ВС РК - Постановление от 24.05.2021 по делу 6001-21-00-3Г/1745 (Гражданское)

6001-21-00-3Г/1745

ҚАУЛЫ

2021 жылғы 24 мамыр Нұр-Султан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ғ.Ж. Мырзаке,

талап қоюшы «Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» мелекеттік мекеменің (бұдан әрі - Мекеме) жауапкер «АОВК[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) 160 313 800 теңге ақшалай соманы бюджетке қайтару туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 6 қазандағы шешімін, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 8 қантардағы қаулысын қайта қарау туралы Серіктестіктің келтірген өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Мекеме жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен Серіктестікке сотқа жүгінген.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 11 мамырдағы шешімімен талап қою арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 10 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімінің күші жойылып, азаматтық іс сол сотқа жаңадан қарауына жолданған.

Жаңадан қарау нәтижесі бойынша, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 6 қазандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылған. Серіктестіктен мемлекет кірісіне 160 313 800 теңге ақшалай сома және 4 809 414 теңге сот шығындары өндірілген.

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 8 қантардағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта Серіктестік сот актілерімен келіспей, соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын бұзуға жол бергенін көрсетіп, дауланған сот актілерінің күшін жойып, талап қою арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауыды сұраған.

Іс құжаттарын және өтінішхат уәждерін зерделеп, судья төмендегі негіздерге байланысты өтінішхат кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін берілуге жатады деген тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан,

материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

2018 жылғы 13 желтоқсанда Мекемемен Серіктестіктің арасында тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы №73 келісім-шартқа (бұдан әрі - Шарт) электрондық санды қолтаңба қолдану арқылы қол қойылған.

Шарттың жалпы құны 160 313 800 теңге құрап, міндеттемелердің

орындалу мерзімі 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленген.

Шарт бойынша Серіктестік қызмет көрсетуге, ал Мекеме Атырау облысының құрама командасын 2018 жылғы маусымдағы волейболдан республикалық және халықаралық спорттық жарыстарына дайындау және қатыстыру қызметіне ақы төлеуге міндеттенген.

2018 жылғы 26 қыркүйек - 12 желтоқсан аралығында көрсетілген қызметтер үшін 2018 жылғы 13 желтоқсанда орындау актісі жасалып, тараптармен қол қойылған.

Жергілікті соттар, талап қою арызды қанағаттандыруын:

-Шарттың 8.1-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші оны қазынашылық органында тіркегеннен кейінгі күннен бастап күшіне енетіні көзделген, ал шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшасында қызметтерді көрсету мерзімі 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленгенімен;

-тараптардың міндеттемелері 2018 жылғы 13 желтоқсанда ғана туындап, 2018 жылғы 31 желтоқсанда аяқталуы тиіс болғанымен;

-талап қоюшының ұсынған есебіне сәйкес, Серіктестіктің 2018 жылғы 13 - 31 желтоқсан аралығында көрсетілген қызмет үшін Мекеме төлем жасауға міндетті болғанына қармастан, 2018 жылғы 26 қыркүйек - 12 желтоқсан аралығында көрсетілген қызметтер үшін заңсыз 160 313 800 теңге төлем аудару фактісіне жол берілгендігімен тұжырымдаған.

Алайда арызданушының пікірінше сот актілерінде іс үшін маңызы бар сот белгілеген мән-жайлардың дәлелденбеуіне, сондай-ақ сот тұжырымдарының осындай мән-жайларға сәйкес келмеуіне, материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының дұрыс қолданылмауына байланысты заңсыз және негізсіз деп санайды.

Соттармен келесі дәлелдерге назар аударылмаған:

  • -2018 жылғы қыркүйек - желтоқсан аралығында қызмет көрсеткен кезде

  • Шарт тараптармен келісілген;

  • -жұмыс туралы актісімен Шартқа тараптар қол қойған және оның күші

  • жойылмаған;

    • -ақша қаражаттары мақсатқа сай жұмсалған;
  • -конкурсты және Шартты кеш өткізуі бұл талап қоюшының бұзушылығы

  • және ақша қаражаттарды кері алуға негіз жоқ.

Бюджет қаражаттарды мақсатсыз жұмсалғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған, мемлекетке залал әкелмейтін формалдық бұзушылықтармен шектеліп отыр.

Тараптар арасында жасалған Шартпен көрсетілген қызметтердің актісі жарамсыз болып танылмағандығы туралы соттардың уәждері негізсіз болып табылады, себебі азаматтық-құқықтық дау олардың мәніне емес, қызметтерді көрсету мерзіміне қатысты туындап отыр.

Алайда, Шарт жасағанға дейін көрсетілген қызметтері үшін бюджет ақша қаражаттарды аударуы мемлекетке залал әкелмеген, себебі аталған қаражаттар мақсатқа сәйкес жұмсалған.

Волейболдан жарыстарға дайындау бүкіл 2018 жыл қажет етті, сондықтан Мекеменің өтініші бойынша Серіктестік қызмет көрсетуін жалғастыра берді, ал Шарт жасалғаннан кейін жауапкер барлық жұмсалған қаражатты қайтаруға міндеттенді.

Серіктестік 2018 жылдың қыркүйек-желтоқсан аралығында дайындық процесін үзіліске жол бермеу мақсатында шығыстарды (ойыншылардың жалақысы, көлік пен тамақтандыруға кететін шығындар) өз есебінен төлеген.

Арыз берушінің жоғарыда аталған және өтінішхатта көрсеткен басқа уәждері сот отырысында тексерілуге жатады.

АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 6 қазандағы шешімін, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 8 қантардағы қаулысына келтірілген өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін. Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.

Судья Ғ.Мырзаке

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.