6001-23-00-6ап/505
ҚАУЛЫ
2023 жылғы 15 қыркүйек Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші - судья Г.Б.Дуйсенбаев, судьялар - Б.Т.Нажмиденов, Г.К.Нурбаев болып,
талап қоюшының өкілі Қ[...] қатысуымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Ы[...] жауапкер «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) жер учаскесін сауда-саттықта сату әрекетін заңсыз деп тану, сауда-саттық нәтижесі туралы хаттаманың күшін жою және келісім-шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша қабылданған
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы ұйғарымына талап қоюшымен келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы сотқа аталған әкімшілік талап қоюмен жүгініп, онда Басқарманың жер учаскесін сауда-саттықта сату әрекетін заңсыз деп тануды, сауда-саттық нәтижесі туралы хаттамасының күшін жоюды және 2021 жылғы 12 сәуірдегі келісім-шартты жарамсыз деп тануды сұраған. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 8 қыркүйектегі шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы ұйғарымымен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 8 қыркүйектегі шешімінің күші жойылып, талап қоюшының талап қоюы кері қайтарылған.
Кассациялық шағымда талап қоюшы қабылданған сот актісімен келіспей, апелляциялық сатыдағы сотпен материалдық және процестік құқық нормалары дұрыс қолданбағаның көрсете отырып, оның күшін жоюды сұраған. Талап қоюшы өкілінің түсіндірмелерін тындап, шағым уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, сот алқасы келесі қорытындыға келеді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Соттармен анықталғандай, талап қоюшы Ы[...] өзінің талап қоюында заңсыз және жарамсыз деп тануды талап еткен мән-жайлар 2021 жылдың сәуір айында орын алған.
Талап қоюшы сотқа осы талап қоюмен 2022 жылғы 8 маусымда жүгінген. ӘРПК-нің 136-бабының бірінші бөлігіне сай дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.
ӘРПК-нің 136-бабының сегізінші бөлігіне сәйкес сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.
Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жою туралы ұйғарым қабылдай отырып, сотпен талап қою мерзімі өтіп кеткендігіне қарамастан, іс мәні бойынша негізсіз қаралған деген тұжырымға келген.
Сот алқасы талап қоюшымен осы талап қоюмен сотқа жүгінуге арналған мерзімі өткізіліп алынғандығы туралы апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымымен келіседі, өйткені талап қоюшымен мерзімді өткізіп алуға ықпал еткен өзге де дәлелді себептер сотқа ұсынылмаған.
Бұл жағдай өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруге негіз бермейді, өйткені заңда белгіленген мерзімді өткізіп алу себептерінің негізділігі жоқ.
Осыған байланысты, апелляциялық сатыдағы соттың талап қоюды қайтару туралы тұжырымы дұрыс, өйткені талап қоюшы дәлелсіз себептермен талап қою үшін заңмен белгіленген мерзімді өткізіп алған.
Сот алқасы дауланып отырған сот актінің күшін жоюға не өзгертуге дәлелді негіз жоқ деп санайды.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы Ы[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Г. Дуйсенбаев
Судьялар Б. Нажмиденов
Г. Нурбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.