды ұсынады.
Ұсынудың дәлелдерін қолдаған Комитет өкілі К[...], бірінші және апелляциялық сатыдағы сот қаулыларының күшін жою арқылы және істі қайта қарауға жолдау туралы ұсынуы қанағаттандырылуы тиіс деп пайымдаған прокурордың қорытындысын тыңдап, алқа келесі тұжырымға келді.
ӘҚБтК-нің 840-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот қаулысының күшiн жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мыналар: судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi; әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы; осы Кодекстiң процестік нормаларының елеулi түрде бұзылуы; қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi негіздер болып табылады.
Осы іс бойынша мынадай негіздер бар.
Іс бойынша М[...], «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» (бұдан әрі - Басқарма) басшының орынбасары лауазымында бола отырып, тікелей келіссөздер тәсілімен «НА[...]» жауапкершілігі шектелген серіктестігімен (бұдан әрі - ЖШС) Тараз қалалық № 2 ауруханасының гемодиализ бөлімшесін сенімгерлік басқаруға беру туралы мемлекеттікжекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) бойынша 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 1 келісім шарт жасаған.
Сонымен қатар, 2018 жылғы 11 сәуірдегі мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс қимылдарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындысына сәйкес Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаменті МЖӘ және бәсекелестікті туралы заң талаптарын бұзу фактісін анықтаған.
Заңның 44-бабының 1-тармағына сәйкес, тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау мынадай:
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына өзінің меншік құқығындағы немесе ұзақ мерзімді жалға алынған объектіге қатысты әлеуетті жекеше әріптес бастамашылық жасаған;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды іске асырумен ажырамас байланыста болатын жағдайларда қолданылады.
Бұл ретте, шарттың 4-тармағы бойынша МЖӘ объектісі мемлекеттік меншікте болған. Құрал-жабдықтар тізімі мен гемодиализ бөлім қызметкерлерінің кадрлық құрамы шарттың № 1 қосымшасында көрсетілген.
2018-2024 жылдары ғана ол үшін көзделген ондағы жабдықтардың орнатуы жоспарланған гемодиализ бөлімшесінің жабдықтау бойынша жоспар Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген.
Жабдықты сатып алу бойынша жекеше әріптестің міндеттері туралы шарттың 6-тармағының талабына қарамастан, аталған келісім жасалған сәтте Заңының 44-бабындағы талап етілетін объект және зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар ЖШС-да болмады.
2018 жылғы 14 ақпандағы қосымша келісіммен шартты тараптар бұзған.
Іс материалдарына, сондай-ақ 2013 жылдан бастап гемодиализ бойынша бұл кәсіпорын қызмет көрсетудің ірі өнім берушісі болып табылатындығын екі жыл бойы Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасына МЖӘ туралы ұсыныспен жүгінді және «НА[...]» ЖШС-ның жеке серіктес ретінде заң талаптарын бұзуға анықтауы кәсіпкерлік пен бәсекелестік мүдделеріне нұқсан келтіреді деп көрсеткен «ТДG[...]» ЖШС-ның хаты қоса тігілген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтата отырып, сот М[...] бәсекелестікті бұзуға қандай да бір шешімдер, актілер қабылдамағаңдығы; 2017 жылғы 15 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімі орынбасарының төрағалығымен комиссия шарт жобасын мақұлдау туралы шешім қабылданғаны; МЖӘ-ке кәсіпкерлік субъектілерін тарту туралы хабарландыру интернет-ресурста орналастырылған, алайда өтінім түспегендігін көрсеткен.
Алайда, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы туралы соттардың тұжырымдары ерте және даулы болуы мүмкін деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Іс материалдарында МЖӘ үшін әлеуетті жекеше әріптесте объект және мүлік болуы туралы Заңының 44-бабының талаптарын сақтау дәлелдемелері жоқ.
Кәсіпкерлік Кодекстің (бұдан әрі - КК) 194-бабының 1- тармағында мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен), актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келген немесе алып келуі мүмкiн бәсекелестiкке қарсы әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) тыйым салынған.
Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі) нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестеріне қатысты артықшылық жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да артықшылықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметтерінде қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау деп танылады (КК-нің 194-бабының 2-тармағының 9-тармақшасы).
Дегенмен, істі қарау барысында жоғарыда көрсетілген мәнжайлар мен ӘҚБтК-тің аталған нормалары соттың назарынан тыс қалған.
ӘҚБтК-нің 781-бабы 2-тармағының талаптарына сай, құқық бұзушылықтың әкімшілік жауаптылық негіздері мен кiнәсiнiң болуын дәлелдеу мiндетi әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша
іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жүктеледі.
М[...] қатысты 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 10 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырған тұлғамен әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаның лауазымды жағдайы расталды. Атап айтқанда, хаттаманы толтырған тұлға, «нарық субъектілерінің қызметін реттеудің» мағынасын, кім (яғни қандай мемлекеттік орган мен лауазымды тұлғалар) нарық субъектілерінің қызметін реттеу құқығына ие, облыстық басқарма басшысының орынбасары нарық субъектілерінің қызметін реттейтін мемлекеттің мүдделерін білдіретін тұлғалар қатарына жатады ма деген мәселелерді ашпаған. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқарма бастығының орынбасарының лауазымдық нұсқаулығы, М[...] осы лауазымға тағайындау туралы бұйрығы іс құжаттарына тіркелмеген. Жоғарыда аталған маңызды мән-жайлар бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттармен назарсыз қалдырылған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 150-тармағына сәйкес, МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес енгізген МЖӘ шартының жобасы тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияның отырысына шығарылады.
Келіссөздердің нәтижелері тараптардың уәкілетті өкілдері және тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен рәсімделеді.
Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттармен әлеуетті жеткізушілерді таңдаудағы заңдылық мәселелері бойынша комиссия мүшелері сұралмаған. Сонымен қатар М[...] «Н[...]» ЖШС-мен шарт жасасуға құқығының болу болмауы да анықталмаған.
Іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс анықтап нақтылағаннан кейін сот М[...] әкімшілік жауапкершілікке тарту дұрыстығын, оның іс әрекетінде құқықбұзушылық құрамының болуын, заңды саралануын және оған
әкімшілік жаза қолдану мәселелері бойынша анықтау жұмысын жүргізуге тиіс еді.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабын басшылыққа алып, мамандандырылған сот алқасы,
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 163-бабы 1-бөлігінің жөнінде М[...] қатысты қабылданған Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2018 жылғы 11 мамырдағы және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі қаулыларының күшін жойып, іс бойынша іс жүргізуді қайта қозғап, іс бірінші сатыдағы сотқа өзге құрамда қайта қарау үшін жолдансын.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мамандандырылған сот алқасының төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші А. Қыдырбаева Судьялар Н. Жолдасбеков Б. Шермұхаметов Көшірмесі дұрыс. Судья Б. Шермұхаметов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.