ВС РК - Постановление от 13.12.2021 по делу 6001-21-00-3Г/6383 (Гражданское)

6001-21-00-3г/6383

ҚАУЛЫ

2021 жылғы 13 желтоқсан Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.Т.Даниярова талап қоюшы Ю[...] жауапкер «Оңтүстік таухимиялық компаниясы» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – Серіктестік) бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақы өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған

Түркістан облысы Созақ аудандық сотының 2021 жылғы 28 қаңтардағы шешімін, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 4 мамырдағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы талап қоюшының өкілі Т[...] келтірген өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Ю[...] сотқа жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен жүгінген. Түркістан облысы Созақ аудандық сотының 2021 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 4 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 314-м бұйрығының күшін жою туралы талабын қанағаттандырудан бас тарту бөлігінде күші жойылып, бұл бөлікте талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған.

Серіктестіктің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 314-м бұйрығының күші жойылған.

Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Арызданушы өтінішхатында іс үшін маңызы бар мән-жайлар дұрыс айқындалмай, материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын, істің мән-жайларына дұрыс құқықтық баға берілмегенін көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс бойынша анықталғандай, 2020 жылғы 19 маусымда Ю[...] «Ақдала» кенішінің бастығының міндетін атқара отырып, жұмысшылар Е[...], А[...] және Қ[...] кеніш аумағынан Қыземшек кентіне шығуға, сонымен қатар екі қызметкерге түнге қалуға және келесі күнге оралуға рұқсат бергені, 2020 жылғы 23 маусымда жұмыскер Б[...] туыстарымен кездесуге рұқсат берген.

2020 жылғы 25 маусымда Ю[...] өзі қызметтік автокөлікпен кеніш аумағынан шығып, Қыземшек кентіне барып, келесі күні қайтып келгені анықталған.

2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 314-м бұйрықпен Ю[...] бас инженері лауазымдық нұсқаулығының 2-бөлімі 4-тармағының 1) тармақшасын, 9-тармағының 8) тармақшасын; 3-бөлімі 10-тармағының 9) тармақшасын, г) тармақшасын және 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 120-20 бұйрығымен бекітілген коронавирустық індеті кезеңінде Серіктестіктің қызметкерлерінің жұмыс орындарындағы мінез-құлық Ережесін бұзғаны, қызмет міндеттерін тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 64-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы негізінде қатаң сөгіс жарияланған.

2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 328-ЛС бұйрықпен Бас директордың 2019 жылғы 22 шілдедегі № 311-19 бұйрығымен бекітілген автокөлік құралдарын басқару рәсімінің 30-тармағын, 2019 жылғы 26 қыркүйектегі Серіктестіктің Бас директорымен бекітілген Серіктестіктің кенішінің бас инженерінің лауазымдық нұсқаулығының 4, 10-тармақтарын бұзғаны үшін Еңбек Кодексінің 64-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы негізінде Ю[...] пен Серіктестіктің арасындағы еңбек қатынастары тоқтатылған.

2020 жылғы 20 қазанда Ю[...] келісім комиссиясына бұйрықтың күшін жою және жұмысқа қайта орналастыру туралы арызбен жүгінген.

2020 жылғы 10 қарашадағы келісім комиссиясының шешімімен Ю[...] арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Өтінішхат иесі жұмыс берушімен тәртіптік жазаның Еңбек Кодексінде белгіленген негіздерін дұрыс қолданбағанын, Ю[...] «қатаң сөгіс» нақты карантиндік режимнің бұзылуына жол берген үшін жариялаған, яғни Еңбек Кодексінің 52-бабының 1-тармағының 11) тармақшасы қолдануға жатады, ал еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза Ю[...] нақты тек қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған үшін қолданғанын көрсеткен.

Бұл ретте, Еңбек Кодексінің 52-бабының 1-тармағынын 18) тармақшасы қолдануға жатады деп санайды.

Ю[...] қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланғанының салдарынан Серіктестікке материалдық нұқсан келтіргені туралы жауапкермен еш дәлел сотқа ұсынбағанын, сол себепті еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза заңсыз қолданғанын көрсеткен.

Сонымен қатар, жұмыс беруші Ю[...] еңбек шартын бұзған кезде оның осы денсаулыққа зиян мекемеде 2001 жылдан бері жұмыс атқарып келгенін, теріс қылықтың ауырлығы мен сипатын ескермеген.

Жауапкер Ю[...] еңбек шартын бұзу туралы № 316-м бұйрығын қабылдауына 2020 жылғы 31 шілдедегі комиссия қызметтік тексеру актісі негіз болғанын, демек, осы кезден бастап жауапкерге Ю[...] тәртіптік теріс қылық жасағаны белгілі болғанымен негіздеген.

Сондықтан, жауапкер Ю[...] еңбек шартын бұзу туралы бұйрығын бір айдан кешіктірмей, нақты айтқанда 2020 жылғы 1 қыркүйегіне дейін шығаруға міндетті.

Алайда, бұл заң талабы жұмыс берушімен сақталмай, Ю[...] еңбек шартын бұзу туралы бұйрық 2020 жылғы 29 қыркүйекте, яғни мерзімінен кеш шығарылған.

Мұндай жағдайда жауапкер Ю[...] еңбек шартын бұзу кезінде тәртіптік жаза қолдану мерзімін бұзған.

Судья өтінішхатта көрсетілген уәждердің іс үшін маңызы бар екендігін және даулы сот актілерін қайта қарауға негіз болатынын ескере отырып, оны іспен бірге алқа отырысында қарауға жолдау қажет деп санайды.

АПК-тің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Түркістан облысы Созақ аудандық сотының 2021 жылғы 28 қаңтардағы шешімін, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 4 мамырдағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы талап қоюшының өкілі Т[...] келтірген өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іс бойынша қатысқан тұлғаларға жолдансын.

Судья Ш.Т.Даниярова

Көшірмесі дұрыс

Судья

Ш.Т.Даниярова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.