Қ А У Л Ы
2026 жылғы 26 наурыз 6003-26-00-3к/230 Астана қаласы
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші- судья Қ.А.Мусетов,
судьялар М.К.Сатыбалдин, Г.Б.Даулетова,
Қазақстан Республикасының Бас прокурорының аға көмекшісі А.Төремұратұлының,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізіліп жатқан тұлға Ш.Т.Есенкелдиевтің,
«Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» РММ өкілдері – А.Ж.Қайырмағанбетованың, А.Б. Казиханованың,
«Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті» РММ өкілі – Ә.Ә.Әбдікәрімнің қатысуларымен,
кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Қызыл орда қаласының əкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 25 тамыздағы, Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 қазандағы қаулыларына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының кассациялық наразылығымен келіп түскен Шаймерден Тажикулович Есенкелдиевке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы 10-2 -бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
Қызылорда қаласының əкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен Есенкелдиев Шаймерден Тажикулович Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 207бабының 10-2 - бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 82 572 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалған.
Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 қазандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, Ш.Т.Есенкелдиевке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207 - бабы~ның 10-2 - бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық тура~~ лы іс тоқтатылған.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының кассациялық наразылығында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актілерін қайта қарауды ұсынады.
Апелляциялық сатыдағы сот қаулысын күшінде қалдыруды сұраған Ш.Т.Есенкелдиевтің түсініктемесін, кассациялық наразылық дәлелдерін қолдаған мемлекеттік органдардың өкілдерінің, прокурордың пікірлерін тындап, іс материалдарын зерделеп, сот келесі тұжырымға келді.
Кассациялық тәртіппен қайта қарау ӘҚБтК-нің 851 - бабы 5 - бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Іс материалдарына сəйкес Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан əрі – Департамент) Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне (бұдан əрі – Мекеме) қатысты аудиторлық іс-шара жүргізген.
Аудит нəтижесінде «Alta Company» жеке кəсіпкерінің мемлекеттік
сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамағаны, сондай-ақ Мекеме тарапынан аталған кəсіпкерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбегені анықталған.
Осыған орай Департамент Мекеме басшысы Ш.Т. Есенкелдиевке қатысты ӘҚБтК-тің 207-бабы 10-2-бөлігі бойынша, яғни мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс берушінің өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеуі бойынша əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
Апелляциялық сатыдағы сот істі тоқтату кезінде Ш.Есенкелдиевтің өнім беруші «Alta Company» жеке кəсіпкерін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа жүгіну жөнінде шаралар қабылдағаны туралы тұжырым жасаған.
Алайда апелляциялық сатыдағы сотының бұл қаулысы істің нақты мəн-жайларына сəйкес келмейді жəне əкімшілік жауаптылық туралы заңнама нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты төмендегі негіздер бойынша бұзылуға жатады.
Іс материалдарынан анықталғандай, 2024 жылғы 23 мамырда Мекеме мен «Alta Company» жеке кəсіпкері арасында дербес комп~ьютерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде 199~~ 000 теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы №66 шарт жасалған. Шарттың орындалу мерзімі 2024 жылғы 30 маусым деп белгіленген.
Алайда, «Alta Company» жеке кəсіпкері шарт талаптарын 2024 жылғы 8 шілдеде, яғни белгіленген мерзімнен кешіктіріп орындаған жəне тұрақсыздық айыбын өтемеген.
Ш.Есенкелдиевтің 2024 жылғы 23 шілдеде əлеуетті өнім беруші «Alta Company» жеке кəсіпкерінен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарды шартта белгіленген мерзімде жеткізбеуіне байланысты кешіктірілген күндер үшін тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінгені көрінеді.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі ұйғарымымен талап арыз сотқа дейінгі тəртіптің сақталмауына байланысты қараусыз қалдырылған.
Сонымен қатар, тұрақсыздық айыбын өндіру мен өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танудың құқықтық салдары əртүрлі.
Атап айтқанда, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сəйкес, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі – өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесі болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу фактісі туралы өзіне мəлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.
Заңда өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танудан босататын шарттардың жиынтығы көзделген, олардың бірі – тұрақсыздық айыбын төлеу болып табылады.
Сондықтан, аталған кəсіпкер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылуға тиіс еді жəне Мекеме тиісті талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті болған.
ӘҚБтК-нің 207-бабының 10-2-бөлігі бойынша əкімшілік жауаптылық өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс берушінің оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюм~ен сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі үшін туындайды.~~
Мұндай жағдайда апелляциялық сатыдағы сотының Ш.Есенкелдиев өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз
қатысушы деп тану туралы шаралар қабылдағаны жөніндегі тұжырымы негізсіз болып табылады.
Істің жоғарыда көрсетілген мән-жайларды назарға ала отырып, соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында біркелкіліктің бұзылуына байланысты ӘҚБтК-нің 851-бабының тәртібімен іс бойынша шығарылған апелляциялық сот қаулысының күші жойылуға, Ш.Т.Есенкелдиевты ӘҚБтК-нің 207-бабы 10-2-бөлігімен жауаптылыққа тарту туралы бірінші сатыдағы сотының қаулысы өзгеріссіз қалдыруға жатады.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының кассациялық наразылығы қанағаттандыруға жатады. ӘҚБтК-нің 851-бабын басшылыққа ала отырып, Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот,
ҚАУЛЫ ЕТТІ :
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабының 10-2-бөлігі бойынша Шаймерден Тажикулович Есенкелдиевке қатысты Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 қазандағы қаулысының күші жойылсын.
Шаймерден Тажикулович Есенкелдиевты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабының 10-2бөлігімен əкімшілік жауаптылыққа тарту туралы Қызылорда қаласының əкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 25 тамыздағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының кассациялық наразылығы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші Қ.А.Мусетов Судьялар М.К.Сатыбалдин Г.Б.Даулетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.