Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 17.12.2025 по делу 6003-25-00-2к/3714 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 17 желтоқсан №6003-25-00-2к/3714 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев,

судьялар А.Даненова, А.Тоқсанбаев,

талап қоюшының өкілі Р.Шариповтің қатысуымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Муса Нихматулла Мусаұлы жауапкер Ишан Абдрахим Айымқұлға қарыз ақшаны өндіру туралы талап қоюымен қабылданған Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 сәуірдегі қаулысына талап қоюшының

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Н.Муса жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.

Алматы облысы Қарасай аудандық сотының 2025 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен Н.Мусаның талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 сәуірдегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымда апелляциялық сатыдағы сотпен процестік құқық нормалары бұзылғанын көрсетіп, алқа қаулысының күшін жойып, азаматтық істі сол сотқа жаңадан қарауға жіберуді сұраған.

Талап қоюшының өкілі Р.Шариповтің түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 153 –бабы 1-тармағына сәйкес мәмiленiң жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда, тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге де, куәгерлiк айғақтардан басқа, дәлелдермен растауға құқылы.

АК-нің 268, 271, 272, 273, 277-баптарына сәйкес мiндеттеме – шарттан туындаған мiндеттеме тараптармен тиiсiнше орындалуға тиiс, ал шартты бір

тарап орындамаған жағдайда, міндеттемені орындаған тарап басқа тараптан міндеттемені орындауды талап етуге құқылы.

АК-нің 716-бабы 2-тармағына сәйкес заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда жасалды деп танылады.

«Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы №2 Нормативтік қаулысының 9-тармағына сәйкес істің заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиісті мән-жайы ешқандай да басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес (мысалы, егер мәміленің нақты жағдайлары бойынша дау туындайтын болса, ол келісім-шартпен дәлелденеді).

Тараптардың арасында жазбаша келісім шарт және қабылдау, тапсыру, түгендеу актілері жасалмаған.

Талап қоюшымен сотқа заттар жауапкерге берілгені, оның көлемі, саны, бағасы, берілген уақыты, орны көрсетілген, тараптардың қолдары қойылған құжаттар ұсынылмаған.

Талап қоюшы ұсынған нотариустың дәлелдемелерді қарау хаттамасы және 2024 жылғы 9 қыркүйектегі аудио таспаға жазылған сөздерде жауапкердің нақты қанша сомада қарызы бар екендігі және осы қарызды мойындағандығы туралы нақты мәліметтер анықталмаған. Талап қоюшы өз тарапынан жауапкер сауда жасап отырған орынды жапқан және сол сауда орнында қанша, қандай заттары болғандығы туралы құжат жасамаған.

АПК-нің 73-бабы 6-тармағына сәйкес қажет болған кезде сот іске қатысатын адамға дәлелдемені алу үшін сұрау салуды береді. Сот талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа дәлелдемені ұсыну үшін соттың тиісті сұрау салуы бар тұлғаның қолына береді. Талап қоюшы бірінші және апелляциялық сатыдағы сотта дәлелдемелерді сұрату туралы өтінішхат бермеген.

Кассациялық шағымында талап қоюшының өкілі апелляциялық сатыдағы сотпен дәлелді себеппен қатыса алмайтындықтан істің қаралуын басқа уақытқа қалдыруды сұраған өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылып, құқықтары бұзылғанын көрсеткен.

Сот бұл уәжді негізсіз деп табады, себебі талап қоюшының өкілі сот отырысына дәлелді себеппен қатыса алмайтын болса, талап қоюшының ондай өтінішхат бермегеніне қарағанда, алқа отырысына қатысуға мүкіндігі болған. Мұндай жағдайда сотпен талап қоюшының процестік құқықтары бұзылмаған болып саналады.

Талап қоюшының кассациялық шағымында жергілікті соттардың қорытындыларын теріске шығаратын дәлелдер келтірмеген. Шағым иесімен сот алқасының материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі

түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады. АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Алматы облысы Қарасай аудандық сотының 2025 жылғы 28 қаңтардағы шешімі және Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 сәуірдегі қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Г.Бастаубаев

Төрағалық етуші судья

Судьялар

А.Даненова

А.Тоқсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.