Қ А У Л Ы
2026 жылғы 18 ақпан №6003-25-00-2к/4175 (2) Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,
талап қоюшы А.Джумагазыев, өкілдері О.Айтбаев, Б.Сарсенбаев, жауапкер С.Бесимбаева және өкілі Т.Саитгалиевтің қатысуларында,
ашық сот отырысында талап қоюшы Азамат Кобланович Джумагазыевтің жауапкер Салтанат Сундетбаевна Бесимбаеваға келтірген жер учаскесі мен үстіндегі тұрғын үйдегі үлесін 100 пайыз деп анықтау және жер учаскесі мен үстіндегі тұрғын үйде үлесті құқығы жоқ деп тану туралы талап қоюымен, қарсы талап қоюшы Салтанат Сундетбаевна Бесимбаеваның қарсы жауапкер Азамат Кобланович Джумагазыевке жер телімі мен үйді ортақ бірлескен мүлік деп тану, ортақ мүліктің ½ үлесін анықтау және үлесін өндіру туралы қарсы талап қоюы бойынша қабылданған Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының 2025 жылғы 11 маусымдағы шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
А.Джумагазыев сотқа берген талап қоюында жер телімі мен үстіндегі тұрғын үйдегі үлесін 100 пайыз деп анықтау және жер тілімі мен үстіндегі тұрғын үйде үлесті құқығы жоқ деп тануды сұраған.
С.Бесимбаева қарсы талап қоюында жер телімі мен үйді ортақ бірлескен мүлік деп тану, ортақ мүліктің ½ үлесін анықтау және үлесін өндіруді сұраған.
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының 2025 жылғы 11 маусымдағы шешімімен талап қоюшы А.Джумагазыевтің талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.
Қарсы талап қоюшы С.Бесимбаеваның қарсы талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылдық округі, Дәулет ауылы, Жаңа дәулет тұрғын массивінде орналасқан кадастр №13-203-083-1207, жалпы алаңы 0,1000 га, №401 жер телімі мен тұрғын үй С.Бесимбаева мен А.Джумагазыевтің ортақ бірлескен мүлкі деп танылған.
Даулы жер телімі мен тұрғын үйде А.Джумагазыевтің үлесі 70 пайыз, С.Бесимбаеваның үлесі 30 пайыз бөлігі мөлшерінде анықталған.
А.Джумагазыевтен С.Бесимбаеваның пайдасына 3 574 800 теңге үлесі бөлініп, ақшалай өтемақы түрінде өндірілген.
Өтемақы алғаннан кейін талап қоюшы С.Бесимбаеваға Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылдық округі, Дәулет ауылы, Жаңа дәулет тұрғын массивінде
орналасқан кадастр №13-203-083-1207, жалпы алаңы 0,1000 га, №401 жер телімі мен тұрғын үйдегі жылжымайтын мүліктегі үлесіне меншік құқығы тоқтатылатыны түсіндірілген.
А.Джумагазыевтен С.Бесимбаеваның пайдасына 250 000 теңге өкіл көмегіне төленген шығыны және 35 748 теңге мемлекеттік баж өндірілген.
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған.
А.Джумагазыевтен С.Бесимбаеваның пайдасына 50 000 теңге өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыны өндірілген.
Талап қоюшы А.Джумагазыев кассациялық шағымында сот шешімі мен қаулының күшін жойып, даулы тұрғын үйдегі өзінің үлесін 100 пайыз деп анықтауды, ал жер телімдегі үлестерін ½ деп тануды сұраған. Шағымды даулы тұрғын үй тараптардың араларында некелері бұзылғаннан кейін аяқталып, меншік құқығы тіркелгенімен негіздеген.
Тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, сот келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексiнің (бұдан әрі - Кодекс) 37-бабы 1-тармағына сәйкес ерлiзайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң талап етуі бойынша некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де, сондай-ақ кредит берушi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлiзайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы талабын мәлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн.
Осы Кодекстің 38-бабында егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу және осы мүлiктегi үлестерiн айқындау кезiнде ерлi-зайыптылардың әрқайсысының үлесi тең деп танылады.
Егер жұбайлардың бiреуi дәлелсiз себептермен табыс таппаса немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн екінші жұбайының келісімінсіз отбасының мүдделерiне нұқсан келтiрiп жұмсаса, сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн негiзге ала отырып және (немесе) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн негiзге ала отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi олардың үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 218бабы 2-5-тармақтарына сәйкес үлестi меншiкке қатысушы ортақ мүлiктен өз
үлесiн бөлiп шығаруды талап етуге құқылы. Үлестi меншiкке қатысушылар ортақ мүлiктi бөлу немесе бiреуiнiң үлесiн бөлiп шығарудың әдiстерi мен шарттары жөнiнде келiсiмге келе алмаған жағдайда үлестi меншiкке қатысушы ортақ мүлiктен өз үлесiн заттай бөлiп берудi талап етуге құқылы. Егер үлестi заттай бөлiп беруге заң құжаттарында жол берiлмесе немесе ол ортақ меншiктегi мүлiкке шамадан тыс залал келтiрмейiнше мүмкiн болмаса, бөлiнiп шығушы меншiк иесi үлестi меншiктiң басқа қатысушыларынан өз үлесiнiң құнын төлетуге құқылы. Осы бап негiзiнде үлестi меншiктiң қатысушысына заттай бөлiп берiлетiн мүлiктiң меншiк құқығындағы оның үлесiне сәйкессiздiгi тиiстi ақша сомасын немесе өзге өтем төлеу арқылы жөнге келтiрiледi. Осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес өтем алғаннан кейiн меншiк иесi ортақ мүлiктегi үлеске құқығын жоғалтады.
Тараптардың арасындағы неке 2011 жылғы 22 шілдеде тіркелген, ортақ некеден кәмелет жасына толмаған балалары жоқ.
2013 жылғы 20 сәуірде Мұнайлы аудандық АХАЖ бөлімімен тараптардың арасындағы неке бұзылған.
Тараптар 2011 жылғы 8 қыркүйекте неке кезінде Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылы, Жаңа Дәулет тұрғын үй массивінде орналасқан кадастр №13203-083-1207, жалпы алаңы 0,1000 га, №401 жер телімін (бұдан әрі – даулы жер телімі) сатып алу-сату туралы шарт негізінде сатып алынып, А.Джумагазыевтің меншігіне тіркелген.
Жер теліміне үй салынып, 2015 жылғы 20 қазанда №523-қ қабылдау комиссиясының актісі негізінде тұрғын үй А.Джумагазыевтың атына 2015 жылғы 29 қыркүйекте тіркелген.
Апелляциялық сатыдағы сотта куә ретінде сұралған талап қоюшы А.Джумагазыевтың қарындасы Г.Жумагазыева талап қоюшы мен жауапкер некелері бұзылмай тұрып даулы үйдің ас, жатын бөлмелері, дәліз болғанын, үйдің үсті жабылғанын, едені болғанын, олар сол үйде тұрып келгенін көрсеткен.
2025 жылғы 5 мамырдағы бағалау есебіне сәйкес жер телімі мен тұрғын үйдің нарықтық бағасы 11 916 000 теңге.
А.Джумагазыев талап қоюын 2011 жылғы 8 қыркүйекте даулы жер телімін сатып алғанын, жауапкермен 2013 жылдан бері бірге тұрмайтынын, 2015 жылы үш бөлмелі үй тұрғызғанын, жауапкермен 2013 жылғы 20 сәуірде некесі бұзылғандықтан неке-отбасылық қатынастардан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттері тоқтатылғанымен негіздеген.
С.Бесимбаева қарсы талап қоюында тұрғын үй 2011 жылы салынып, 2012 жылдан пайдаланғандарын, үйдің құжаттары ол кезде дайын болмағанын, жер телімі мен тұрғын үй ортақ мүлік болып табылатындықтан, аталған жерді бірлесіп, Қ.Қарасаевадан 50 000 теңгеден айына бөліп төлеп, сатып алғандары туралы уәж келтірген.
Бірінші саты сотымен тараптар некеде тұрған кезінде даулы жер телімін бірге сатып алғандарын, жер телімінде екі бөлмелі тұрғын үй салып бірге тұрғандарын, А.Джумагазыев тұрғын үйді некелері бұзылғанынан кейін толық аяқтап, меншік құқығын тіркегенін ескеріп, даулы жер телімі мен тұрғын үйдегі 70 пайыз үлесі А.Джумагазыевке, 30 пайыз үлесі С.Бесимбаеваға мөлшерінде анықталып, соңғының пайдасына 3 574 800 теңге үлесі бөлініп, ақшалай өтемақы түрінде өндірілген.
Бұл сот шешімімен апелляциялық сатыдағы сот келіскен.
Жергілікті соттар даулы жердегі тараптардың үлесі заң талабына сай тең болғандықтан, оның үстіндегі үйдің құрылысы тараптардың некесі бұзылған уақытта аяқталмағандықтан тараптардың А.Джумагазыевтің даулы мүліктегі үлесін 70 пайыз, С.Бисембаеваның үлесін 30 пайыз деп дұрыс анықтаған. Бастапқы талап қою және қарсы талап қою дұрыс шешілген.
Сонымен қатар, соттармен Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 55-НҚ нормативтік қаулысында «Конституциялық Сот некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншікті бөлуді өз қалауы бойынша жүзеге асыруға құқығы бар және мерзімдері шектелмейтіндігін басшылыққа алып, талап қоюға ескіру мерзімін де қолданбағаны дұрыс.
Соттармен процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Шағым уəждеріне соттар дұрыс құқықтық баға берген. Кассациялық шағымда көрсетілген уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды.
Сондықтан сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
Жауапкер С.Бесимбаеваның өкілдің көмегіне жұмсалған шығындарын өндіру туралы өтінішхаты, келісім шарт пен төлем жасалғаны туралы түбіртек сотта және сот кабинеті арқылы табысталмағандықтан қаралмайды. Сот жауапкерге АПК-нің 109-бабы 4-тармағына сәйкес сот шығындарын өндіру туралы өтінішхатты бірінші сатыдағы сотқа беруге құқылы екенін түсіндіреді. АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының 2025 жылғы 11 маусымдағы шешімі және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысы күшінде, талап қоюшы Т.Джумагазыевтің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья
Судьялар
Г.Бастаубаев
А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.