ҚАУЛЫ
2026 жылғы 21 мамыр №6003-26-00-4к/452 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші - судья М. А. Манабаева,
судьялар Н. Е.Нуралыева, Л.Е. Каирбаева,
прокурор А.Я.Нұртазанова, Асел Алибековна Суюншалиева (бұдан әрі - талап қоюшы, А.А. Суюншалиева) және оның өкілі Т.А. Сатувалдиев, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - жауапкер, Департамент) өкілдері Ғ.М. Смагулов, С.Б. Стал, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі ‑ Комитет) өкілдері А.Д. Серікжан, Н.Т. Жуманалина,
талап қоюшы А.А. Суюншалиеваның жауапкер Департаментке кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген соммалары туралы хабарламасының күшін жою туралы,
мүдделі тұлғалар: Комитет, «Астана қаласы бойынша полиция департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі ‑ Полиция департаменті), Айболат Нурланович Нурланов (бұдан әрі - А.Н.Нурланов), «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі ‑ Әкімшілік полиция комитеті),
жауапкердің Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 24 маусымдағы шешіміне, Астана қалалық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 қазандағықаулысына кассациялық шағымдарымен түскен әкімшілік істі қарап, АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 24 маусымдағы шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылған. Департаментің 2025 жылғы 7 сәуірдегі №36 кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген соммалары туралы хабарламасызаңсыз деп танылсын және күші жойылған.
Астана қалалық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 қазандағықаулысымен Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының осы іс бойынша қабылдаған 2025 жылғы 24 маусымдағы шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Кассациялық шағымдарда жауапкер төменгі саты соттарының сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
Мүдделі тұлғалар Полиция департаменті, А.Н.Нурланов, Әкімшілік полиция комитетіне тиісті түрде хабарланған өкілдері белгісіз себеппен
кассациялық соттың отырысына келмеді, бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115-бабы бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес осы істі қарауға кедергі болмайды.
Шағым уәждерін толық қолдаған жауапкердің және мүдделі тұлғаның өкілдерінің түсінігін және сот актілерімен келіскен талап коюшы және оның өкілінің, прокурордың қортындысын тыңдап, іс материалдарын зерттеп, шағымдардың дәлелдерін талқылай отырып, кассациялық сот мынадай тұжырымға келді.
ӘРПК 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Осы іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Істің егжей-тегжейлі мән-жайлары, соттардың негіздемелері сот актілерінде толық көрсетілген. Соттардың қорытындылары іс бойынша анықталған нақты мән-жайларға және материалдық кұқық нормаларына негізделген.
АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымдарда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.
Жауапкердің сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.
Баяндалғанның негізінде және ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ :
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 24 маусымдағы шешімі, Астана қалалық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 қазандағықаулысы күшінде қалдырылсын.
Жауапкердің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
М.А.Манабаева Н.Е.Нуралыева
Л.Е. Каирбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.