ВС РК - Постановление от 07.02.2025 по делу 6001-20-00-6кг/2 (Об административном правонарушении)

Аудармашымен қамтамасыз ету туралы № 6кг-2-2025 ҚАУЛЫ

2025 жылғы 7 ақпан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрамында: төрағалық етуші судья Е. Мәукен, судьялар Н.К. Құрманғалиев, Г.Ғ. Исамберлиева,

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі А. Төремұратұлының, әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған адам Т.Ж. Бабакуловтың, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі А.Б. Кенжебаевтың қатысуларымен,

кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 4 сәуірдегі және Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 21 тамыздағы қаулыларына Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығымен келіп түскен

Талгат Жагипарович Бабакуловқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай - ӘҚБтК) 738-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.

Iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткілікті бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе олар бiлетiн басқа тiлде мәлiмдемелер жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеуге, шағымдар жасау, iс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.

ӘҚБтК-нің 758-бабының 1-бөлігіне сай әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу кезiнде аударма үшін қажет болатын тiлдердi бiлетiн iстiң қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адам аудармашы ретінде тағайындалады.

Осыған байланысты кассациялық сот отырысында қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасау үшін бұл тілдерді меңгерген, іске мүдделі емес адамды аудармашы ретінде қамтамасыз ету қажет.

ӘҚБтК-нің 829-10-бабын басшылыққа ала отырып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ETTI :

Талгат Жагипарович Бабакуловқа қатысты әкімшілік істі 2025 жылғы 21 ақпанда сағат 10.00.-де өтетін кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау кезінде мемлекеттік тілінен орыс тілге аударманы жүзеге асыру үшін аудармашы тағайындалсын.

Осы қаулыны орындау Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігіне жүктелсін.

Төрағалық етуші:

Е. Мәукен

Судьялар: Н. Құрманғалиев Г. Исамберлиева

Көшірмесі дұрыс. Судья Е. Мәукен

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.