Қ А У Л Ы
2026 жылғы 20 мамыр №6003-26-00-2к/778 (3) Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Даненова, судьялар М.Ибрагимова, А.Токсанбаев,
талап қоюшының өкілі Б.Қылышбекұлы, жауапкердің өкілі Д.Аблайхановтың, жеке нотариус Ж.Айдосованың өкілі А.Мырзагалиеваның қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Оркен Жолтаевич Ералиннің жауапкер «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына кепіл шартын жарамсыз деп тану туралы электронды азаматтық ісі бойынша қабылданған Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 2 қазандағы шешіміне және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысына жауапкердің кассациялық шағымын қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
О.Ералин жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгініп, жеке кәсіпкер «Мөлдір» Мөлдір Нұрланқызы Жаналиева үшінші тұлға ретінде тартылған.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 2 қазандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылып, 2023 жылғы 25 қыркүйектегі «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация), О.Ералин және ЖК «Мөлдір» арасында жасалған №751-ТРКАБ-2 кепіл шарты жарамсыз деп танылған.
Сот шығынтары туралы мәселе шешілген.
Жауапкер кассациялық шағымында, соттармен іс үшін маңызы бар мәнжайлар ауқымын дұрыс анықталып, тиісті құқықтық баға бермегенін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, іс құжаттары мен шағым уәждерін тексеріп, төмендегі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 147бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.
АК-нің 157-бабы 2-тармағына сәйкес, мәміленің нысанына, мазмұнына және мәмілеге қатысушыларға, сондай-ақ олардың осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған кезде мәміле жарамсыз деп танылады.
АК-нің 158-бабы 1-тармағында көрсетілгендей, мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.
2023 жылғы 25 қыркүйекте Корпорация мен ЖК «Мөлдір» арасында №751-ТРК-АБ қарыз беру шарты жасалған (бұдан әрі - қарыз шарты).
Қарыз шартының талаптарына сәйкес, Корпорациямен қарыз алушыға 2033 жылғы 23 қыркүйекке дейін 125 бас аналық жылқы сатып алу үшін қайтарымды, сыйақыға және нысаналы мақсатта 60 000 000 теңге берілген.
Бұл шарттың аясында 2023 жылғы 25 қыркүйектегі Корпорация мен О.Ералиннің және ЖК «Мөлдір» араларында №751-ТРК-АБ-4 кепілдік және №751-ТРК-АБ-2 кепіл шарттары жасалған.
Кепіл шартына сәйкес, талап қоюшы өзіне тиесілі Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабы, №95 құрылысында орналасқан «Дүкен-наубайхана, литр А, жалпы ауданы-147 ш.м., жер телімі жеке меншік құқығымен жалпы ауданы-0, 0175 га., кадастрлық №19-309-286-095» жылжымайтын мүлікін кепілге қойған.
2024 жылғы 16 қыркүйектегі №2926 жазу мен қолтаңбалық зерттеу сараптама қорытындысына сәйкес, 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №751-ТРКАБ-2 кепіл шартындағы О.Ералиннің атынан қойылған қолтаңбаны О.Ералиннің өзі орындамаған, оларды басқа тұлға орындаған. Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандыру туралы тұжырымын талап қоюшы О.Ералиннің кепіл шартын жасауға ниеті болмағанымен, кепіл шартқа қол қоймағанымен, бұл мән-жай сараптама қорытындысымен бекітілгенін, шартқа қол қойылған кезде О.Ералин басқа жерде болғанымен негіздеген.
Апелляциялық сатыдағы сот шешіммен келіскен.
Кассациялық сатыдағы сот жергілікті соттардың талап қоюшының даулы кепіл шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюын қанағаттандыру туралы актілерін төмендегі мән-жайларға байланысты негізді деп табады.
Талап қоюшы О.Ералиннің даулы кепіл шартын жасап, қолдарын куәлендіргенде нотариустың кеңсесіне бармағаны, нотариустың көзінше қол қоймағаны туралы уәжін жеке нотариус Ж.Айдосова апелляциялық сатыдағы сотта растаған.
Сондай-ақ, кепіл шартында нотариуспен бекітілген куәлендіру жазбасында шартқа тараптар нотариустың көзінше қол қойғандары, олардың жеке бастарының анықталғаны, әрекет қабілеттіліктері тексерілгені көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі №155-I Нотариат туралы Заңының 42-44-баптарына сай нотариус нотариаттық iс-әрекет жасаған кезде нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың жеке басын анықтайды. Мәмiлелердi куәландырған кезде азаматтардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгi анықталады. Қатысушылар нотариус куәландырған мәмiлелерге, өтiнiштер мен басқа құжаттарға нотариустың қатысуымен қол қояды.
Алайда жеке нотариус Ж.Айдосова аталған Заң нормаларын өрескел түрде бұзған, нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың жеке басын, мәмiлені куәландырған кезде азаматтардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн анықтамаған, даулы кепіл шартқа тараптар нотариустың қатысуымен қол қоймаған. Апелляциялық сатыдағы сотының нотариустың әрекетіне байланысты шығарылған жеке ұйғарымы кассациялық сотының қаулысымен күшінде қалдырылған.
Бұл мән-жай талап қоюшының кепіл шартын жасауға ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылғанын білдіреді.
Сонымен қатар, жергілікті соттардың Түркістан облыстық сотының азаматтық icтep жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 маусымдағы қаулысымен №5199-25-00-2а/782 қаулысына сілтеме жасап, кепілдік шарты жасалған кезде О.Ералин тыс жерде болғаны және 2024 жылғы 16 қыркүйектегі №2926 жазу мен қолтаңбалық зерттеу сараптама қорытындысын дәлелдеме ретінде назарға алғанын кассациялық сот негізсіз деп таниды. Себебі, сараптама қорытындысының мазмұнына сәйкес салыстырмалы зерттеу үшін О.Ералиннің қолтаңбасының эксперименталды үлгілері ұсынылғаны көрсетілмеген, даулы сараптама 2023 жылы жасалған болса, сараптамада қолданылған еркін қолтаңба үлгілері әлдеқайда бұрын 2007, 2012, 2017 жылдары жасалған. Басқа қалада амбулаториялық ем қабылдағаны туралы дәрігердің анықтамасы даулы шарттағы қолтаңбаны өзі орындамағанының даусыз дәлелдемесі болып табылмайды. Кассациялық сатыдағы соттың 2025 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен жоғарыда аталған алқа қаулысы өзгертіліп, талап қоюшымен ұсынылған осы құжаттар талап қоюшының кепілдік шарт
жасауға ерік білдірмегенінің даусыз дәлелдемесі ретінде қабылдауға болмайтыны туралы құқықтық баға берілген.
Алайда соттардың бұл қате түжырымдары негізінен дұрыс қабылданған сот актілерінің заңдылығына әсер етпейді. Жауапкердің талап қоюшы даулы кепіл шартын тіркегенде баж төлегені туралы уәжіне соттармен электрондық чек арқылы төлемді О.Ералин тікелей өзі жасағанын және хабарлама талап қоюшының нақты өзіне жолданғаны туралы сотқа дәлел ұсынылмағаны туралы дұрыс баға берілген.
Көрсетілгендердің негізінде кассациялық шағымдардағы уәждер жергілікті соттардың талап қоюшы мен нотариустың көрсетулеріне байланысты қорытындыларды теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағымданушымен сот алқасының материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, сот актілер күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады. АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысы күшінде, жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья
А.Даненова
М.Ибрагимова
Судьялар
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.