Қ А У Л Ы
2025 жылғы 12 қараша №6003-25-00-2к/2341 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар А.А.Бақытжанова, Ч.И. Майшибаев, талап қоюшының өкілі Н.Қуандықұлы,
үшінші тұлға И.С.Әбілдаева,
бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) жауапкерлер «Бахыт», атынан Бахыт Зұлхарнайұлы Ешмахан жеке кәсіпкерінен (бұдан әрі - ЖК) және жеке тұлға Бахыт Зұлхарнайұлы Ешмаханнан, даудың нысанасына дербес талап мәлімдемейтін жауапкер жағындағы үшінші тұлға Индира Сақтапбергенқызы Әбілдаева, несие қарызын өндіру және қарызды кепіл мүліктен өндіру туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы шешіміне және Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 ақпандағы қаулысына талап қоюшының өкілінің кассациялық шағымымен қарап, АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы шешімі және Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 ақпандағы қаулысы өзгертілсін.
Аталған сот актілері қарызды кепілге қойылған мүлік арқылы өндіруден бас тарту бөлігінде күші жойылып, осы бөлігінде талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдансын.
Жеке кәсіпкер Бахыт Зұлхарнайұлы Ешмаханның қарызы 2024 жылғы 18 қаңтардағы кепіл шартына сәйкес кепілдегі мүлік Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Т.Есетов көшесі, №108 мекен-жайы бойынша орналасқан тұрғын үйден өндірілсін.
Қалған бөлігінде сот актілері күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.
Талап қоюшы «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының пайдасына жеке кәсіпкер Бахыт Зұлхарнайұлы Ешмаханнан 983 (тоғыз жүз сексен үш) теңге мемлекеттік баж өндірілсін.
Талап қоюшы «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының пайдасына мемлекеттік бюджеттен артық төленген 234 525 (екі жүз отыз төрт мың бес жүз жиырма бес) теңге баж алымы қайтарылсын.
Төрағалық етуші судья Судьялар
Ғ.Бастаубаев А.Бақытжанова
Ч.Майшибаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.