ҚАУЛЫ
2026 жылғы 13 мамыр 6003-26-00-4к/177 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында төрағалық етуші судья М.А.Туғанбаев,
судьялар Р.М.Айнақұлова, Ш.С.Манжуева,
талап қоюшының өкілі К[...] қатысуымен ашық сот отырысында, талап қоюшы М[...] жауапкер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Алматы» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2025 жылғы 5 мамырдағы тұрғын үй комиссиясының Д[...] ағымдағы тұрғын үй төлемдерін төлеуді тоқтату туралы №5 хаттамасының 2-тармақшасын заңсыз деп танып, күшін жою және Д[...] ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тоқтатылған күннен бастап қайта жалғастыруды міндеттеу туралы талап қою арызы бойынша қабылданған, Алматы гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 14 тамыздағы шешіміне, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 қарашадағы қаулысына талап қоюшы өкілі К[...] кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АТЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 қарашадағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Алматы гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 14 тамыздағы шешімімен тала қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Соттың қаулыларымен келіспей, талап қоюшы өкілі К[...] кассациялық шағымында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай –Заң) мемлекеттік тілдегі мәтінінде тұрғын үйді сатып алғанда ғана ағымдағы тұрғын үй төлемдері тоқталатынын көрсетіп, соттардың қорытындылары нақты фактілерге сай келмеуіне байланысты сот қаулыларының күшін жойып, іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім шығаруды сұраған.
Сот отырысына жауапкер өкілі келмеді.
Тиісті түрде хабарланған тараптардың өкілдерінің кассациялық саты сотының отырысына келмеуі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сай істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.
Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот, шағым уәждері мен іс құжаттарын жанжақты зерттеп, талап қоюшы өкілі К[...] шағымын қолдау туралы түсініктемесін тыңдап, төмендегідей тұжырымға келді.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодекспен
өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Осы іс бойынша бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарымен аталған заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Аға сержант қызметіндегі М[...] және отбасы мүшелері, оның ішінді жұбайы Д[...], қызы Ж[...], ұлы М[...] 2022 жылғы 22 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шеқара қызметінің «Алматы» жабдықтау басқармасының тұрғын үй комиссиясының №1 хаттамалық шешіміне сәйкес тұрғын үйге мұқтаж деп танылып, 2022 жылдың 26 тамызынан бастап ағымдағы тұрғын үй төлемдерін төлеу тағайындалған.
Талап қоюшы даулап отырған Шекара қызметі тұрғын үй комиссиясының 2025 жылғы 5 мамырдағы №5 хаттамасының 2-тармақшасына сәйкес М[...] жұбайы Д[...] Заңның 101-4 бабының 2- тармағының 7-тармақшасы негізінде ағымдағы тұрғын үй төлемдері тоқтатылған. Даулы құқықтық қарымқатынас пайда болғандағы Заңның 101-4 бабының 2 тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжай сатып алған жағдайларда тұрғын үй төлемдері тоқтатылады, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы не мұраға қалдырылған меншік құқығындағы тұрғынжайдың пайда болуы есепке алынбайды.
Шағым авторы «сатып алған» деген сөз тіркесін сатып алу шарты бойынша алынған ұғымымен теңестіргені негізсіз, өйткені Заңдағы ережеде мұраға қалдыру және басқа да азаматтық –құқықтық салдар ескеріліп отыр.
Бұл орайда М[...] жұбайы Д[...] атына 2024 жылғы 8 ақпандағы Алматы облысы, [...] мекенжайы бойынша жеке меншік иесінің өз еркімен салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісі бойынша тұрғын үйдің тіркелуі, ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тоқтатылуына әкеліп соғады.
Талап қоюды қанағаттандыруға құқықтық негіздемелер болмағандықтан, соттардың талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешімі негізді.
ӘРПК 155-бабының төртінші бөлігіне сәйкес сот талап қоюды қарау кезінде даулы әрекет (әрекетсіздік), шешім құзыретіне және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданғанын анықтаса, оны қанағаттандырудан бас тартады.
Жоғарыда келтірілген мәнжайларды ескере отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюға, кассациялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ деп табады.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Алматы гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 14 тамыздағы шешімі, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 қарашадағы қаулысы өз күшінде қалдырылсын. Талап қоюшы өкілі К[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
М. Туғанбаев
Төрағалық етуші:
Р. Айнақұлова
Судьялар:
Ш. Манжуева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.