6003-25-00-2к/4475 6003-25-00-2к/4475(2)
2026 жылғы 15 сәуір Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева, прокурор А.Камашевтың,
талап қоюшының өкілі Ж.М.Мамырдың , жауапкер А.А. Мустафаеваның өкілі С.И.Култасовтың, жауапкер Сарыағаш қаласының әкімінің өкілі А.Оразалиеваның, жауапкер «Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілдері Б.Н.Жандардың, Н.А.Рахимовтың қатысуларымен, ашық сот отырысында
талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер Гульжан Мусаевна Сарсенбековаға, Айжан Алдиерқызы Мустафаеваға, Сарыағаш қаласының әкіміне, «Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалына, нотариус Усен Садуахасович Сейдановқа жер учаскесін жалға беру, жеке меншіке сату сатып-алу және жер учаскесін сату сатып-алу шарттарын жарамсыз туралы азаматтық істі ж ауапкерлер Г.М.Сарсенбекованың, А.А.Мустафаеваның Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының 2025 жылғы 3 маусымдағы шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысына берген кассациялық шағымдары бойынша қарап,
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының 2025 жылғы 3 маусымдағы шешімі және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысы күшінде қалдырылсын.
Жауапкерлер Г.М.Сарсенбекованың, А.А. Мустафаеваның кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
Судьялар: А.О.Тогумбетова
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.