Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 22.10.2025 по делу 6003-25-00-2к/1663 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 22 қазан №6003-25-00-2к/1663 Астана қаласы Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар А.Ж.Аймурзина, Ч.И. Майшыбаев, талап қоюшы А[...], оның өкілдері Ә[...], Б[...], жауапкер Ж[...], жауапкердің өкілі М[...], үшінші тұлға Ж[...]

бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы А[...] жауапкерлер Ш[...], Ш[...], Ж[...], Ш[...], жеке нотариус Д[...], жеке нотариус А[...], жауапкердің жағында, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар П[...], Ж[...], мүдделі жақ «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментіне берген, сенімхатты, сатып алу-сату келісім шарттарын және олардың тіркеулерін жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2024 жылғы 1 сәуірдегі шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 18 маусымдағы қаулысына үшінші тұлға П[...] келтірген кассациялық шағымымен қарап,

АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Үшінші тұлға П[...] сот актілеріне кассациялық шағым беру мерзімі қалпына келтірілсін.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 18 маусымдағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын, үшінші тұлғаның кассациялық шағымы қанағаттандырудан бас тартылсын.

Төрағалық етуші судья

Ғ.Бастаубаев

Судьялар

А.Аймурзина

Ч.Майшыбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.