КСАД РК - Постановление от 29.05.2026 по делу 6003-26-00-4к/321 (Административное)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 29мамыр №6003-26-00-4к/321 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші - судья М.А. Манабаева,

судьялар - Н.Е. Нуралыева, Н.М. Кабдрахманова,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының прокуроры Ж[...], талап қоюшы Х[...] және оның өкілі Т[...],жауапкердің өкілі Ж[...] қатысуымен

ашық сот отырысында талап қоюшы Х[...] (бұдан әрі - Х[...], талап қоюшы) жауапкер «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Департамент, жауапкер) 2025 жылғы 30 мамырдағы кедендік декларацияларға қатысты кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеру жүргізудің нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану, күшін жою туралыталап қоюы бойынша,

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 28 шілдедегі шешімінежәне Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 8 қаңтардағы қаулысына жауапкердің келтірген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы Департаментке жоғарыда аталған талаптармен сотқа жүгінген, нақтыланған талабында Департаменттің даулы тексеру нәтижелері туралы хабарламасын заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған.

2025 жылғы 30 мамырда кедендік декларацияларға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеру жүргізудің нәтижелері туралы № 25KZ55600000029А8/46 санды хабарламасы қабылданып, 2 маусым 2025 жылғы №МКД-18-04/3713-И хатпен талап қоюшының өкілі Т[...] 3 маусым 2025 жылы табысталған. Аталған хабарламада талап қоюшы Х[...] №55603/150223/0000644 ТД

бойынша кедендік баж ‑ 5 428 095 теңге, өсімпұл ‑ 2 413 782 теңге, ҚҚС ‑ 651 371 теңге, өсімпұл ‑ 289 653 теңге, барлығы ‑ 8 782 903 теңге төлеу қажеттігі көрсетілген.

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 8 қантардағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 28 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Департаменттің 2025 жылғы 30 мамырдағы кедендік декларацияларға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеру жүргізудің нәтижелері туралы №25KZ55600000029А8/46 санды хабарламасызаңсыз деп танылып, күші жойылған.

Сот шығыстарын бөлу жөніндегі мәселелер шешілген.

Кассациялық шағымында жауапкер жергілікті соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын бұзуы даудың дұрыс шешілмеуіне әкеп соққанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұрайды.

Кассациялық сатыдағы сот шағымды қолдаған жауапкер өкілінің, сот актілерінің күшінде қалдыруын сұраған талап қоюшы және оның өкілің, сот актілерінің күшін жою қажет деп санаған прокурордың қорытындысын тыңдап, әкімшілік істің материалдарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы соттағы іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, беру Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігінде заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер болып табылатыны көзделген.

Төменгі сатыдағы соттар мұндай бұзушылықтарға жол берген.

Соттар анықтағандай, 2023 жылғы 17 қаңтарда талап қоюшы Х[...], бұрын қолданыста болған, VIN коды: XLRTEН4300G060714, қозғалтқышының көлемі 12902 см², 2017 жылғы, ершікті тартқыш (седельный тягач) «DAF» маркалы жүк автокөлігін (бұдан әрі ‑ даулы автокөлік) №55603/150223/0000644 ТД бойынша импорттап Польша мемлекетінен Қазақстан Республикасының аумағына кіргізген.

Тауар импорт 40 кедендік рәсімімен, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес (бұдан әрі ‑ ЕАЭО СЭҚ ТН ) 8701 21 9012 кодын (бұрын қолданылған, шығарылғаннан бастап 5 жылдан астам, бірақ 7 жылдан аспайтын ершікті тартқыш көлік құралдары тауар қоды) қолданумен мәлімделген.

Тауарға арналған декларацияны (бұдан әрі - ТД) тапсыру кезінде аталған код бойынша кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 10% құрап, ТД-ы талап қоюшының атынан кеден өкілі Б[...] тапсырған.

Нақ сол уақытта бұл көлік құралына «ТK[...]» ЖШС-мен №TCKZ A-NL.2190.04774 көлік құралы құрастырылымының қауіпсіздігі туралы куәлігі ( бұдан - КҚҚТК) берілген.

Департамент кедендік тазартуды жасау кезінде көрсетілген көлікті шығару жылы мен іс-жүзіндегі көлікті шығару жылы бойынша қарамақайшылықтарды тексеру үшін «BM[...]» ЖШС-не сұрау жолдаған.

«BM[...]» ЖШС-нің Департаментке жолдаған 2024 жылғы 6 ақпандағы №10 хатында «DAF» маркалы автокөліктің 2015 жылдың 9 аптасында шығарылғанын көрсеткен.

Тексеру нәтижелері бойынша Департамент 2024 жылғы 19 қарашада тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН 8701 21 9012 кодынан 8701 21 9011 кодына қайта сыныптау туралы шешімдер қабылдаған. Кейіннен талап қоюшыларға қатысты тауарлар шығарылғаннан кейінгі тексерулер жүргізіліп, осы тексерулердің нәтижесі бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлды қосымша есептеу туралы хабарламалар шығарылған.

Көлік құралдарының қауіпсіздік конструкциясы туралы куәліктерді берген «ТK[...]» ЖШС-ға қатысты уәкілетті орган жүргізген жоспардан тыс тексеру нәтижелері де осы шешімдерді қабылдауға негіз болған. Осы тексеру барысында көлік құралдарының шығарылған жылы іс жүзіндегі деректермен сәйкестігі расталмағаны анықталған.

Тексеру нәтижелері туралы шығарылған хабарламалармен және төленбеген кедендік төлемдер сомасы туралы хабарламалармен келіспеген талап қоюшылар оларды заңсыз деп тану және күшін жою туралы талаптармен сотқа жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот дауланып отырған хабарламалар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтіні туралы қорытындыға келген, өйткені жауапкердің тауарларды дұрыс сыныптамау және кедендік төлемдерді қосымша есептеу жөніндегі тұжырымдары «BM[...]» ЖШС-ның хаттарына негізделген, ал бұл хаттар көлік құралдарының нақты шығарылған жылын растайтын жеткілікті әрі анық дәлелдемелер емес. Бұл ретте, талап қоюшы ұсынған техникалық және тауарға ілеспе құжаттар, сондай-ақ көлік

құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік ресми құжаттар болып табылады және осы құжаттар белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылмаған. Сондай-ақ, сот жауапкердің істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін жеткілікті шаралар қолданбаған, атап айтқанда көлік құралдарын өндірушіге және құзыретті органдарға сұраныстар жібермеген, сондай-ақ «Bosfor Motors» ЖШС-нің автокөліктердің шығарылған жылын анықтауға қатысты құзыреті расталмаған деп есептейді.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келіскен.

Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым уәждерінің шегінде бірінші және апелляциялық сатыдағы сот актілерінің заңдылығын тексеріп, материалдық құқық нормаларының елеулі түрде бұзылғанын, осы бұзушылықтар істің нәтижесіне әсер еткенін, сондай-ақ дауды дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың толық анықталмағанын ескере отырып, сот актілерінің күшін жою қажет деген қорытындыға келді. АПК-нің 224-бабының 1-тармағына сәйкес сот шешімі заңды және негізді болуға тиіс.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюды қанағаттандырған кезде жауапкер көлік құралдарының нақты шығарылған жылын дәлелдемегенін негізге алып, «BM[...]» ЖШС-нің хаттарын тауарларды қайта сыныптау және кедендік төлемдерді қосымша есептеу үшін дәлелдеме ретінде жеткіліксіз деп таныған.

Дегенмен, аталған тұжырымдар жауапкер ұсынған дәлелдемелердің жиынтығын тиісті түрде бағаламай жасалған, бұл АПК-нің 72, 73 және 76баптарында көзделген дәлелдемелердің қатыстылығы, жол берілетіндігі және оларды бағалау қағидаларына сәйкес келмейді.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12 және 13-баптарына сәйкес кеден органдары тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асырады және кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жеке және заңды тұлғалардан сұратуға құқылы.

Іс материалдары бойынша «BM[...]» ЖШС Қ[...] Республикасының аумағында «DAF Truck N.V.» өндірушісінің ресми дилері болып табылады және автокөліктердің VIN-кодтары бойынша өндірушінің бірыңғай ақпараттық базасы негізінде көлік құралдарының шығарылған жылы туралы мәліметті берген.

Бұл ретте, АПК-нің 76-бабына сәйкес сот жалпыға бірдей белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді. Көлік құралының шығарылған жылын VIN-код бойынша айқындау ISO 3779 стандартына сәйкес көлік

құралдарын сәйкестендірудің халықаралық деңгейде жалпы қабылданған тәсілі болып табылады. «BM[...]» ЖШС ұсынған мәліметтер даулы көлік құралдарын Беларусь Республикасының кеден бекеті арқылы өткізу кезінде ресімделген транзиттік декларациялардағы деректермен үйлеседі, мұнда автокөліктердің шығарылған жылы өндірушінің деректеріне сәйкес көрсетілген. Алайда Қазақстан Республикасының аумағында кейіннен кедендік рәсімдеу кезінде талап қоюшылар көлік құралдарының шығарылған жылы туралы өзге мәліметтерді ұсынған, бұл ЕАЭО СЭҚ ТН-нің басқа коды қолданылуына және төленуге жататын кедендік төлемдер мөлшерінің азаюына әкеп соққан.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 40-бабына сәйкес декларант тауарлар туралы анық емес мәліметтерді мәлімдегені үшін жауапты болады. ЕАЭО СЭҚ ТН ережелеріне сәйкес даулы көлік құралдарын сыныптау оларды шығарған күннен бастап өткен мерзімге байланысты, бұл өз кезегінде төленуге жататын кедендік төлемдердің мөлшеріне тікелей әсер етеді.

Сонымен бірге, соттар кедендік декларациялау кезінде анық емес құжаттарды ұсыну фактісі талап қоюшы Қазақстан Республикасының Кодексінің 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» (бұдан әрі - ӘҚБтК) 550-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген қаулыларымен анықталғанын ескермеген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында талап қоюшылар ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде жарамсыз құжаттарды ұсынғанын мойындаған.

АПК-нiң 76-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша соттың заңды күшiне енген қаулысымен анықталған мән-жайлар сот үшiн мiндеттi және сол адамдар қатысатын басқа iстi қарау кезiнде қайтадан дәлелденбейдi. Алайда бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар көрсетілген мән-жайларға құқықтық баға бермеген.

Сонымен қатар «ТK[...]» ЖШС-ға қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде уәкілетті орган техникалық реттеу заңнамасының бұзылғанын анықтаған. Атап айтқанда, көлік құралдарына көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті беру кезінде олардың шығарылған жылы арыз берушілер ұсынған мәліметтерге ғана сүйеніп көрсетілген және бұл деректер өндірушінің мәліметтеріне сәйкестігі расталмаған. Тексеру қорытындысы бойынша «ТK[...]» ЖШС Қ[...] Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 4151-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Осы мән-жайлар іс материалдарымен бекітіледі.

Мұндай жағдайларда соттардың техникалық құжаттар мен көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік осы көлік құралдарының шығарылған жылы туралы мәліметтердің дұрыстығын сөзсіз растайды деген тұжырымы негізсіз болып табылады. Аталған құжаттардың жарамсыз деп танылмауы олардың тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау шеңберінде мәліметтердің анық еместігін айқындау мүмкіндігін теріске шығармайды.

Кассациялық сатыдағы соттың пікірінше, кассациялық шағымның талап қоюшының әрекеттерінің адал еместігін куәландыратын мән-жайлардың болуы туралы уәждері негізді.

Беларусь Республикасының және Қазақстан Республикасының аумағында ресімдеген кезде сол бір көлік құралының шығарылған жылы туралы қарама-қайшы мәліметтер көрсетілген әртүрлі құжаттар ұсынылғаны іс материалдарымен бекітіледі. Сонымен қоса, талап қоюшылар көлік құралдарының бастапқыда мәлімделген кедендік құнын түзетумен келіскен және көліктердің құнын орташа нарықтық деңгейге дейін түзеткеннен кейін кедендік төлемдерді қосымша төлеген.

ӘРПК-нің 10-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушылар адал ниетпен әрекет етуге міндетті. Дегенмен, анықталған мәнжайлардың жиынтығы талап қоюшылардың кедендік төлемдердің мөлшерін азайту мақсатында қасақана анық емес мәліметтер бергенін көрсетеді.

Соттардың тікелей көлік құралдарын өндірушіге сұрау салу қажеттілігі туралы уәждері кеден заңнамасының нормаларын қате түсінуге негізделген, өйткені қолданыстағы заңнамада кеден органының мәліметтерді тек тауарды өндірушіден ғана алуға міндетті екендігі көзделмеген.

Мұндай жағдайларда кассациялық сатыдағы сот дауланып отырған хабарламаларды жауапкер өзіне берілген өкілеттіктер шегінде, жеткілікті дәлелдемелер негізінде және кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қабылдаған деген қорытындыға келеді.

Осыған ұқсас іс бойынша кассациялық соттың құқықтық ұстанымы сол кеден органына қатысты бұрын, 2026 жылғы 5 мамырдағы №6003-26-004к/329 қаулысында баяндалған.

ӘРПК-нің 5-быбына сәйкес әкімшілік рәсімдердің міндеттерінің бірі - біріңғай әкімшілік тәжірибені қалыптастыру болып табылады.

Осыған байланысты, төмен тұрған соттардың сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау нәтижесінде қалыптасқан кассациялық соттың құқықтық ұстанымы сол құқық нормаларын қолдануды талап ететін дауларды шешу кезінде құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыратын мәңгі ие.

Іс бойынша нақты мән-жайлар анықталғанын, бірақ оларға дұрыс құқықтық баға берілмегенін ескере отырып, кассациялық сатыдағы сот істі жаңадан қарауға жібермей-ақ жаңа шешім қабылдаған жөн деп есептейді. Баяндалған мән-жайлардың негізінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілерінің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылуы тиіс. ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Осы іс бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 28 шілдедегі шешімінің және Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 8 қантардағы қаулысының күші жойылсын.

Х[...] жауапкер «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2025 жылғы 30 мамырдағы кедендік декларацияларға қатысты кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеру жүргізудің нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану, күшін жою жөніндегі талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылсын.

Жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

М.А. Манабаева

Төрағалық етуші

Судьялар

Н.А. Нуралыева

Н.М. Кабдрахманова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.