Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 19.05.2026 по делу 6003-26-00-2к/983 (Гражданское)

№6003-26-00-2к/983

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 19 мамыр Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші судья Г.С.Джаппарова, судьялар Н.Б.Ормаханов, А.К.Есдаулетов,

талап қоюшы У.С. Жагипаровтың,

жауапкер өкілі Н.Ж. Елтаеваның қатысуларымен,

ашық сот отырысында бейне-байланыс құрылғысы арқылы талап қоюшы Уали Сманович Жагипаровтың жауапкер «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою, бұрынғы лауазымына қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақы, моральдық зиян өндіру туралы талап қоюы бойынша Ұлытау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 21 қарашадағы қаулысына жауапкердің кассациялық шағымымен түскен азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

У.С. Жагипаров сотқа талап қоюмен жүгініп, онда жауапкер «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арадағы 2007 жылғы 23 қазандағы №310 еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалғанын, өзінің келісімімен екінші санатты нормалау экономисті лауазымына уақытша ауыстырылғанын, алайда негізгі еңбек шартына өзгерістер енгізілмегенін, кәсіподақ комитетінің төрағасы болуына қарамастан еңбек шартын бұзу кезінде заңда көзделген тәртіп сақталмағанын көрсетіп, 2023 жылғы 13 қазандағы №776-к бұйрықты заңсыз деп тануды және күшін жоюды, бұрынғы лауазымына қайта орналастыруды, амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақы, моральдық зиянды өндіруді сұраған.

Ұлытау облысы Жезқазған қалалық сотының 2024 жылғы 11 қыркүйектегі шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Сот 2023 жылғы 13 қазандағы №776-к бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жойған, талап қоюшыны материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы лауазымына қайта орналастырған, оның пайдасына амалсыз бос жүрген уақыты үшін 2 273 700 теңге жалақы өндірген. Үш айлық жалақы мөлшеріндегі 1 136 877 теңгені өндіру бөлігінде шешім дереу орындалуға жіберілген.

Аталған шешімге тараптар апелляциялық шағымдар берген.

Ұлытау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 16 қазандағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот шешімінің толық мәтіні дайын болмауына байланысты сот шешімінің күші жойылып, іс апелляциялық сатыда бірінші саты сотының қағидалары бойынша қайта қаралған.

Ұлытау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 21 қарашадағы қаулысымен талап қою ішінара қанағаттандырылған. Жауапкердің 2023 жылғы 13 қазандағы №776-к бұйрығы

заңсыз деп танылып, күші жойылған. Жауапкерден талап қоюшының пайдасына алты ай көлеміндегі амалсыз бос жүрген уақыты үшін 1 191 037 теңге жалақы, 200 000 теңге моральдық зиян, 450 000 теңге өкіл көмегіне ақы төлеу шығыстары, 20 000 теңге пошталық шығыстар, 1 966 теңге мемлекеттік баж өндірілген. Талап қоюдың бұрынғы лауазымына қайта орналастыру туралы бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.

Апелляциялық сот талап қоюшының басқа жұмысқа уақытша ауыстырылғанымен, еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізілмегенін, сондықтан оның негізгі жұмыс орны сақталуға тиіс болғанын, ал еңбек шартын тоқтату кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде (бұдан әрі – ЕК) көзделген рәсімдердің сақталмағанын негізге алған.

Жауапкер кассациялық шағымда талап қоюшының сотқа жүгіну мерзімін өткізіп алғанын, себебі 2020 жылғы 23 шілдеде материалдықтехникалық жабдықтау бөлімінің бастығы лауазымының қысқартылғанын білгенін, алайда белгіленген мерзімде сотқа жүгінбегенін, сонымен қатар, қысқартылған және талап қоюшы иеленбеген лауазымға қайта орналастыру мүмкін емес екенін, апелляциялық соттың еңбек заңнамасының нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсетіп, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын заңсыз деп санап, оның күшін жоюды және талап қоюдан толық бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Кассациялық сот іс құжаттарын зерттеп, тараптардың түсініктерін тыңдап, төмендегідей қорытындыға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес материалдық немесе процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сот актілерінің күшін жоюға негіз болып табылады.

Іс бойынша мұндай бұзушылықтарға жол берілмеген.

Іс құжаттарынан анықталғандай, У.С.Жагипаров 2007 жылғы 23 қазандағы №310 еңбек шарты негізінде жауапкер ұйымына материалдықтехникалық жабдықтау бөлімінің бастығы лауазымына қабылданған.

Еңбек шартының 10.1-тармағына сәйкес шарт белгіленбеген мерзімге жасалған.

2019 жылғы 10 желтоқсандағы №711-к бұйрықпен талап қоюшы уақытша болмаған жұмыскердің орнына екінші санатты нормалау экономисті лауазымына ауыстырылған.

Алайда, апелляциялық сатыдағы сот дұрыс анықтағандай, тараптар арасында жасалған негізгі еңбек шартына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеген, сондай-ақ жаңа еңбек шарты жасалмаған.

ЕК-нің 38-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жұмыскердің еңбек функциясының өзгеруі басқа жұмысқа ауыстыру болып табылады.

Осы баптың 2-тармағына сай, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіле отырып ресімделуге тиіс.

Сондай-ақ ЕК-нің 41-бабына сәйкес өндірістік қажеттілік болған жағдайда жұмыскерді уақытша басқа жұмысқа ауыстыруға жол беріледі және мұндай кезде жұмыскердің негізгі жұмыс орны сақталады.

Апелляциялық сот талап қоюшының басқа жұмысқа уақытша ауыстырылғанын, ал оның тұрақты еңбек қатынастары тоқтатылмағанын дұрыс анықтаған.

Жауапкердің талап қоюшыны ЕК-нің 49-бабы 2) тармақшасы бойынша еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатуы заң талаптарына қайшы келеді, себебі талап қоюшымен белгіленбеген мерзімге еңбек шарты жасалған.

Сонымен қатар, іс құжаттарынан материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің 2020 жылы таратылғаны анықталғанымен, жауапкер тарапынан ЕКнің 52-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген рәсімдердің сақталғаны дәлелденбеген. Атап айтқанда, жұмыскерге еңбек шартын бұзу туралы кемінде бір ай бұрын жазбаша хабарлама берілмеген, бос орындар ұсынылмаған, жұмыскерлер санын қысқарту рәсімдері толық сақталмаған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы №9 «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 13-тармағына сәйкес соттар жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты еңбек шарты бұзылған кезде қысқартудың нақты жүргізілгенін және жұмыстан босату тәртібінің сақталғанын тексеруге міндетті.

Апелляциялық сот осы түсіндірмелерді дұрыс қолданған.

Жауапкердің талап қоюшы сотқа жүгіну мерзімін өткізіп алғаны туралы уәждері де негізсіз.

ЕК-нің 160-бабының 2-тармағына сәйкес жеке еңбек даулары бойынша сотқа жүгіну мерзімі жұмыскер өз құқығының бұзылғанын білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап есептеледі.

Іс құжаттарынан талап қоюшының бұрын осы еңбек дауы бойынша сотқа жүгінгені, алайда алғашқы талап қоюда жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану талабы қойылмағандықтан, соттардың талап қоюдан бас тартқаны анықталған.

Кейін талап қоюшы еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықты даулап сотқа қайта жүгінген.

Апелляциялық сот дұрыс көрсеткендей, талап қоюшының құқықтарын сот арқылы қорғауға ұмтылғаны және соттарға уақтылы жүгінгені іс құжаттарымен расталады.

Сондықтан талап қою мерзімін өткізіп алу орын алмағаны туралы апелляциялық соттың тұжырымы заңды болып табылады.

Жауапкердің қысқартылған лауазымға қайта орналастыру мүмкін еместігі туралы уәжіне қатысты апелляциялық сот талап қоюшының қазіргі

уақытта өз еркімен жұмыстан шыққанын және бұрынғы лауазымына қайта орналастыруға құқықтық негіздердің жоқ екенін ескеріп, бұл талапты қанағаттандырудан бас тартқан. Осылайша, жауапкердің аталған уәждері апелляциялық сот қаулысының күшін жоюға негіз бола алмайды.

ЕК-нің 161-бабының 1-тармағына сәйкес бұрынғы жұмысына қайта алынған жұмыскерге амалсыз бос жүрген бүкіл уақыты үшін, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге жалақы төленеді.

Апелляциялық сот талап қоюшының соңғы атқарған лауазымы бойынша орташа жалақыны есептеп, бұрын төленген сомаларды шегере отырып, өндірілетін жалақы мөлшерін анықтаған.

Бұл есептеулер іс құжаттарына және еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 951-бабына сәйкес азаматтың жеке мүліктік емес құқықтары бұзылған жағдайда моральдық зиян өтелуге жатады.

Апелляциялық сот талап қоюшының еңбек ету құқығы заңсыз шектелгенін ескеріп, әділеттілік пен ақылға қонымдылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, моральдық зиянды 200 000 теңге мөлшерінде өндірген.

Бұл тұжырымы заң талаптарына сәйкес келеді.

АПК-нің 72-бабына сәйкес әр тарап өз талаптары мен қарсылықтарының негіздерін дәлелдеуге міндетті.

Жауапкер кассациялық шағымда келтірген уәждерімен апелляциялық соттың тұжырымдарын теріске шығаратын жаңа мән-жайлар мен дәлелдемелер ұсынбаған.

Апелляциялық сот дәлелдемелерді АПК-нің 68, 76-баптарының талаптарына сәйкес жан-жақты және толық бағалаған. Сондықтан дауланып отырған сот қаулысын өзгертуге немесе күшін жоюға негіздер жоқ.

АПК-нің 109-бабына сәйкес жауапкерден мемлекет пайдасына (13545+923=114468-8784) 5684 теңге баж өндірілуге жатады. АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Ұлытау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 21 қарашадағы қаулысы күшінде, жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Жауапкер «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен мемлекет пайдасына 5684 (бес мың алты жүз сексен төрт) теңге баж өндірілсін.

Төрағалық етуші Судьялар

Г. Джаппарова А. Есдаулетов

Н. Ормаханов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.