КСАД РК - Определение от 16.09.2025 по делу 6003-25-00-4к/1838 (Административное)

ҰЙҒАРЫМ

2025 жылғы 16 қыркүйек №6003-25-00-4к/1838 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші - судья М.Туғанбаев, судьялар Н.Нуралыева, Ж.Оспанова болып,

ашық сот отырысында

«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі-Кәсіпорын) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-Басқарма)

камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп танып, күшін жою туралы талабы негізіндегі әкімшілік іс бойынша талап қоюшы өкілі В.Мухамбетжанованың қаулыда жіберілген қате жазбаны түзету жайлы арызын қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 28 тамыздағы қаулысымен осы іс бойынша қабылданған Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 13 наурыздағы шешімі мен Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 маусымдағы қаулысы күшінде қалдырылған.

Алайда, аталған қаулыда талап қоюшының атауы және сот отырысына қатысқан талап қоюшының өкілі қате көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі-ӘРПК ) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 235-бабының 2-бөлігіне сай сот өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын адамдардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды және анық арифметикалық қателердi түзете алады.

Сот шешімдегі қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету туралы арызды өз қалауы бойынша, іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы.

Сот актісінде жіберілген қате қабылданған шешімнің мәнін қозғамайтынын ескеріп, кассациялық сот іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға мүмкіндік бар деп тапты.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 452-бабы 2-бөлігін басшылыққа алып, кассациялық сот

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:

Талап қоюшының өкілі В.Мухамбетжанованың қаулыда жіберілген қате жазбаны түзету жайлы арызы қанағаттандырылсын.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 28 тамыздағы қаулысында талап қоюшының атауы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны», талап қоюшының өкілі «В.Мухамбетжанова» деп түзетілсін.

Төрағалық етуші

М.Туғанбаев

Судьялар

Н.Нуралыева

Ж. Оспанова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.