КСАД РК - Постановление от 08.04.2026 по делу 6003-26-00-4к/212 (Административное)

1

ҚАУЛЫ

8 сәуір 2026 жыл №6003-26-00-4к/212 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші М.А.Туғанбаев,

судьялар – Р.М.Айнақұлова, Г.Б.Дүйсенбаев болып,

талап қоюшы А.С.Затаевтың қатысуымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Затаев Асилбек Сайлауұлының (бұдан әрі – талап қоюшы, борышкер) жауапкер Шымкент қаласы атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Альфия Кучкаралиевна Ажатаеваның (бұдан әрі – жауапкер, ЖСО) 2025 жылғы 15 қыркүйектегі, 2025 жылғы 21 қазандағы алимент берешегін анықтау туралы қаулыларын заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап арызы бойынша қабылданған,

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 желтоқсанындағы қаулысына талапкердің кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы Затаев А.С. жоғарыда көрсетілген талап арызымен сотқа жүгінген.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 11 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылып, ЖСО А.К.Ажатаеваның дауланып отырған 2025 жылғы 15 қыркүйектегі және 2025 жылғы 21 қазандағы борышкердің алимент берешегін айқындау туралы қаулылары заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 желтоқсанындағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған.

Кассациялық шағымда талап қоюшы істі қарау барысында апелляциялық сот тарапынан зерттелген дәлелдемелерге дұрыс баға берілмегендігін, материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмағандығын көрсетіп, дау айтылған сот актісінің күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін қалпына келтіруді сұрайды.

Сот отырысының уақыты мен орыны туралы тиісінше хабарланған жауапкер мен мүдделі тұлға сотқа келген жоқ.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115-бабына сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Талап қоюшының кассациялық шағымды қолдаған түсінігін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, кассациялық сот төмендегідей тұжырымға келді. Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Осы іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

2019 жылғы 21 қарашадағы сот бұйрығымен борышкер А.С.Затаевтан табысының және өзге де кірісінің 1/3 (үштен бір) бөлігінде кәмелетке толмаған балалары: 23.01.2012 жылы туған Інжу Асилбекқызы Сайлау мен 30.06.2013 жылы туған Аяла Асилбекқызы Сайлауды олар кәмелет жасына толғанша асырап-бағу үшін өндіруші А.Қ.Сардарованың пайдасына 2019 жылдың 19 қарашасынан бастап алимент өндірілген.

Аталған сот бұйрығының негізінде қозғалған атқарушылық өндірістің аясында ЖСО-ның 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысымен 2025 жылдың қаңтар айынан бастап 2025 жылдың тамыз айын қоса алғандағы аралыққа борышкердің алимент берешегі 425 000 теңге мөлшерінде, ал 2025 жылғы 6 қазандағы қаулысымен 2023 жылдың қаңтар айынан бастап 2024 жылдың 31 желтоқсаны аралығына алдыңғы қаулыға сәйкес берешегі қоса есептеліп, 1 956 534 теңге мөлшерінде айқындалған.

Сонымен қоса жауапкер 2025 жылғы 21 қазандағы қаулысымен өзінің 2025 жылғы 6 қазанда қабылдаған қаулысының күшін жойып, борышкердің 2023 жылдың қаңтар айынан бастап 2025 жылдың 31 тамызы аралығына (2025 жылдың 15 қыркүйектегі қаулысы бойынша 425 000 теңге берешекті қоса алып) 2 718 753 теңге алимент берешегін анықтаған.

Аталған екі қаулыны борышкер осы жылдар бойы сот бұйрығына сәйкес алиментті тұрақты түрде төлеп келгенін және жұмыссыз емес, жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін алға тарта отырып, сотқа даулаған.

Бірінші сатыдағы сот талап арызды қанағаттандыра отырып, борышкер жұмыссыз емес, керісінше 2016 жылдың 22 сәуірінен бастап мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, сол себепті оны жұмыссыз ретінде қарастырып, оның алимент берешегін Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшері негізінде анықтау заңға қайшы деген пікірге келген.

Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың бұл шешімімен келіспей, оны бұзып, іс бойынша жаңа шешім қабылдағанда, келесі мәнжайларды заңды түрде негізге алған.

2025 жылы 15 қыркүйекте өндіріп алушы А.К.Сардарова жауаперден борышкер А.С.Затаевтың 2023 жылдың қаңтар айынан бастап сол күнге дейінгі аралыққа заңға сәйкес өндірілуге жататын алимент берешегін есептеп беруді сұраған және борышкерден 2023- 2024 жылдар аралығында ай сайын 20 000 теңгеден екі баласына алимент алып отырғанын мәлімдеген. Алайда, сот отырысында борышкер осы ай сайыңғы төленген 20 000 теңгені екі балаға қандай табыстан (жеке кәсіпкер ретінде немесе жұмыссыз ретінде) төлегенін түсіндіре алмаған.

ЖСО өзінің АИС ОИП базасы арқылы А.С.Затаевтың «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамындағы салымын тексерген кезде, борышкердің атына оның жеке кәсіпкерлікпен айналысатыны туралы немесе белгілі бір мекемеде тұрақты жұмыс істейтіндігі туралы ақпарат болмаған және зейнетақы төлемі төленгендігі туралы дәйекті мәлімет болмағандығы анықталған.

Сот алқасы анықтағандай, борышкер мемлекеттік кірістер органында 2016 жылы 22 сәуірде тіркелгеннен кейін мемлекеттік кірістер органына өзінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша оңайлатылған салық төлеушінің 910.00 нысандағы декларациясын тапсырмаған.

Оның үстіне «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының мәліметіне сәйкес борышкер 2025 жылы 19 қыркүйекте 2023 жылдың 12 айына 7 000 теңгеден 12 рет, 2024 жылдың 12 айына 8 500 теңгеден 12 рет, 2025 жылдың 8 айына 8 500 теңгеде 8 рет міндетті зейнетақы төлемдерін төлеген.

Аталған жағдай 2025 жылы 15 қыркүйекте өндіріп алушы А.К.Сардарова ЖСО-дан борышкердің 2023 жылдан бастап алимент берешегін есептеп беруді сұраған өтінішінен кейін ғана орын алған, яғни ол уақытқа дейін борышкердің жеке кәсіпкерлікпен айналысқандығы туралы нақты дәлелдемлері, яғни жеке кәсіпкерліктен пайда тауып отырғандығы туралы мәліметтер сотқа ұсынылмаған.

Кассациялық сот отырысы барысында да борышкер аталған уақыт аралығында өзінің жеке кәсіпкер ретінде тұрақты табыс тауып отырғандығының нақты дәлелдерін келтіре алмады.

Мұндай жағдайда, апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың борышкердің алимент берешегін Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшері негізінде анықтау заңға қайшы деген пікірімен негізді түрде келіспеген.

Демек, апелляциялық сот талап қоюшының талабын заңды түрде негізсіз және қанағаттандыруға жатпайды деп тапқан.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актісінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Мұндай жағдайда талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады. ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Шымкент қала
2025 жылғы 18 желто
Талапкердің ка
Төрағалық етуш
Судьялар

лық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының
қсанындағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
ссациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
і Туғанбаев М.А.
Айнақұлова Р.М.
Дүйсенбаев Г.Б.

⚠️ Текст документа получен на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан.