Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 23.04.2026 по делу 6003-26-00-2к/160 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 23 сәуір №6003-26-00-2к/160 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар М.Т.Қадырова, Н.О.Косанов,

прокурор К[...], аудармашы А[...],

талап қоюшының өкілі Р[...], жауапкердің өкілі П[...],

бейнеконференцбайланыс қолдану арқылы қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапкер А[...] берген жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтару туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2025 жылғы 10 шілдедегі шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қазандағы қаулысына жауапкердің келтірген кассациялық шағымымен қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Ақтау қаласы, Шығыс-1 шағынауданы, №35 ғимараты орналасқан, кадастрлық №[...], жер учаскесінің меншік иесі Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Талап қоюшы талап қоюында Ақтау қаласы, Шығыс-1 шағынауданы, №[...] үй орналасқан, кадастрлық №[...], көршілес жер учаскесінің меншік иесі жауапкер А[...] оған тиесілі жер телімінің 0,0282 га жер телімін қоршап алып, пайдалануға кедергі келтіріп отырғанын көрсетіп, осы жер телімін жауапкерден қайтарып алуды сұраған.

Апелляциялық сот сот алқасының қаулысымен күшінде қалдырылған сот шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылған.

Жауапкер кассациялық шағымында жергілікті соттардың істің мән-жайын толық анықтамай, заң нормаларын қате қолданғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуды сұрайды.

Жауапкердің өкілінің кассациялық шағымды қолдайтын, талап қоюшының өкілінің тиісті жауапкердің анықталғаны себепті талап қоюдан бас тартатыны туралы пікірлерін, прокурордың кассациялық шағым қанағаттандыруға жататыны туралы қорытындысын тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, кассациялық сот төменгі тұжырымдарға келеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438 - бабының 5 - бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427 - бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы осы Кодекстің 434 - бабының 1- бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер болып табылады.

Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылыққа жол берілген.

Жауапкердің кассациялық шағымына тіркелген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамаға сай Ақтау қаласы, Шығыс-1 шағынаудан, №[...] үй орналасқан, кадастрлық №[...], жер учаскесінің меншік иесі А[...] мен Т[...]. Демек, аталған жер телімі осы іс бойынша жауапкер А[...] тиесілі емес. Мұндай жағдайда талап қоюдың тиісті емес жауапкерге қойылғаны анықталады. Жер телімінің меншік иелері осы іс бойынша жауапкер ретінде тартылмаған, сондықтан АПК-нің 50 бабының 2 бөлігіне сәйкес талап қою тиісті емес жауапкерге қойылғандықтан қанағаттандырусыз қалдыруға жатады.

Төменгі сатыдағы соттармен іс жүргізу туралы құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен кассациялық сот істі жаңадан қарауға жібермей, дау айтылған сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдау қажет деп санайды.

Талап қоюшының кассациялық сотта талап қоюдан бас тартуы қабылдануға жатпайды, себебі АПК-нің 170 - бабының 1 - бөлігіне сай талап қоюшының талап қоюдан бас тарту құқығы бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда ғана жүзеге асырылады.

АПК-нің 109-бабының ережелеріне сәйкес талап қоюшыдан жауапкердің пайдасына 983 теңге мемлекеттік баж өндіріп алуға жатады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2025 жылғы 10 шілдедегі шешімінің және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қазандағы қаулысының күші жойылып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдансын. Жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен жауапкер А[...] пайдасына 983 (тоғыз жүз сексен үш) теңге мемлекеттік баж өндірілсін.

Ғ.Бастаубаев

Төрағалық етуші судья

Судьялар

М.Қадырова

Н.Косанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.