ҚАУЛЫ
2025 жылғы 8 қазан 6003-25-00-4к/550 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының құрамында:
төрағалық етуші – судья Е.Б.Төлеев, судьялар – Р.М.Айнакулова, Н.М.Кабдрахманова, талап қоюшының өкілдері О[...] пен М[...], А[...] кенті әкімінің өкілі К[...], Жетісай ауданы әкімінің өкілі Е[...],
«Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі И[...],
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы» Жетісай аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімінің өкілі А[...],
мүдделі тұлға «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі С[...] қатысуымен ашық сот отырысында талап қоюшы Д[...] жауапкерлер А[...] [...] мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы» Жетісай аудандық тіркеу және жер кадастр бөліміне А[...] кенті әкімінің шешімін заңсыз деп танып күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған
Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2024 жылғы 27 маусымдағы шешіміне, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына жауапкерлер Жетісай ауданы әкімі және А[...] кенті әкімінің кассациялық шағымдарымен түскен әкімшілік істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Д[...] жоғарыда аталған талап қоюымен сотқа жүгінді. Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2024 жылғы 27 маусымдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
А[...] [...] жылғы 4 желтоқсандағы №58 шешімінің 1- тармағындағы №1 (Партком мөлтек ауданы) көшелер тізіміндегі М[...] көшесіне ұзындығы 1265 метр, ені 12 метр, алаңы 15180 шаршы метр тұрақты жер пайдалану құқығымен «А[...] кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне бөліп беру туралы бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырған. Жетісай ауданы әкімі мен А[...] кенті әкімі кассациялық шағымдарында төменгі сатыдағы соттар құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот, шағым уәждері мен іс құжаттарын жанжақты зерттеп, іске қатысушыларды тыңдап, төмендегідей тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодекспен өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Осы іс бойынша соттармен заң бұзушылықтарға жол берілген.
Іс материалдарына қарағанда талап қоюшы Д[...] А[...] [...] жылғы 21 шілдедегі №103 шешімімен (бұдан әрі – №103 шешім) А[...] кенті, М[...] көшесі бойынан жалпы алаңы 48 шаршы метр жер учаскесі жеке меншігіне беріліп, осы шешім негізінде кадастрлық №[...] және №[...] екі сәйкестендіру құжаты жасалып, сол жылдың 15 қазанында мемлекеттік тіркеуден өткен.
Одан басқа, талап қоюшыға А[...] [...] жылғы 27 желтоқсандағы №281 шешімімен (әрі қарай - №281 шешім) А[...] кенті, М[...] көшесі бойынан жалпы алаңы 48 шаршы метр жер учаскесі жеке меншігіне 2007 жылғы 31 қаңтарда кадастрлық No19-288-172-487 сәйкестендіру құжатымен беріліп, 2007 жылғы 7 ақпанда мемлекеттік тіркеуден өткен.
А[...] [...] жылғы 4 желтоқсандағы №58 шешімімен М[...] көшесі (ұзындығы - 1 265 метр, ені - 12 метр, алаңы - 15180 шаршы метр) тұрақты жер пайдалану құқығымен «А[...] кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне берілген.
Талап қоюшы Жетісай аудандық сотының 2024 жылғы 24 қаңтардағы шешімімен өзіне берілген кадастрлық №19- 288-172-487 жер учаскесі қызыл сызық аймағына кіргендіктен А[...] [...] шешімі заңсыз деп танылып, күші жойылғанын алға тартып, әкімнің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы №58 шешімін заңсыз деп тануды сұраған.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюды төмендегі негіздермен қанағаттандыру туралы шешімін қабылдаған:
- [...] жылғы 4 желтоқсандағы №58 шешімін қабылдау барысында аудандық сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің жер учаскесiн таңдау туралы актiсі жасалмай, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 44-1бабы 1-тармағының 2)-тармақшасының талаптары бұзылған;
- осы баптың 4-тармағының талаптары сақталмаған, яғни, ахуалдық сызба бойынша инженерлік - коммуникациялық және (инфраструктуралық) жұмыстар бойынша тиісті мекемелерден және бақылаушы органдардан (ауыз су, ҚазТрансГаз, Қазақтелеком және т.б.) келісімдері алынбаған;
- аталған даулы шешімде Жер кодексінің 44-бабының 7-тармағына сай, кент әкімі шешімінің жобасында жер учаскесінің бөлінетіні (бөлінбейтіні) туралы мәліметтер көрсетілмеген;
- сондай-ақ, даулы шешімде А[...] кенті, М[...] көшесінің ұзындығы 1265 метр, ені 12 метр, алаңы 15180 шаршы метр деп көрсетілген. Алайда, Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2024 жылғы 13 наурыздағы уәкілетті орган мамандарының қатысуымен жергілікті жерге шығып жүргізілген қарау, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде М[...] көшесінің ені 9 метрді құрайтыны анықталған.
Соттардың бұл тұжырымдарымен кассациялық сот келіспейді.
Атап айтқанда, М[...] көшесінің енін анықтау үшін соттармен мамандардың қатысуымен көшпелі сот отырысы өткізілмеген, тек қана Д[...] өкіліне Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2024 жылғы 13 наурыздағы хатына сілтеме жасалған. Ал талап қою сотқа 2024 жылғы 28 наурызда берілген.
Сонымен бірге, іс құжаттарына тіркелген 2023 жылғы 9 маусымдағы актіде көрсетілгендей, абрис сызбасына қарағанда кадастрлық No19-288-172487 жер телімінің ұзындығы 18 метр, ені 2 метр құраған, ал нақты өлшеу барысында осы жерде орналасқан сауда дүнгіршектері ұзындығы 20 метр жерде орналасқан, яғни 2 метр жер артық пайдалануда және ретсіз алтыншы сауда дүнгіршегі орналасқаны анықталған. Осы сауда дүнгершегінің шығыс бетінде орналасқан жасыл сауда дүнгіршегі М[...] көшесінің өсінен алғанда 4,3 метрді құрап, бас жоспарға және Асықта [...] жылғы 4 желтоқсандағы №58 шешімімен бекітілген М[...] көшесінің ені 12 метр белдеуіне 1,7 метр шығып қызыл сызықта орналасқаны анықталған.
Бұл актіге Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы С[...] та қол қойған.
Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы» Жетісай аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 03-13-35-0704/10173 хатында талап қоюшының нақты пайдаланып отырған жер телімі көшенің аумағына кіргені хабарланған. Оған қоса, осы жауапкердің 2024 жылғы 23 тамыздағы хатында Д[...] кадастрлық №[...] жер учаскесі мен автожол үшін бөлінген кадастрлық №[...] жер учаскесі бірбірімен беттеспейтіні мәлімделген.
Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2024 жылғы 27 ақпандағы хатында М[...] көшесінің толық ені емес, тек қана асфальт жабындысының ені 5 метр екендігі хабарланған.
Кассациялық сатыдағы сот отырысында жауапкерлер мен мүдделі тұлғаның өкілдері талап қоюшының және М[...] көшесіне бөлінген ені 12 метр құрайтын жер телімдері бірбірімен беттеспейтінін түсіндірді.
Соттар талап қоюшының құжаттары бойынша болуға тиісті және нақты пайдаланып отырған жер телімі анықтамаған, ұсынылған ақпарат бірбіріне сәйкес келмейді.
Д[...] әкімнің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы №58 шешімін даулауының себебі Жетісай аудандық сотының 2024 жылғы 24 қаңтардағы шешімімен оған берілген кадастрлық №[...] жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың заңсыз деп танылуы болған.
Алайда, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 шілдедегі қаулысымен аталған сот шешімінің күші жойылып, К[...] мен С[...] талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылған. Бұл сот қаулысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған.
Осыған байланысты, әкімнің даулы шешімімен талап қоюшының нақты қандай құқықтары мен заңды мүдделі бұзылғаны анықталуы қажет.
Сонымен бірге, осы іс бойынша жауапкерлер ретінде Жетісай ауданының әкімі, Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы» Жетісай аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімі тартылып, талап қою толығымен қанағаттандырылған.
Алайда аталған тұлғалардың осы іс бойынша тиісті жауапкер бола алатыны, оларға қойылған талаптар соттармен талқыланбаған.
Соттар жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескерместен, оларға тиісті құқықтық баға бермей, заңсыз шешім қабылдаған.
Істің мұндай тұрғысында апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күші жойылуға, іс осы сотқа басқа құрамда жаңадан қарауға жіберілуге, ал кассациялық шағым ішінара қанағаттандырылуға жатады.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 5)тармақшасын басшылыққа алып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысының күші жойылып, іс апелляциялық сатыдағы сотқа басқа құрамда жаңадан қарауға жіберілсін.
Жауапкерлер Жетісай ауданы әкімі және А[...] кенті әкімінің кассациялық шағымдары ішінара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші:
Е. Төлеев
Р. Айнакулова
Судьялар:
Н. Кабдрахманова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.