ВС РК - Определение от 24.02.2022 по делу 6001-21-00-6ап/110 (Административное)

6001-21-00-6ап/110

ҰЙҒАРЫМ

2022 жылғы 24 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

судьялар Г.К.Нұрбаев, Ж.Б.Ермағамбетова болып, талап қоюшы Е[...], оның өкілі М.М.Ахметов,

жауапкер:

жеке сот орындаушы К[...], мүдделі тұлға:

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының өкілі Қ[...] қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында мобильді бейне-конференцбайланыс құрылғысы арқылы ашық сот отырысында төрағалық етуші – судья С.Ү.Баймахановтың істі қараудан өздігінен бас тарту туралы арызын қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы Е[...] жауапкер К[...] атқарушылық іс өндірістерін қозғау қаулыларын заңсыз деп танып, атқару парақтарын қайтаруды міндеттеу, зейнетақыдан ұстау қаулысына дау айту туралы әкімшілік ісін кассациялық тәртіпте қарау барысында төрағалық етуші – судья С.Ү.Баймаханов істі қараудан бас тарту туралы арыз білдіріп, талап қоюшы Е[...] өкілі отставкадағы судья М.М.Ахметовпен, жеке сот орындаушы К[...] қайынапасы Қызылорда облыстық сотының судьясы Ж[...] ұзақ жылдар бойы Қызылорда облыстық сотында бірге қызмет атқарғандығын көрсеткен.

Алқа судьялары, тараптардың пікірлерін тыңдап, арыз уәждерін, іс материалдарын зерделеп, келесі тұжырымға келеді.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 1-бабының 3-бөлігіне сәйкес, егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 38-бабының 1-бөлігінің 3-тармақшасының талабы бойынша судья, істің нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса не, егер оның бейтараптығына негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, істі қарауға және шешуге қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге (өздігінен бас тартуға) тиіс.

Осы Кодекстің 41-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Істі соттың алқалы құрамы қараған кезде судьялардың біріне мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) соттың алқалы құрамының басқа судьялары қарайды. Сот мәлімделген қарсылық білдіру бойынша іске қатысатын адамдардың пікірін, егер қарсылық білдірілген судьяның түсініктеме бергісі келсе, оның пікірін тыңдайды. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген судьяның қатысуынсыз шешіледі. Қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) жақтаған және оған қарсы берілген дауыстар саны тең болған жағдайда қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қанағаттандырылды деп есептеледі.

Алқа судьялары төрағалық етуші - судья С.Ү.Баймахановтың бейтараптығына күмән келтіретін ешқандай негіз жоқ деп санайды. Сондықтан судьяның істі қараудан өздігінен бас тарту туралы арызы қанағаттандырылусыз қалдыруға жатады. Қазақстан Республикасының АПК-нің 41-бабын басшылыққа алып, алқа судьялары

Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І:

Талап қоюшы Е[...] жауапкер К[...] атқарушылық іс өндірістерін қозғау қаулыларын заңсыз деп танып, атқару парақтарын қайтаруды міндеттеу, зейнетақыдан ұстау қаулысына дау айту туралы әкімшілік ісі бойынша төрағалық етуші – судья С.Ү. Баймахановтың өздігінен бас тарту туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Ұйғарым шағымдануға жатпайды.

Г. Нұрбаев Ж. Ермағамбетова

Судьялар

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.