ВС РК - Постановление от 13.02.2024 по делу 6001-23-00-6ап/2277 (Административное)

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 13 ақпан №6001-23-00-6ап/2277 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,

судьялар –Е.Д.Өмірәлиев, Ғ.Ө.Әлжанов болып,

прокурор М[...] қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Ж[...] жауапкер Алматы қаласының әкімдігіне жер учаскесіне меншік құқығын беруден бас тарту туралы қаулысын заңсыз деп тану және күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 18 сәуірдегі ұйғарымына, Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымына талап қоюшы Ж[...] келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік ісін қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 18 сәуірдегі ұйғарымымен талап қою арызы қайтарылған.

Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот актісі өзгеріссіз, талап қоюшының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған. Талап қоюшы кассациялық шағымда сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күштерін жойып, әкімшілік істі қайта қарауға жолдауды сұраған.

Іс бойынша тараптартар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді. Сотқа келмеу себептерін хабарламады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Сот алқасы прокурордың сот актілерін өзгеріссіз қалдыруды сұраған қорытындысын тындай келе, іс материалдарын зерттеп, шағымда келтірілген мән-жайларды тексеріп, келесідей тұжырымдарға келді. ӘРПК-нің 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-ның 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Істің мән-жайларынан, талап қоюшы Ж[...] жауапкердің 2022 жылдың 18 мамырдағы қаулысын заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қарасу ықшам ауданы, Әуезов көшесі, 2а меке жайы бойынша жер учаскесін «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабының 5 бөлігіне, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедігі №696 қаулысына сәйкес заңдастырылған, жер учаскісінің шекарасы қызыл сызыққа сәйкестендірілгенін негіздеді. Аталған жер учаскесінде үй салып, заңдастырған.

Алматы қаласының әкімдігінің 2022 жылдың 18 мамырдағы қаулысымен жерді жеке меншікке беруге бас тартылған.

Талап қоюшы талап қою мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алғанын, қаулыны алғаннан кейін жауапкерге бірнеше рет жер учаскесін жеке меншікке беру туралы жүгінген, алайда 2023 жылдың 8 ақпанында жауапкер өтінішті қарамай, өтінішті қайта қараудан бас тартқанын. Талап қою мерзімін 2023 жылдың 8 ақпанынан бастау керектігін көрсеткен.

Соттар талап қоюды қайтарғанда мына мән-жайларды негізді ескерген.

ӘРПК-нің 136-бабының бірінші бөлігіне сай, дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.

ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 15) тармақшасында талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартса, сот (судья) талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығаратыны көзделген.

Дауланып отырған қаулы 2022 жылдың 19 мамырында талап қоюшыға белгілі болған, ал әкімшілік талап қою сотқа 2023 жылдың 2 мамырында берілген, демек, заңда көрсетілген талабына сай талап қоюдың бір айлық мерзімі өтіп кеткен.

Сот аталған заң нормаларына сілтеме жасап, талап қоюды талап

қоюшыға негізді қайтарған.

Соттардың осы және басқа да негіздемелері сот актілерінде толық көрсетілген. АПК-ның 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актісін қайта қарауға негіз бола алмайды.

ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 18 сәуірдегі ұйғарымы, Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы Ж[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

С. Баймаханов

Судьялар

Ш. Даниярова

Ғ. Әлжанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.