ВС РК - Постановление от 14.05.2025 по делу 6001-24-00-6ап/2799 (Административное)

6001-24-00-6ап/2799 (1,2)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 14 мамыр Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья Г.Б. Дуйсенбаев, судьялар – Г.К. Нұрбаев, Е.Ж. Өмірәлиев,

талап қоюшы М.А.Айдымбекова, оның өкілі М.Д.Жумин, жауапкер Ф.А.Алиев, мүдделі тұлға Б.Ж.Айдаровтың қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот мәжіліс залында талап қоюшы Айдымбекова Меруерт Исаевнаның жеке сот орындаушысы Алиев Фахраддин Ашур оглының 2023 жылғы 5 қаңтардағы атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулысын заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 шілдедегі шешіміне және жеке ұйғарымына, Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 22 тамыздағы қаулысына және ұйғарымына жауапкердің келтірген кассациялық шағымдарын қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы М.А.Айдымбекова жоғарыда аталған әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгінген.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 шілдедегі шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылған.

Сонымен қатар, сотпен жеке сот орындаушы Ф.А.Алиевтің тарапынан жіберілген заң бұзушылықтары туралы Маңғыстау облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысына тиісті шаралар қабылдау үшін жеке ұйғарым қабылданған.

Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 22 тамыздағы қаулысымен және ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот шешімі және жеке ұйғарымы өзгеріссіз күшінде қалдырылған.

Жауапкер Ф.А.Алиев кассациялық шағымдарында іс бойынша қабылданған жергілікті соттардың сот актілерімен келіспейтінін, себебі іс бойынша материалдық заң талаптары бұзылғанын, дәлелдемелерге тиісті құқықтық баға берілмегенін көрсете келе, аталған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Істі кассациялық сатыда қарау барысында жауапкер Ф.А.Алиевтен тараптар арасында жасақталған бітімгершілік келісімді бекітуді сұрады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

ӘРПК-нің 120-бабына сәйкес тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

Жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде тараптардың татуласуына жол беріледі.

ӘРПК-нің 4-бабы 6-тармақшасына сәйкес әкімшілік қалау – әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттігі болып табылады.

Сотқа табысталған тараптар арасында жасақталған бітімгершілік келісім (бұдан әрі – бітімгершілік келісім) келесі шарттардан тұрады:

  1. Жауапкер жеке сот орындаушысы Ф.А.Алиев 2023 жылғы 5 қаңтардағы даулы қаулының күшін жоюымен қоса, екі атқарушылық өндіріс бойынша, сондай-ақ борышкер Б.Ж.Айдаровтан өндіріп алушы М.И.Айдымбекованың пайдасына жылжымайтын мүліктерін ½ үлесі ақшалай 4 851 500 теңге өндіріп алу туралы 18 шілде 2022 жылғы №326/22-47-296 атқарушылық өндірісі және Б.Ж.Айдаровтан өндіріп алушы М.И.Айдарбекованың пайдасына 1/3 мөлшерінде алимент өндіру туралы 15 сәуір 2025 жылғы №183/2547-296 атқарушылық өндірісі бойынша 3 934 203,53 мөлшерінде берешекті, жалпы сома 8 785 703,53 теңге құраған қарызды өндіру мақсатында М.И.Айдаровтың атына тіркелген Ақтау қаласы, 20 шағын ауданы, 35 үй, 61 пәтер мекен-жайындағы тұрғын үйды талап қоюшы М.И.Айдымбекованың иелігіне өткізеді.

  2. Талап қоюшы М.И.Айдымбекова бітімгершілік келісімнің жасалуына байланысты және Ақтау қаласы, 20 шағын ауданы, 35 үй, 61 пәтер мекен-жайында орналасқан тұрғын үй өз иелігіне тіркелгеннен кейін, әкімшілік талап қоюдан толығымен бас тартады.

  3. Әкімшілік процестің тараптары осы бітімгершілік келісімнің талаптарын жауапкер орындамаған жағдайда талап қоюшы соттан жауапкердің әрекеттерін заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап қоюмен жүгінуге құқылы екенін түсінеді және келіседі.

  4. Тараптар осы келісімде көрсетілген шарттар бойынша бір-біріне талаптары жоқ екенін мәлімдейді.

  5. Тараптар осы келісімнің тәртібін, шарттары мен салдарын және осы келісімге қол қоюдың мәні мен мағынасын түсінеді және оған қол қоюдың құқықтық салдарын білетінін растайды. Талап қоюшы М.И.Айдымбекованың және оның өклілі М.Д.Жуминнің, жауапкер Ф.А.Алиевтің, мүдделі тұлға Б.Ж.Айдаровтың ұсынылған бітімгершілік келісім шарт талаптарын қолдаған пікірлерін тыңдап, әкімшілік іс құжаттарын зерделеп және ұсынылған бітімгершілік келісім шарттарын талқылап, сот алқасы келесідей қорытындыға келеді.

Ұсынылған бітімгершілік келісімнің талаптары өзінің нысаны мен мазмұны бойынша АПК-нің 176-бабының талаптарына сәйкес келеді және ол заңға қайшы келмейді, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.

Сот талқылауы барысында тараптар аталған келісімді бекіту ниеттерін растады.

АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 6) тармақшасына сәйкес кассациялық сатыдағы сот бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін толық не бір бөлігінде жояды және татуласу келісімінің бекітілуіне байланысты осы Кодекстің 277-бабында белгіленген негіздер бойынша iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Мұндай жағдайда сот алқасы тараптар арасында жасалған бітімгершілік келісім бекітілуге, ал іс бойынша қабылданған сот актілерінің күші жойылып, талап арызды қайтарылуға жатады деп есептейді.

Сот алқасы талап қоюшы мен жауапкерге АПК-нің 278-бабы екінші тармағында көзделген бітімгершілік келісімін жасасудың және тараптардың бітімгершілік келісімінің талаптарын тараптардың келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде өз еркімен орындауының құқықтық салдарын түсіндірді.

ӘРПК-нің 121-бабын және АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 6) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 шілдедегі шешімі және жеке ұйғарымының, Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 22 тамыздағы қаулысымен және ұйғарымының күші жойылсын.

Тараптар арасында жасалған бітімгершілік келісім бекітілсін.

  1. Жауапкер жеке сот орындаушысы Ф.А.Алиев 2023 жылғы 5 қаңтардағы даулы қаулының күшін жоюымен қоса, екі атқарушылық өндіріс бойынша, сондай-ақ борышкер Б.Ж.Айдаровтан өндіріп алушы М.И.Айдымбекованың пайдасына жылжымайтын мүліктерін ½ үлесі ақшалай 4 851 500 теңге өндіріп алу туралы 18 шілде 2022 жылғы №326/22-47-296 атқарушылық өндірісі және Б.Ж.Айдаровтан өндіріп алушы М.И.Айдарбекованың пайдасына 1/3 мөлшерінде алимент өндіру туралы 15 сәуір 2025 жылғы №183/2547-296 атқарушылық өндірісі бойынша 3 934 203,53 мөлшерінде берешекті, жалпы сома 8 785 703,53 теңге құраған қарызды өндіру мақсатында М.И.Айдаровтың атына тіркелген Ақтау қаласы, 20 шағын ауданы, 35 үй, 61 пәтер мекен-жайындағы тұрғын үйды талап қоюшы М.И.Айдымбекованың иелігіне өткізеді.

  2. Талап қоюшы М.И.Айдымбекова бітімгершілік келісімнің жасалуына байланысты және Ақтау қаласы, 20 шағын ауданы, 35 үй, 61 пәтер мекен-жайында орналасқан тұрғын үй өз иелігіне тіркелгеннен кейін, әкімшілік талап қоюдан толығымен бас тартады.

  3. Әкімшілік процестің тараптары осы бітімгершілік келісімнің талаптарын жауапкер орындамаған жағдайда талап қоюшы соттан жауапкердің әрекеттерін заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап қоюмен жүгінуге құқылы екенін түсінеді және келіседі.

  4. Тараптар осы келісімде көрсетілген шарттар бойынша бір-біріне талаптары жоқ екенін мәлімдейді.

  5. Тараптар осы келісімнің тәртібін, шарттары мен салдарын және осы келісімге қол қоюдың мәні мен мағынасын түсінеді және оған қол қоюдың құқықтық салдарын білетінін растайды.

Тараптарға іс бойынша іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіні түсіндірілсін.

М.И.Айдымбекованың талап қоюы арызы бітімгершілік келісімнің бекітілуіне байланысты қайтарылсын.

Төрағалық етуші Дуйсенбаев Г.Б. Судьялар Нұрбаев Г.К. Өмірәлиев Е.Ж. Көшірмесі дұрыс. Судья Дуйсенбаев Г.Б.

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.