Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 20.05.2026 по делу 6003-26-00-2к/778 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 20 мамыр №6003-26-00-2к/778 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Даненова, судьялар М.Ибрагимова, А.Токсанбаев,

талап қоюшының өкілі Б.Қылышбекұлы, жауапкердің өкілі Д.Аблайхановтың, жеке нотариус Ж.Айдосованың өкілі А.Мырзагалиеваның қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Оркен Жолтаевич Ералиннің жауапкер «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына кепіл шартын жарамсыз деп тану туралы электронды азаматтық ісі бойынша қабылданған Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы жеке ұйғарымына жеке нотариус Ж.Айдосованың кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

О.Ералин жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінгеніп, жеке кәсәпкер «Мөлдір» Мөлдір Нұрланқызы Жаналиева үшінші тұлға ретінде тартылған.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 2 қазандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылып, 2023 жылғы 25 қыркүйектегі «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация), О.Ералин және ЖК «Мөлдір» арасында жасалған №751-ТРКАБ-2 кепіл шарты жарамсыз деп танылған.

Сот шығындары туралы мәселе шешілген.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 25 желтоқсандағы сот алқасының жеке ұйғарымымен Шымкент қаласының нотариаттық палатасына, Шымкент қаласының Әділет департаментіне жеке нотариус Ж.Айдосованың «Нотариат туралы» Заңының нормаларын бұзғаны туралы хабарланған.

Ж.Айдосова кассациялық шағымында, соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымын дұрыс анықталып, тиісті құқықтық баға бермегенін көрсетіп, жеке ұйғарымның күшін жоюды сұраған.

Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, іс құжаттары мен шағым уәждерін тексеріп, төмендегі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп

соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Сот алқасы іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 270-бабы 1-бөлігіне сай заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы, ал егер бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым шығарады және оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.

2010 жылғы 25 маусымдағы № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару практикасы туралы» нормативтік қаулысының 9-тармағына сай, егер сот жеке ұйғарым шығару үшін негіздердің болуы мен жеткіліктілігіне қарамастан, жеке ұйғарым шығармаса, онда келесі сатыдағы сот АПК-нің 270-бабында белгіленген тәртіппен сот актісінің заңдылығын тексере отырып, өзі жеке ұйғарым шығаруға құқылы.

2023 жылғы 25 қыркүйекте Корпорация мен ЖК «Мөлдір» арасында №751-ТРК-АБ қарыз беру шарты жасалған (бұдан әрі - қарыз шарты).

Қарыз шарттың талаптарына сәйкес, Корпорациямен қарыз алушыға 2033 жылғы 23 қыркүйекке дейін 125 бас аналық жылқы сатып алу үшін қайтарымды, сыйақыға және нысаналы мақсатта 60 000 000 теңге берілген.

Бұл шарттың аясында 2023 жылғы 25 қыркүйекте Корпорация мен О.Ж.Ералиннің және ЖК «Мөлдір» араларында №751-ТРК-АБ-4 кепілдік және №751-ТРК-АБ-2 кепіл шарттары жасалған.

Кепіл шартына сәйкес, талап қоюшы өзіне тиесілі Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабы, №95 құрылысында орналасқан «Дүкен-наубайхана, литр А, жалпы ауданы-147 ш.м., жер учаскесі жеке меншік құқығымен жалпы ауданы-0, 0175 га., кадастрлық №19-309-286-095» жылжымайтын мүлік кепілге қойылған.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандыру туралы тұжырымын талап қоюшы О.Ералиннің кепіл шартын жасауға ниеті болмағаны, кепіл шартқа қол қоймағанымен негіздеген. Бұл шешім апелляциялық сатыдағы сотпен өзгеріссіз, кассациялық сатыдағы сотпен күшінде қалдырылған. Сондай-ақ, кассациялық сатыдағы сотпен сот актілерінің сараптама қорытындысы және даулы шарт жасалғанда талап қоюшы басқа қалада ем қабылдағаны туралы құжаты жарамсыз дәлелдеме деп бағаланған.

Апелляциялық сатыдағы сотпен үшінші тұлға ретінде қатыстырылған жеке нотариус Ж.Айдосова өз түсініктемесінде О.Ералин кепіл шартын

куәландырған кезде нотариустың кеңсесіне келмегенін, тараптармен қол қойылған, парақтар тiгiлген дайын шартқа куәландыру жазбасын қойғанын көрсеткен.

Сондай-ақ, кепіл шартына нотариуспен бекітілген куәлендіру жазбасында шартқа тараптар нотариустың көзінше қол қойғандары, олардың жеке бастары анықталғаны, әрекет қабілеттілігі тексерілгені көрсетілген.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі №155-I Нотариат туралы Заңының 42-44-баптарына сай нотариус нотариаттық iс-әрекет жасаған кезде нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың жеке басын анықтайды. Мәмiлелердi куәландырған кезде азаматтардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгi анықталады. Қатысушылар нотариус куәландырған мәмiлелерге, өтiнiштер мен басқа құжаттарға нотариустың қатысуымен қол қояды.

Алайда, жеке нотариус Ж.Айдосова аталған Заң нормаларын өрескел түрде бұзған, нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың жеке басын, мәмiлені куәландырған кезде азаматтардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн анықтамаған, даулы кепіл шартқа тараптар нотариустың қатысуымен қол қоймаған. Осыған байланысты сот алқасы жеке ұйғарымымен жеке нотариус Ж.Айдосоваға қатысты шара қолдану үшін және келешекте аталған бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында анықталған бұзушылықтар туралы Шымкент қаласының нотариаттық палатасына, Шымкент қаласының Әділет департаментіне хабарлаған.

Кассациялық шағымда көрсетілген уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды. Шағымның уəждері сот актісін күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды. Сондықтан, сот актісі күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы жеке ұйғарымы күшінде, жеке нотариус Ж.Айдосованың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья А.Даненова

М.Ибрагимова

Судьялар

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.