Ұ Й Ғ А Р Ы М
2025 жылғы 22қазан № 6399-2500-4а/1980 іс Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың құрамында:
төрағалық етуші - судья Е.Б. Тулеев,
судьялар - Р.М. Айнакулова, Н.М. Кабдрахманова,
жеке кәсіпкер Темірлан Қайратұлы Қайратовтың Атырау облысының әкіміне, «Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2024 жылғы 5 желтоқсандағы №32 хаттамасының «Қайратов» ЖК-не қатысты мүліктік шығынын өтеуден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істің құжаттарын қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жеке кәсіпкер Т.Қ. Қайратов жоғарыда көрсетелген әімшілік талап қоюмен сотқа жүгінген.
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 16 сәуірдегі ұйғарымымен жеке кәсіпкер Т.Қ. Қайратовтың әкімшілік талап қоюы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 138-бабы екінші бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартуына байланысты қайтарылған.
Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 маусымдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 15 қазандағы қаулысымен аталған сот актілері өзгеріссіз қалдырылған, талап қоюшының өкілі Н.А. Муратовтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Кассациялық сатының қаулысының кіріспе бөлігінде төрағалық етуші судья «Е.Б. Тулеев» деп дұрыс көрсетілген, ал қарар бөлігінде «Е. Нуралиев» деп қате жазылған.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-нің 452-бабының екінші бөлігімен АПК-нің 235 бабында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселені қарауға кассациялық сатыдағы соттың құқығы көзделген.
АПК-нің 235 бабының 2 бөлігінде сот шешiмде жiберiлген қате жазуларды немесе анық арифметикалық қателердi өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын тұлғалардың арызы бойынша түзете алатыны көзделген. Осы нормаларға сәйкес кассациялық сатыдағы сот қаулысында жіберілген қате жазу түзетілуге жатады, қаулының қарар бөлігінде төрағалық етуші судья ретінде «Е. Нуралиев» дегеннің орнына «Е. Тулеев» деп көрсетілуге жатады.
ӘРПК-ның 169-бабын, АПК-нің 452-бабының екінші бөлігін, 435бабының екінші бөлігін басшылыққа ала отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот
Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І:
Темірлан Қайратұлы Қайратовтың Атырау облысының әкіміне, «Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2024 жылғы 5 желтоқсандағы №32 хаттамасының «Қайратов» ЖК-не қатысты мүліктік шығынын өтеуден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша әкімшілік іс бойынша шығарылған Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 15 қазандағы қаулысының қарар бөлігінде жіберілген қате жазу түзетілсін: төрағалық етуші судья ретінде «Е. Нуралиев» дегеннің орнына «Е. Тулеев» деп көрсетілсін.
Төрағалық етуші
Е. Тулеев
Р. Айнакулова
Судьялар
Н. Кабдрахманова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.