ВС РК - Постановление от 18.06.2024 по делу 6001-24-00-6кп/37 (Об административном правонарушении)

6кп-37-24

Қ А У Л Ы

2024 жылғы 18 маусым Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы (бұдан әрі - сот алқасы) құрамында: төрағалық етуші - судья Б.Б.Шермұхаметов, судьялар Н.К.Құрманғалиев, Е.Мәукен, прокурор Т[...],

«Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты» акционерлік қоғамының өкілі К[...],

«Жамбыл облысы Әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі А[...] қатысуларымен,

бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен «Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - АҚ) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 17 қарашадағы қаулысымен «Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты» АҚ ӘҚБтК-нің 312 бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған лицензиядан айыра отырып, 2 760 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот қаулысы өзгертіліп, тағайындалған қосымша лицензиядан айыру жазасы алынып тасталған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, сот алқасы төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның орынбасарының наразалығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы ӘҚБтК-тің 851-бабы бойынша берілген ұсынуын кері қайтарып алды.

Осыған орай көрсетілген әкімшілік істі әрі қарай кассациялық тәртіпте қараудың негіздері жоқ. Жоғарыдағылардың негізінде және ӘҚБтК-нің 851-бабын басшылыққа алып, сот алқасы,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ӘҚБтК-нің 312-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған «Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты» акционерлік қоғамына қатысты Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 17 қарашадағы және Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы қаулыларын кассациялық тәртіпте қайта қарау үшін келтірілген ұсынуы кері қайтарылып алуына байланысты қараусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар: Көшірмесі дұрыс. Судья

Б. Шермұхаметов Н.Құрманғалиев Е. Мәукен

Б. Шермұхаметов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.